Бақылау сұрақтары
1. Жүктеме не үшін қажет?
2. Ұңғы атқаратын қызметі?
3. Ұңғы конструктивтік ерекшілері?
4. Таужыныстың атқаратын қызметі?
Әдебиеттер
Едигаров С.Г., Бобровский С.А. Проектирование и эксплуатация нефтебаз и газохранилищ. М.: Недра, 1973 – 180 с.
Коршунов Е.С., Едигаров С.Г. Потери нефти, нефтепродуктов и газов и меры их сокращения. М.: Недра, 1968 – 117с.
Лессиг Е.Н., Лилеев А.Ф., Соколов А.Г. Листовые металлические конструкции. М.: Стройиздат, 1970 –488 с.
3 дәріс. Таужыныстардың механикалық қасиеттері
1 Жер қыртысы
Жер шары атмосфера, гидросфера, литосфера немесе жер қыртысы, мантия және ядродан тұрады. Жер қыртысы жер шарының қатты тас қабығы. Оның қальщцығы жер радиусының 1% құрайды және ол мұхитта 5-10 км, ал құрлықга 70-80 км жетеді. Мантия жердің қатты қабығы мен радиусы арасындағы қабығы. Жер қыртысы құрылымы жағынан өте күрделі және онда үздіксіз тектоникалық қозғалыстар болып отырады.
Тектоникалық қозғалыстар деп жер қыртысының жеке блоктарының бір біріне қатысты жылжуын айтады. Тектоникалық қозғалыстар нэтижесінде жер қыртысында бұзылыстар болады. Олар қатпарлық және үзілімдік болып бөлінеді.
Қатпарлы бұзылыстар тектоникалық қозғалыстардың ең басты түрі болып саналады. Қатпар деп тау жыныстары қабатының кері құлауға дейінгі иілуін айтады. Дөңесі жоғары бағытталған қатпарлар антиклиннальды, ал дөңесі төмен бағытталған қатпарлар синклинальды деп аталады (4-сурет). Антиклиналь мен синклинальдағы эр түрлі қабаттардың көлбеюін бөлуші сызық олардың шарнирлері, ал оларға жақын қатпарлар бөлігі қанаты деп аталады.
Шөгінді тау жыныстары қатпарлардан немесе тау жыныстары қабаттарынан тұрады. Қабат біртекті шөгінді тау жыныстарынан тұратын жоғары және төменгі жағынан параллель қабатталған беттермен шектелген геологиялық дене. Қабаттың жоғарғы беті төбесі, ал төменгі беті табаны деп аталады. Төбесі мен табаны аралығындағы қашықтық қабат қалындығы деп аталады.
Сурет 2 Көлбеу
Қабаттың физика-механикалық қасиеттеріне минералдар мен тау жыныстарының минералогиялық құрамы және пайда болу жағдайлары әсер етеді. Тау жыныстарының пайда болуына әсер етуші әнергия көзі бойынша тау жыныстары әндогенді және экзогенді болып бөлінеді. Әндогенді тау жыныстары ішкі жылу әнергиясының, ал экзогенді тау жыныстары жер бетінде сыртқы күн әнергиясының әсерінен пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |