3. Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі Өнімнің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады: - формалдық экономикадағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау;- жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау;- тұрғын және тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар және имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемін анықтау; - бейресми және жасырын қызметі құрылыс жұмыстары көлемін анықтау. 3.1 Жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау Жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі ғимараттар мен имараттарды салу бойынша мердігерлік және шаруашылық әдіспен және жеке салушылармен өндірілетін құрылыс-монтаж жұмыстары, жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру, ұлғайту сондай-ақ құрылыс объектілерімен байланысты өзге де шығындар көлемін жиынтықтау арқылы анықталады. Жұмыстарды мердігерлік шарт бойынша жүзеге асыратын құрылыс ұйымдарының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі мердігерлік жұмыстардың көлемі болып табылады. Бұл көрсеткіш құрылыс-монтаж жұмыстарының (жаңа құрылыс, жаңарту, ұлғайту, техникалық қайта құру және басқалар) құны қосылатын мердігерлік жұмыстар құнын көрсетеді. Ірі және орта кәсіпорындар (v1) мердігерлік әдіспен орындаған құрылыс монтаж жұмыстарының көлемі бойынша деректер құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы айлық сайынғы статистикалық байқаулар деректерінің негізінде қалыптасады. Шағын кәсіпорындармердігерлік әдіспен орындаған құрылыс монтаж жұмыстары көлемінің ақпараттық негізі қызметкерлерінің саны 50 адамға дейін құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы тоқсан сайынғы статистикалық байқаудың деректері болып табылады. Құрылыс өнімінің шығарылым көлемін анықтауға мүмкіндік беретін шағын кәсіпорындар туралы ай сайынғы ақпарат жоқ болғандықтан, оның ай сайынғы есептеулері сараптамалық бағалаулар және жанама есептеулер арқылы жүргізіледі. Атап айтқанда, шағын кәсіпорындар бойынша айлық жұмыс көлемін есептеу үшін соңғы тоқсандағы мердігерлік жұмыстар көлемі бойынша деректер осы тоқсандағы айларға, құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі есебімен ірі және орта кәсіпорындардың тоқсандық көлемінде әр айдың үлес салмағы бойынша бөлінеді*. Шағын кәсіпорындар бойынша есептік айдағы алынған мердігерлік жұмыстар көлемі, осы кезең бойынша ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жұмыстар көлеміне жатады және айлық көрсеткішті қалыптастыру үшін алгоритмде қолданылатын осы кәсіпорындарға бағалау коэффиценті анықталады Шаруашылық әдіспен (Vх) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемі негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы жылдық статистикалық байқау деректері бойынша анықталады. Айлық көрсеткішті есептеу үшін жылдық көлемнің 12/1 бөлігі алынады. Жеке салушылармен (Vи) орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі туралы деректер жеке салушылар пайдалануға берген объектілер туралы статистикалық байқау бойынша анықталады. Құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындар (Зп) туралы ақпарат айлық кезеңдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы статистикалық байқау деректері арқылы анықталады. Құрылыс объектісімен байланысты өзге де күрделі шығындарға тоқтап тұрған объектілер және уақытша тоқтап тұрған құрылыс бойынша, жойылған құрылыстың негізгі қорлары бойынша және с.с. шығындар жатады. Сонымен бірге құрылысты есепке алынатын күрделі салымдар ҰШЖ түсінігінде негізгі капиталға салынған инвестицияларды қамтитын келесі шығындарды қамтымайды. - жобалау-іздестіру жұмыстарға жұмсалған шығындар; - көп жылдық екпе ағаштар егуге жұмсалған шығындар; - жұмысқа жегілетін, өнімді және асыл тұқымды мал сатып алуға жұмсалған шығындар; - бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалған шығындар; - негізгі қорлардың құнын ұлғайтпайтын шығындар. Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу үшін қолданылатын өзге де капиталдық салымдар көлемін есептеу кезінде осы шығындар тізбесіндегі капиталдық салымдар көлемін алып тастау қажет.