Ұңғыма бекітілуі. Кенорында қолданылатын ұңғыма конструкциясы


Өзен көлігі мыналармен ерекшеленеді



бет13/26
Дата14.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#114012
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
ыма бекітілуі. Кенорында олданылатын ыма конструкциясы

Өзен көлігі мыналармен ерекшеленеді:
- Жоғары тасымалдық қабілетімен;
- Тасымалдаудың айтарлықтай төменгі бағасымен.
Қоңыржай және қатаң ауа-райы жағдайларында жұмыс істеудің маусымдылығына байланысты, сонымен қатар, жүк айналымы бағыттарының қазірде бар кеме жүзетін су магистральдарының бағытымен сәйкес болған кезде ғана қолданудың шектелген мүмкіндіктеріне байланысты көліктің бұл түрі көп жағдайларда жақын жатқан аудандарға қызмет көрсету үшін қосалқы ретінде, сонымен бірге (кеме жүзетін фарватердің қолайлы жағдайларында), мемлекетаралық тасымалдарда транзиттік бағыттардың бір тізбегі ретінде қолданылады.


Автомобильдік көліктің өзіне тән ерекшеліктері: - Жоғары мобильділік және жүк пен жолаушыларды әрбір жолы қиын аймақтарға тасымалдау мүмкіндігі; - Қолданушылар үшін өте маңызды қосымша қайта жүктеусіз жүктерді тікелей өндіруші қоймасынан тұтынушы қоймасына дейін («есіктен есікке») жеткізу қағидасын қамтамасыз ету мүмкіндігі; - Тасымалдаудың жоғары жылдамдығы мен жеткізу дәлділігі; - Тасымалдарды ұйымдастырудың қол жетімділігі мен салыстырмалы қарапайымдылығы. Үлкен қашықтықтарға тасымалдаудың салыстырмалы жоғары бағасының әсерінен көліктің бұл түрі көбінесе ол үшін анағұрлым лайықты сферада – салыстырмалы алыс емес қашықтықтарға қалаішілік, қала маңдық және облысаралық тасымалдарды жүзеге асыруда, жүкті көтерме-таратушы қоймалар мен материалдық-техникалық қамсыздандыру базаларынан тікелей тұтынушыларға, бөлшек дүкендеріне және т.с.с. жеткізу кезінде, басқа қатынас құралдары жоқ шалғай жатқан жолы қиын аудандарға қызмет көрсету кезінде, технологиялық тасымалдарды, сонымен қатар, қазіргі кездегі көлік технологияларының сөзсіз қатысушысы ретінде, әсіресе мультимодальдық тасымалдарды жүзеге асыруда қолданылады.
Құбырлық көліктің мынадай қасиеттері бар: - Жоғары өткізгіш қабілеті; - Жүктің ауқымды көлемдерін едәуір алыс қашықтықтарға тасымалдауды салыстырмалы түрде оңай ұйымдастыру мүмкіндігі; - Көлік процесінің көп еңбекті қажет етпейтіндігі; - Жұмыстың үздіксіздігі; - Көлік шығындарының аздығы. Бұл қасиеттер мен ерекшеліктер оны шоғырланған тұтыну аудандарына көмірсутекті шикізатты (мұнай мен газ), сонымен қатар, мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде өте бағалы етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет