Ұңғымаларды салу кезінде бұрғылауды жобалау



бет23/28
Дата17.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#75168
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Бақылау сұрақтары
1. Бұрғылау ерітінділерінің ерекшіліктері ?
2. Сораптағы айдайтын құбыр өткізгіш не үшін керек және қалай монтаждау жұмыстары жүргізіледі?
3. Компенсатордың және қорғауыш клапанның монтаждау реті?


Әдебиеттер
1. Жантасов М.Қ. Бұрғылау қондырғылары мен мұнараларын монтаждау және пайдалану. : Оқу құралы. – Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2011.- 100 б.
2. Монтаж и ремонт бурового и нефтепромыслового оборудования / А.А. Раабен, Л.Е. Шевалдин, Н.X. Максутов. - М. : Недра, 1980. – 527с.


12 дәріс. Бұрғылау режимі.



      1. Бұртылау режимі

Бұрғылау үдерісінде қашауды бірқалыпты түсірудің маңызы зор. Алайда, тіпті тәжірибелі бұрғышының өзі оны қолымен істей алмайды. Сондықтан да бұрғылаудың аса маңызды мәселелерінің бірі - олардың көмегімен қашауды түсіруді механикаландыру және оның жыныстарға бірқалыпты енуіне қол жеткізу мүмкін болатындай тиімді механизмдер жасау болып табылады.
Жуғыш сұйықтық шығыны тұрақты етіп анықталған аралықта бұрғылау кезінде бұрғылау режимінің үш параметрінің ішінде тек забой жүктемесін ғана өзгертуге болады, сол арқылы қашаудың айналу жиілігін реттейді.
Түпке жүктеме түсіру үшін бұрғылау бағанасының төменгі жағын қысылған күйге әкелу керек. Осы мақсатпен бұрғылау бағанасын, бұрғылау қондырғысының полиспастың жүйесінің ілге-гінде, жүктеме бұрғылау бағанасының салмағынан аз болатындай етіп, төмен қарай түсіреді. Бұрғылау бағанасының шын салмағы мен забойда қашаудың жұмыс істеу кезінде көтергіш ілгекпен бірге қабылдайтын бұр-ғылау бағанасының салмағы арасындағы айырмашылық забой жүктемесін сипаттайды. Бұрғылау бағанасының қысылған бөлігінің құрылысын және оның салмағын біле отырып, бағананың забойға қажетті жүктеме қам-тамасыз ететін бөлігінің ұзындығын анықтауға болады.
Көптеген жағдайда бұрғылау бағанасын түсіру шығыр тежеуішінің көмегімен бұрғышы адам арқылы жүзеге асады. Егер шығыр барабанынан арқан тез есілетін болса, онда көтергіш ілгек пен оған ілінген бұрғылау бағанасы тез түседі.
Бұрғылау бағанасын түсірудің қарңындыльіғы өтетін жыныстың қаттылығына және қолданылатын қашаудың жұмыс істеу қабілеттілігіне байланысты болады.
Роторлық бұрғылау кезінде бұрғылау режимі параметрлерінің айқын өзара байланыстылығы болмайды, ендеше, олардың турбиндік бұрғылаудағы сияқты бір-біріне әсері болмайды. Сондықтан роторлық бұрғылаудағы оңтайлы режимді әрбір параметрдің ыңғайлы мәндерін үйлестіріп алады.
Жуғыш сұйықтықтың шығынын, негізінен ұңғыманың забойын сапалық тазарту жағдайларына қарап анқтайды. Забой жүктемесі мен қашаудың айналу жиілігін, әрбір геологиялық горизонт үшін өтетін жыныстардың ңаттылығын ескере отырып, анықтайды.
Электрлік бұрғылау кезінде, турбиндік бұрғылау кезіндегі сияқты, қашаудың айналу жиілігі көп болады. Алайда, турбиндік бұрғылауға қарағандағы айырмашылығы, электрлік бұрғылауда режим параметрлерінің арасында өзара байланыс жоқ, ал қашаудың айналу жиілігі өбден аньқталған. Бүл бұрғылау режимінің параметрлерін бақылауды және оларды оңтайлы деңгейде ұстап тұруды жеңілдетеді
Бұрғылаудың оңтайлы режимін жоғарыда көрсетілген параметрлердің үйлесуі кезінде бұрғылаудың ең жоғарғы көрсеткіштеріне жеткенде ғана алады.
Егер параметрлерді қашау жұмысының жоғарғы көрсеткіштеріне жету мақсатында емес, арнайы технологиялық мәселелерді шешу (мысалы, ұңғыманы қажетті бағытқа қисайту, жынысөзекті жақсылап алуды ң\қамта-
масыз ету, т.б.) үшін таңдап алынған болса, онда мұндай бұрғылау режимі арнайы депаталады.
Бұрғьлау режимін таңдауда параметрлердің біреуін ғана өзгерту арқылы үңгілеудің механикалық жылдамдығын және қашауға үңгілеуді ылғи да арттыруға болмайтынын білу керек. Әрбір жыныс үшін қашауға жүктеменің, қашаудың айналу жиілігінің және жуғыш сұйықтықтық шығынының белгілі бір оңтайлы үйлесімі болады.
Турбиндік бұрғылау кезінде бұрғылау режимінің параметрлері өзара байланыста болады. Забойға жүктеме тұрақты болғанда жуғыш сүйықтықтың шығыны артқан сайын турбобұрғының (қашаудың) білігінің айналу жиілігі тура пропорционалды түрде артады. Мысалы, екі есе артқанда айналу жиілігі де 2 есе артады. Егер забойға жүктеме артса, ал жуғыш сұйықтықтың шығыны тұрақты болса, онда турбобұрғының (қашаудың) білігінің айналу жиілігі азаяды.
Бұрғылау практикасында жуғыш сұйықтықтың шығынын турбобұрғы жұмысының жөне бұрғыланған жынысты шығарудың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуді есепке алып анықтайды. Ұңғыма тереңдеген сайын оның диаметрінің азаятынына байланысты бір аралықтан екінші бір аралыққа өткенде жуғыш сүйықтықтың шығынын азайтады. Жуғыш сұйықтьқтың шығыны шамамен бірдей болатын аралықтың ұзындығы әр түрлі болады: бірнеше жүздеген метрден 2000 м-ге дейін, тіпті одан да көп болады.
Егер салыстырмалы түрде аздаған қаржы шығынымен жоғары жылдамдыңта бұрғылауды жүргізетін болса, онда бұл ұңғыма табы-ты бұрғыланған деп есептелінеді, ал шын мәнінде оның оқпанының кескінінің жобалық кескіннен мәнді айырмашылығы болмайды. Бұған қашауларды, турбобұрғыларды, бұрғылау бағанасын тиімді пайдаланған жөне ұңғыма забойын бұрғыланған жыныстан жақсылап тазартқан жағдайда қол жеткізуге болады. Сондыңтан қандай да бір берілген жынысты бұрғылау режимінің технологиялық ерекшеліктерін жобалағанда оған сәйкес қашаудың түрін таңдап алып, бұрғылау төсілі мен бұрғылау бағанасының құрылысын еске ала отырып мына параметрлерді: 1) түп жүктемесін Р; 2) қашаудың айналу жиілігін п; 3) жуғыш сұйықтық шығынын анықтайды.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет