Ұңғымаларды салу кезінде бұрғылауды жобалау


Мұнай-газ операциялары туралы жалпы мәлімет



бет4/28
Дата17.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#75168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
2. Мұнай-газ операциялары туралы жалпы мәлімет
Ең бірінші ұңғылар Азербайжанда штангалық айналмалы тәсілде қолмен бұрғьшанған. Кейіндеп штангалық соққылама бұрғылау тәсілі қолданылған. 1887 ж. Азербайжанда арқанды соққылама бұрғылау тәсілі қолданылды.
Қолмен бұрғылаудан механикалық бұрғылау тәсіліне көшу, бұрғылау жұмыстарында әр түрлі механизациялау мәселелерін шешуді қажет етті. Бұл жұмыстарға орыс инженерлері Г. Д. Романовский (1825-1906ж.), С. Г. Войславтың (1850-1904 ж.) қосқан үлестері айтарлықтай. Г. Д. Романовский 1859 ж. ұңғы бұрғылауда Подольск қаласында бу машинасын қолданған. С. Г. Войслав бұрғылау техникасы саласында ірі өнертапқыштардың бірі болған. 1885 ж. ол диаметрі үлкен ұңғылар үшін қолмен бүрғылау тәсіліне арнап, бүрғы машинасын, 1888 ж. алмастық бүрғылау тәсіліне қондырғы ойлап тапқан. 1894 ж. Брянскіде көлбейте-бағытталған үңғы бүрғылаған.
1901 ж. Америкада ұңғы түбін сүйық ағынымен жуу арқылы роторлық бүрғылау тәсілі бірінші болып қолданылған. Осы кезден бастап айналмалы бүрғылау тәсілінің даму және жетілу кезеңі басталды.


Бақылау сұрақтары
1. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған техника?
2. ҚР қанша кенорнындар бар?


Әдебиеттер

  1. Едигаров С.Г., Бобровский С.А. Проектирование и эксплуатация нефтебаз и газохранилищ. М.: Недра, 1973 – 180 с.

  2. Коршунов Е.С., Едигаров С.Г. Потери нефти, нефтепродуктов и газов и меры их сокращения. М.: Недра, 1968 – 117с.

  3. Лессиг Е.Н., Лилеев А.Ф., Соколов А.Г. Листовые металлические конструкции. М.: Стройиздат, 1970 –488 с.

  4. Черникикн В.Н. Сооружение и эксплуатация нефтебаз. М.: Гостоптехиздат, 1955 – 317 с.



2 дәріс. Ұңғымаларды бұрғылаудың даму тарихы. Ұңғымалардың жіктемесі.


1. Ұңғымаларды бұрғылаудың даму тарихы
Ең бірінші бұрғылау жұмыстары қай елде бірінші болып басталғаны туралы деректі мәліметтер осы күнге дейін жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша ең бірінші ұңғылар тұз ерітінділерін алу мақсатымен Қытайда біздің әрамызға дейінгі 2000 жыл бұрын бұрғьшанған деген болжамдар бар.
Ресейде ХV1- ғасырда тұз ерітінділерін өндірудегі қолжазбалар сақталған.
Францияда Артауа провинциясында 1126 ж. ең бірінші су құдығы (мүмкін үңғы болар) қазылған. Ал Ресейде 1370 ж. қазылған болуы мүмкін.
Ең бірінші мұнай ұңғысы 1847 ж. Биби-Эйбатта (Азербайжан) бүрғыланған. Осыдан 22 жылдан кейін, 1869 ж. Мирзоев Балахан (Азербайжан) жерінде мұнай ұңғыларын бүрғылауға үлықсат алған. 1871 ж. Мирзоев осы жерден терендігі 45 м. екі ұңғы бүрғылап мұнай алған. Осыдан бастап Азербайжанда мұнай ұңғыларының саны жылдам өсе бастаған. 1873 ж.- 9, 1875 ж.-55, 1878ж-301, 1872-1900 жылдары Баку ауданында 3013 мұнай ұңғылары бүрғыланған.
Ұңғылар санының өсуі мұнай өндіру көлемін жылдам өсірді. 1901 ж. 10,7 млн.т мұнай өндірілген. Бүл жалпы Ресей мұнай өнімінің 93 %, ал жалпы дүние жүзі бойынша 50% -ін құрады.
Ресейде мұнай өнеркәсібінің құрьшу күні 1864 ж. деп саналады. Осы жылы полковник А.Н.Новосельцев Таман шатқалында механикалық соққылама бұрғылау тәсілімен мұнай ұңғысьш қазып, 1866 ж. 55 м терендіктен мұнай тапқан.
1876-1880 жж. Майкоп кен орнында терендігі 21-42 м. бірнеше мұнай ұңғылары бұрғыланып мұнай алынған.
1892 ж. Грозный ауданында бірінші мұнай ұңғылары бұрғыланып басталған. 1893 ж. терендігі 132 м ұн^ыдан мұнай табылған.
X1X- ғасырдың екінші жартысында Қырымда (1864 ж.), Ухтада (1898 ж.), Ферғанада (1880ж), Небит-Дагта (1882ж), Урал- Эмбада (1892ж.), Сахалинде (1892 ж.) мұнай ұңғьшары бұрғьшана басталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет