Философияның таңдаулы



Pdf көрінісі
Дата19.10.2023
өлшемі198,52 Kb.
#119597
Байланысты:
filosofiyany-tadauly-25-ktaby 20 lecture



20-дәріс
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАҢДАУЛЫ 
25 КІТАБЫ
4-тарау. Қазіргі философия
Анри Бергсон (1859–1941)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның таңдаулы 25 кітабы
3. Неміс философиясы
20. Анри Бергсон (1859–1941)
2
Шығармашылық эволюциясы (1907)
Анри Бергсонның бүкіл ғұмыры Парижбен біте қайнасты. Ол француздың ірі университетін-
де академиялық мансаптың барлық сатысынан өтті. Лицей оқушысы болған кезде жалпы 
сайыстың бірінші жүлдесіне ие болды.
Академиялық мансап жолына зер салсақ, 1878 жылы педагогикалық институтта, 1881 
жылы философия бойынша агреже, 1889 жылы филология ғылымдарының докторы атағын 
алып, Анжер, Клермон-Ферран лицейінде, содан кейін Париж Педагогикалық институтында 
дәріс оқып, соңында Коллеж де Франста сабақ береді. 1927 жылы әдебиет саласы бойынша 
Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Осы қатаң академиялық бітімнің астарында оқиғаға 
толы қызу өмір жатты. Ол философиялық ойға төңкеріс жасаған ойшыл-новатор еді. Оған өзін 
бітіспес жау санаған Жюльен Бенд тарапынан көп шабуыл жасалды. Философ халықаралық 
өмірге белсенді қатысушы және патриот болды. 1914–1918 жылдардағы соғыс кезінде Бергсон 
ойланбастан Францияға қызмет етуге бар абырой-беделін салды. 1917 жылы Құрама Штаттар 
оны соғысқа қатысуға шақырады. Ол сондай-ақ Ұлттар Лигасының жұмысына атсалысты. 
Оның ойының даму эволюциясы іргелі төрт томдық еңбегінде көрініс тапты: «Сананың 
тікелей мәліметтері», «Материя және Жады», ал «Шығармашылық эволюциясы» оның шынайы 
мәртебесін асқақтатты. Өмірінің соңында жазған еңбегі – «Мораль мен діннің екі бастауы».
Бергсон «Шығармашылық эволюциясы» атты еңбегінде философияның барлық негізгі 
тақырыптарын постулат етіп алады. Дәл осы себептен біз осы еңбекті талдауды жөн көрдік.
Түйін
Зерттеудің жалпы тұжырымдамасын түсіндіретін бұл кітап кіріспеден және төрт бөлімнен 
тұрады. Төменде біз «Шығармашылық эволюциясының» жоспарға сәйкес мазмұнын барынша 
қысқа да нұсқа беруге тырысамыз.
Кіріспе
Ұзақтық туралы ой – эволюция идеясына әкеледі. Пайымдау туралы ой – өмір идеясына 
жетелейді. Декарттың «мен ойлаймын, демек, өмір сүремін» деген тұжырымын бұзып, Бергсон 
ақыл-ойды өмірдің өнімі деп қарастырады. Механицизм мен ақтық мәрені қарсы қоя отырып, 
ол тек сыртқы жасалып біткен дүние ғана дұрыс, радикалды механицизм мен ақтық мәрені 
адасу деп көрсетеді:
«Таным сынына ілікпейтін өмір теориясы оның қарамағына пайым салып беретін 
тұжырымдамаларды қалай бар сол күйінде өзгеріссіз қабылдауға мәжбүр: ол ақтық деп 
танитын фактілерді ерікті түрде немесе күшпен берілген шеңберге тоғыта алады. Сонымен, 
өмір теориясы позитивті ғылым үшін қолайлы немесе тіпті қажетті символизмге қол жеткізеді, 
бірақ өзінің нысанын тікелей ешқашан көре алмайды. Екінші жағынан, ақылды өмірдің 
жалпы эволюциясына кірістірмейтін таным теориясы бізді не таным шеңберінің қалай пайда 
болғанына, не оларды біз қалай кеңейте аламыз немесе олардың шеңберінен қалай шыға 
аламыз дегенге үйретпейді».
Осы екі тапсырма бірін-бірі толықтырады. Айналмалы процеспен олар бір-біріне үздіксіз 
демеу болып отыруы мүмкін.
I. Өмір эволюциясы, механицизм және ақтық мәре туралы
Бергсон «біздің ұғымымызға сай келетін механицизм және ақтық мәрені екі дайын пішімнің 
эволюциялық прогресімен» өлшейді. Ол бұлардың ешқайсысының да өлшемге шақ келмейтінін 
көрсетеді, бірақ «екеуінің біреуін қайта пішіп, қайта тігуге болады және осы жаңа қалпында 


3
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның таңдаулы 25 кітабы
3. Неміс философиясы
20. Анри Бергсон (1859–1941)
ол басқасына қарағанда шақ келуі мүмкін». Алдымен, Бергсон жалпы ұзақтық туралы ой 
толғайды:
«Ұзақтық – өзіне болашақты сіңіретін және алға басқан сайын ұлғая түсетін өткеннің үз-
діксіз дамуы. Бірақ өткен үздіксіз дамитын болса, онда ол шексіз күйінде сақталады». 
Содан кейін: «Бұрынғы өзімен- өзі автоматты түрде сақталады. Кез келген қазіргі сәт 
түгелімен біздің соңымыздан еріп отырады: біздің сәби кезімізден бері сезінгендеріміздің, 
ойлағандарымыздың, қалауларымыздың бәрі онымен қосылып, қазіргіге кірігеді, бәрі де оны 
сырғытып тастауға ұмтылатын сананың есігіне сығылыса жармасып, оған қысым жасайды». 
Мінез-құлық – біздің дүниеге келгеннен бастап, кешкен өміріміздің жиынтығы. Біз бар 
болғаны өткеніміздің аз ғана бөлігін ойлаймыз, өткенімізбен қарекет етеміз, сонымен тілейміз, 
қалаймыз.
Сана үздіксіз дамиды, өйткені оның бұрынғысы үнемі өзгеріп отырады. Тосын жағдайлар-
мен қоса, болған дүниелердің бәрін біріктіріп отыру керек. Біз дегеніміз – сол біздің жасап отыр-
ған дүниелеріміз. Біз қашанда өзімізді-өзіміз жаратудамыз. «Тіршілік ету – өзгеріспен, өзгеріс 
– толысумен, пісіп-жетілумен, ал толысу – өзіңді-өзің шексіз жаратумен тұжырымдалады». 
Бергсон ұйымдаспаған бытыраңқы денелерді зерттейді. Ол бұл жерде ұзақтықты ашады: 
«Ғалам жалғасады. Біз уақыт табиғатына неғұрлым тереңірек бойлаған сайын, ұзақтық 
дегеніміз – формаларды жасау, ойлап табу, абсолютті жаңаны толассыз жасақтау екенін аны-
ғырақ түсінетін боламыз. Ғылым шеңберіндегі жүйелер қалған ғаламмен тығыз байланысып 
жатқандықтан ғана жалғасын табады. Олар да дамиды». 
Содан кейін Бергсон, ең алдымен, даралығымен сипатталатын ұйымдасқан денелерді 
қарастырады. Даралық деңгейлер шексіздігімен бағамдалады. Еш жерде, тіпті адамның 
өзінде ол толығымен жүзеге аспайды. Бұл – өмірдің сипаттамасы. Өмірдің түбіне ешқашан да 
жете алмайсың, ол әрқашан жүзеге асырылу жолында болады. Тіпті егер ұдайы өндіріс оған 
жаңа даралықты беру үшін индивидуум бөлігін жою жолымен жүретін болса да, ол табиғаттан 
жабық жүйелерді ұйымдастыруға ұмтылады. Бірақ тірі жаратылыс та сол сияқты қартаюмен 
сипатталады.
Егер тірі жан иелерінің сатысымен төмен түсетін болсам, егер мен ең көбірек сараланғаны-
нан – ең аз сараланғанына, адамның көп клеткалы ағзасынан – бір клеткалы ағзасына өтетін 
болсам, мен осы қарапайым клеткада сол қартаю процесіне тап болар едім.
Қай жерде болсын, бір нәрсе өмір сүреді, уақытты тіркеп қоятын регистр болады. Тұлға 
деңгейінде қартаю күйзеліске түсіреді, жоғалтуға сонымен бір мезетте жинақтауға да алып 
келеді. Бергсон трансформизм сауалдарын және оны талқылаудың тәсілдерін зерделейді. Ол 
кеңістіктің белгілі бір сәтінде, белгілі бір нүктесінде айтулы тасқын дүниеге келді деген ойды 
құптайды:
«Ол ұйымдастырған өмірдің бұл тасқыны ұрпақтан ұрпаққа өтіп, дербес ағзалар арасында 
бөлініп және тұлғалар арасында тарап, өзінің күш -қуатынан ештеме де жоғалтпай, қайта күшіне 
мініп, мүмкіндігінше алға жылжиды». 
Ол радикалды механицизмді: биология және физика-химияны зерттейді. Осы тасқынның 
ережелерін талдай отырып, құрылымға тиімді орын беруге бейім деп көрсетеді және уақытты 
толығымен бағаламайды. Бұл теория бойынша, «уақыт тиімділіктен айырылған, ол бір нәрсе 
жасауды тоқтатқанда, ештеңе емес болып қалады». Бірақ радикалды ақтық мәреде биология 
мен философия едәуір талас-тартысқа түседі. 
Лейбницте эволюция алдын-ала белгіленген бағдарламаны атқарады. Бергсон үшін ақтық 
мәренің бұл түрі, бар болғаны, «керісінше механизм» болып шықпақ. Бәрі де беріліп қойған. 
Дегенмен өмірде күтпеген нәрселер де бар. «Сонымен, механицизм мен ақтық мәре мұнда 
біздің мінез -құлқымызға тек сырттан келген көзқарастарда ғана болады. Олар одан тек рухани 
зияткерлікті ғана алады. Бірақ біздің мінез- құлқымыз олардың арасында көрініс тауып қалып 
отырады, әрі әлдеқайда тамырын тереңге жаяды». Бергсон баға өлшемдерін іздестіреді. 
Нақты мысал келтіре отырып, түрлі трансформистік теорияларды қарастырады. Дарвиннің 
«қарапайым вариациясын», Де Фриздің «өткір вариациясын», Эймердің «ортогенезі» мен 
неоламаркистердің «тұқымқуалаушылығын» талдайды. Ізденістің нәтижесі мынадай: эволюция 
алғашқы қарқынға ажырап, екіге бөліну арқылы іске асырылатын өмірлік қарқынға негізделеді. 
Өмірді көптеген шешімдер арқылы көруге болады десек те, олар қойылған мәселенің жауабы 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның таңдаулы 25 кітабы
3. Неміс философиясы
20. Анри Бергсон (1859–1941)
4
болатыны анық: тірі жан өзінің қарым-қабілетін әрекеттен әрекетке жұмылдыру үшін көре білуі 
тиіс:
«Біздің таңғалуымыздың негізінде әрдайым ой жатады, осы тәртіптің бір бөлігі ғана жүзеге 
асуы мүмкін, оның толыққанды жүзеге асуы өзінше бір құт- береке болмақ». «Өмір дегеніміз – 
өңделмеген шикі материяға ықпал етуге ұмтылыс». 
Бұл ықпал етудің мәні, әрине, алдын ала болжанбаған: «мәселен, өмір дами отырып, өз 
жолына сеуіп кететін әр алуан тосын түрлердің пайда болуы осыдан. Бірақ бұл ықпал ету 
әрқашан да кездейсоқ сипатқа ие...».
II. Өмір эволюциясының таралу бағыттары, сезімсіздік, ақыл-ой, түйсік
Эволюция бағыттарының жан-жаққа тарап кетуін бір ғана бейімделумен түсіндіру мүмкін 
емес:
«Шындығы сол, бейімделу (адаптация) эволюциялық қозғалыстың бұралаңдығының дәлелі, 
бірақ қозғалыстың жалпы бағытын емес, белгілі дәрежеде қозғалыстың өзін түсіндіреді».
Мұның қандай да бір бұрыннан келе жатқан жоспардың даму идеясына қатысы бар: 
«Жоспар – өзінше бір шек тәрізді, ол өзінің қалпын анықтайтын болашақты тұйықтайды. Өмір 
эволюциясының алдында, керісінше, болашақ есігі айқара ашық күйінде қалады».
Өмірдің неліктен жануарлар және өсімдіктер деп бөлінетінін тек өмірлік қарқын мен 
энергия ғана түсінуге мүмкіндік береді. Табиғаты жағынан олардың айырмашылығы жоқ. 
«Айырмашылығы пропорциясында. Бірақ бұл пропорциялық айырмашылықтар ол топтарды, 
олардың қайда кездесетінін анықтау үшін жеткілікті... Бір сөзбен айтқанда, топ нақты анықталған 
қасиеттерімен емес, оларды күшейту үрдістерімен айқындалады». Мысалы, жануардың жүйке 
жүйесі мен өсімдік фотосинтезі энергияның ұдайы шығарылуы мен қордаланған бір мәселенің 
төңірегіндегі екі түрлі жауабы деп айтуға болады. Бергсон жануарлар өмірінің нобай-бағдарын 
анықтауға тырысады. Бұл оның теориясына сәйкес: ас қорыту, тыныс алу, қан айналымы
секреция және т.б. үшін құрылғыға орнатылған сенсорлы моторлы жүйелерден тұратын жоғары 
организм, оның атқаратын рөлі – оған қызмет көрсету, әлеуетті қуат жеткізу, ауыстыру әрекеті 
арқылы оны қайта түлету:
«Жүйке қызметі өзі тұңғиығында жатқан протоплазмалық массадан сілкініп шыға келгенде, 
өзіне тірек болатын барлық ықтимал қызмет түрлерін тартуы қажет екені сөзсіз; ал олар 
қызметтің басқа түрлерінде дамуы да мүмкін еді, енді бұлар өз кезегінде оның басқа түрлерін 
жақын тартады, осылай шексіз жалғаса береді». Бұл ас қорыту, тыныс алу, қан айналымы, 
секреция және т.б үшін құрылғы еді. Өмір құрылымы дегеніміз – қабылдайтын жалпы өмір 
мен нақты формалар арасындағы, белгіленген түрде берілген өмірдің жасампаз қарқыны 
мен материалдық инерциясы арасындағы диалектика. Өсімдік сезімсіздігі және түйсік пен 
ақыл-ой эволюцияда іргелес тұрады. Олар рет-ретімен тізіліп қойылмайды. Кері қайтарымы 
бар. Аристотель заманынан бастап табиғат философтарының қателігі: олар «сол бір процестің 
ішінде өсімдік, түйсіктік және саналы өмір ретімен бірізді дамитын үш деңгейді көрді, шын 
мәнінде, бұл өздерінің өсу шегімен бөлектенетін, басы қосылмайтын үш қызмет бағыты еді». 
Өзінің таңғаларлық бейімделу қабілетімен ақыл-ой жаңа мәселелерді шеше алады, ал қас-
қағым сәттік әрі сенімді түйсік оны шешуге қабілетсіз:
«Кемелденген түйсік – ұйымдасқан құралдарды пайдалану, тіпті жасау қабілеті; кемелденген 
ақыл- ой – ұйымдаспаған құралдарды өндіру және пайдалану қабілеті».
Жанды жаратылыстың санасы шапшаң іс -қимылдан алыстау қабілетімен байланысты:
«Ол түсінік пен іс-қимыл арасындағы алшақтықты өлшейді».
Өмір философиясы осылай таным теориясына айналады. Ақыл-ой өзінің табиғатынан 
өмірді түсінуге дәрменсіз. Түйсік дегеніміз – симпатия: «Егер түйсік пен ақыл- ойдағы туабітті 
біліммен сіңген дүниелерді қарастырсақ, онда осы туабітті білімнің бірінші жағдайда заттарға, 
ал екіншісінде – байланыстарға қатысты екенін көруге болады».
Содан соң Бергсон ақыл-ойды анықтауға талпынады. Оның теориясына сәйкес ақыл-ойдың 
негізгі нысаны – жүйеленбеген қатты дене. Ақыл-ойдың жұмысы – үзік-үзік сипатқа ие. Ол кез 
келген заң бойынша жіліктей алады, содан кейін қайтадан кез келген жүйе түрінде біріктіре 
алады.


5
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның таңдаулы 25 кітабы
3. Неміс философиясы
20. Анри Бергсон (1859–1941)
«Түйсік заңы – қозғалмайтын белгі, ақыл-ой белгісі – ұтқыр белгілер», – дейді А. Бергсон.
Түйсікпен байланысқан нәрсе инертті материяға жетелейді. Интуиция – түйсіктің ақыл-ойда 
болатын қабаты.
«Бізді өмірдің терең тұңғиығына жетелейтін дәл сол интуиция, демек, түйсік оған ықылас-
сыз бола тұра өзін -өзі түйсіне алатын, өзінің мәні туралы толғануға және оны шексіз кеңей-
туге қабілетті».
III. Өмірдің мәні, табиғат тәртібі және ақыл-ой формасы туралы
Бергсон өмірлік мәселелер мен таным мәселелері арасында байланыс орнатуға ұмты-
лады. Ол өзіне философиялық әдіс туралы сұрақ қояды. Ғылымның мүмкіндіктері заттарда 
белгілі тәртіптің бар екенін көрсетеді. Бұл тәртіпті зерденің априори категорияларына ауысу 
арқылы түсіндіруге болады. Бірақ бұл жағдайда, «біз генезисті мүлде сипаттамаймыз». 
Бергсон бұл тәсілден бас тартады. Ол материяға тән геометриялық тәртіп пен өмірлік тәртіпті 
ажыратады. Нақты жанды жаратылыстың автоматты механизм режиміне қалай ауыса 
алатынын көрсетеді. Өйткені бұл – «сол әрекеттің бір мезетте ақылдың интеллектуалдығын 
да, заттардың материалдығын да жасай алатын дәл сондай қайта түрленуі». Интуиция 
түйсік танымы мен ақыл-ойдың арасында байланыс орнатуға қайтадан мүмкіндік береді: 
«Интуицияның арқасында тым болмағанда өзінің кейбір бөліктеріне жан бітпейтін тұрақты 
жүйе жоқ». Диалектика интуицияны сынаққа салуға және оны басқа адамдарға таратуға 
жағдай жасайды. Бірақ бір мезетте интуициялық талпыныс пен ойлауды рәсімдеу талпынысы 
әртүрлі бағыттарда бір-біріне қарама-қарсы қойылады: «Біздің бір ойды бір оймен жалғауға 
күш салуымыз, ойда жиналып қалған интуицияны жоғалуға мәжбүр етеді. Философ интуиция 
түрткі бергеннен кейін одан бас тартып, тұжырымдамаларды бірінен соң бірін келтіріп, әрекетін 
жалғастыру үшін өз-өзіне сенуіне тура келеді». Бірақ сол кезде ол өзінің таянышынан айырылып 
қалады.
Диалектика – ойды өз-өзімен қуаттандыратын құбылыс. Ештеңе біржолата берілмейді. 
Жанды тіршілік – жаратылыс, өрлеу, ал материя дегеніміз – саябырлайтын шығармашылық 
акт. Тіпті жанды жаратылыс та өлімге қарай ұмтылады. Бірақ Бергсон оптимист болып қала 
береді. Өмірлік қызмет – «бір шындықтың өзінен-өзі қирап жатқанында, екіншісінің өзінен-өзі 
жаратылып жатуы» дейді ол. Әрі қарай өмірлік ұмтылыстың жасампаздыққа деген мұқтаждық 
екенін түсіндіреді: «Ол себепсіз жарата алмайды, өйткені өзіне қарама-қарсы қозғалыспен, яғни 
материямен бетпе-бет келеді. Бірақ ол қажеттіліктің өзі саналатын осы материяны басып алып, 
оған мүмкіндігінше көбірек белгісіздік пен еркіндікті дарытады». Сана – ойлап тапқыштық пен 
еркіндіктің синонимі. Бұл анықтама тым ақылды адам мен жануарлардың арасындағы басты 
айырмашылықты көрсетеді. Сана жанды жаратылыстың қуатты таңдау қабілетіне сәйкес 
келеді. Сөйтіп, егер ойлап тапқыштық – жануарда әрқашан машықтық деңгейін білдірсе, 
адамда әлдеқайда кең мағынаға ие. Адам автоматты әрекетті игеріп, олардан асып түсе 
алады. Бұл үшін ол сананың, ойдың шоғырланған қоры саналатын тіл мен қоғамдық өмірге 
қарыздар. Осылайша, адам шығармашылық эволюцияның өте көп бағыттарының бірі болса 
да, эволюцияның «шегі», «мақсаты» бола алады.
«Барлық тіршілік етушілер бір -бірімен иық тірестіріп, тізе қосып, өте қуатты тегеуірінге ие 
бола алады. Кеңістік пен уақыттағы бүкіл адамзат – біздің әрқайсымыздың алды -артымызда 
келе жатқан қандай қарсылық, күрделі кедергі болсын жайпап өтетін, тіпті өлімнің өзін 
сескендіре алатын орасан зор ауыр қол сияқты».
IV. Ойдың кинематографиялық механизмі және механикалық иллюзия, 
жүйелер тарихына көзқарас, нақты қалыптасу және жалған эволюционизм
Бергсон бізді толымсыздықтан толымдылыққа, ретсіздіктен реттілікке, бейболмыстан 
болмысқа апарады дейтін иллюзияға қарсы шығады. Материяның немесе сананың бостығы 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның таңдаулы 25 кітабы
3. Неміс философиясы
20. Анри Бергсон (1859–1941)
6
туралы сөз болса, қабылдауды өзгерту қажет. Толымсыздық туралы түсінік дегеніміз – әрқа-
шан тұтас түсінік. Ол – талдау кезінде анық немесе бұлдырға ауыстыру идеясы, бастан өт-
керген немесе қиялдағы тілек, яки өкініш» сияқты екі жағымды элементке бөлінеді.
Жойылу ретіндегі бейболмыс идеясы тікбұрышты шеңбер туралы ақылға сыймайтын 
идеяға ұқсас, әрқашан мағынасыз болып келеді. Идея – әрқашан мәнді нәрсе. Бергсон одан әрі 
тереңдеп, тіршілік етпейді деп ойланатын объектінің идеясында кемшілік емес, артықшылық 
бар дейді. Өйткені «тіршілік етпейтін» объекті идеясы – сөзсіз тіршілік ететін объектінің 
«сонымен бірге, тұтас алғанда, осы объектіні іс жүзіндегі шындықтан шығарып тастайтын 
түсініктегі» идеясы. Терістеу мақұлдаудан екінші дәрежелі мақұлдау болуымен ерекшеленеді: 
«ол мақұлдаудың ішінен бірдеңені мақұлдайды, ал ол өз кезегінде заттардан бір нәрсені 
растайды». Егер мен үстел аппақ емес десем, осылайша, өзім келіспей тұрған «үстел аппақ» 
деген мақұлдауға сүйенемін. Кез келген терістеу мақұлдауға арқа сүйейді. Сол себепті бос 
кеңістік деген жоқ. Олай болса, Бейболмысқа жалтақтамай, Болмыс туралы тікелей ойлауға 
әдеттенгеніміз жөн. Сонымен, Абсолют «бізге жақын жерден... бізден табылады».
Егер бірінші тарауда тұжырымдалған үнемі өзгеріс ұстанымын қабылдасақ, онда егер 
бірдеңе шынайы болса, онда ол – форманың үнемі өзгерісі болып шығады. Бұл жағдайда 
«форма – ауысу мезетінде түсірілген мезеттік фотосурет қана». Біздің қабылдауымыз, 
өзгерістер тасқынын үзік-үзік суреттерде бекітеді. Біз түсінігіміз келетін шындықты кеңейту 
немесе тарылтуға мүмкіндік беретін «орташаланған» суреттерді жасаймыз. Сонымен, таным 
өзгерістің өзінен гөрі тұрақты формаларға (күйге) көбірек тартылады. Біздің танымымыздың 
механизмі киноға ұқсас. Осыған байланысты, Бергсон философтардың уақытты қалай 
құнсыздандырғанын бақылап шығу үшін элеялықтардан бастап, Спенсерге дейінгі бүкіл фи-
лософия тарихын саралайды. Ол физикалық механистік таным қалайша танымның бұлдыр 
моделіне айналғанын көрсетеді: «Оған тән негізгі сәттерді бөліп көрсеткеннен кейін антикалық 
ғылым өз нысанын жеткілікті білемін деп есептеді». Қазіргі заманғы ғылым бақылауды көбейте 
отырып, мысалы, фотосуреттің көмегімен заттардың қозғалысы мәселесіне жақын келді. 
Ежелгілердің ғылымы тұрақты. Галилей мен Кеплер уақытты планеталардың қозғалысын 
талдауға енгізді. Олар заттардың арасындағы байланыстарды зерттеуге қызығушылық 
танытты. «Алайда қазіргі заманғы физика бұрынғы физикадан уақыттың кез келген сәтін 
қарастыра алуымен ерекшеленеді, сонымен бірге ол уақыт ұзақтықты ойлап табылған 
уақытқа толығымен ауыстыруға негізделген», – дейді Бергсон. Осы уақытқа деген басқа 
қатынас болмысты «сығымдауға» мүмкіндік береді. Спенсер мұны жасай алмады. Өйткені 
ол «эволюцияны дамудың фрагменттерінен» жаңадан жасап шықты. Еңбек философтардың 
ізденісіне ақ жол тілеумен аяқталады. Философ ғалымнан да терең ізденіске түсуі керек. Ол 
өмір мен сана аймағындағы нақты ұзақтықты табу жолында жұмыс істеуі тиіс.
Түсіндірме
Шын мәнінде, пессимистік сарынға толы XIX ғасырдың аяғындағы философиялық ойда 
Бергсон идеяларының пайда болуын көпшілік азат ету ретінде қарсы алды. «Шығармашылық 
эволюциясы» авторының шәкірті Шарль Пегю өзінің ұстазы жайында: ол «әлемге рухани 
өмірді қайтадан енгізді» дейді. Бір ғажабы, бұл позитивизмге өте жақын логикалық оймен 
жасалды. Бергсон метафизиканы объективті тәжірибенің шеңберінде біріктіргісі келді. Оның 
өз заманындағы ғылымға жасаған көптеген және дәл сілтемелері, сынды техникалық тұрғыда 
беруге деген қабілеті, оның өз бойына жинақтаған философиялық революциясының тереңдігі 
турасынан хабар береді. Бергсон Огюст Конттан мұрагерлікке қалған «салыстырмалы» және 
«позитивті» бөліністен бас тартады. Бергсонизмнің құпияларының бірі – ол «салыстырмалы 
таным» және «шектелген танымды» ажыратады. Бір жағдайда біз өз объектіміздің табиғатын 
өзгертеміз, ал екіншісінде – оның белгілі бір бөлігіне ғана мән беріп, қалғанын сол күйінде 
қалдырамыз. Огюст Конт өмір сүрген уақыттан бері XIX ғасырда әлемнің эволюциясын түсінуде 
талай талпыныс болды. Бергсон Спенсерді тыңғылықты оқып, зерттейді. «Шығармашылық 
эволюциясында» одан көптеген сілтемелер келтіреді. Бірақ оның эволюционизмі уақыт туралы 


7
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның таңдаулы 25 кітабы
3. Неміс философиясы
20. Анри Бергсон (1859–1941)
ойға орын қалдырмағанын көргенде Спенсерден көңілі қалады. Сондықтан ондай жүйе жал-
ған болып көрінеді.
Андре А. Дево еске алғандай, Бергсонның негізгі мақсаты – «Бәрінің менікі сияқты табиғат-
қа ие екенін және өз-өзіңді толығымен зерттеуді осы жолмен түсінетініңді көрсету болды». 
Бергсонның осы нұсқауы мендегі ұзақтықтан әлемдегі ұзақтыққа ауысудағы болуы мүмкін 
ауыртпалықты көтеруге жағдай жасайды. Мен өзім сезінетін Абсолют – ғарыштық болмыстың 
өзегі сияқты дүние ме? Бергсон бұған: «Біздің жеке тұлғамызда берілген сана, өзінің үздіксіз 
ағыны барысында, басқаларға өзімізді көрсетуге тиіс модель бойынша бізді шындықтың 
тереңіне бойлатты», – деп жауап береді.
«Мен – Бәрінің бөлігімін. Егер мен өзімінің «менімді» талдасам, онда Бәрі туралы шектелген 
танымға ие боламын, алайда осы таным шектелген дей тұрсақ та, шын мәнінде, Бәрімен 
байланыста болады. Өзімді талдау арқылы мен Бәріне дендеп енемін. Дей тұрғанмен бәрінің 
тиісті бөлшегіне ғана қол жеткізе алғаныммен, танымым салыстырмалы емес, абсолютті. 
Әйтеуір бір жерде Абсолютке жету дегеніміз – оған барлық жерде жету дегенді білдіреді. 
Өйткені Абсолют бөлінбейді. Ол барлық жерде, тіршілік ететіндердің бәрінде «біртұтас». Менің 
өмір сүруім – жалғасады; жалғасса – оның санасы бар. Менің жалғасуым туралы ой толғау – 
ғаламның жалғасуын ұғынуға дейін жетуге қабілетті болу деген сөз. Мен өз басымнан кешіретін 
өмірдегі ұмтылыс бүкіл ғалам арқылы өтеді» (А. Бергсон).
Осы түсіндірменің түйінінде Бергсонның ХХ ғасыр философтарына, тіпті оған ашық сілтеме 
жасамағандардың өзіне тигізген ықпалы жайлы атап өткеніміз жөн. Оның уақыттың мәнін 
түсінуін айналып өте алмаймыз. Бір қызығы, дәл осы сұрақ ХХ ғасыр философиясында да, 
мысалы, Мартин Хайдеггер, Анри Лефевр және т.б. үнемі қозғалғанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет