Ғимараттар жалпы құрылыс монтаж жұмыстары Мысыр Мирас Қайратұлы



бет1/10
Дата15.12.2023
өлшемі22,35 Kb.
#138435
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мирас котакбас


Ғимараттар жалпы құрылыс монтаж жұмыстары
Мысыр Мирас Қайратұлы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 3 курс студенті
mysyr.miras@mail.ru


Аннотация: Бұл мақалада ғимараттар мен құрылыстардың монтаждау жұмыстары қарастырылады. Ғимараттар мен құрылыстарды жаплы эконимикасы мен дербес саласын пайдалануы мен құрылыс термины туралы карастырылған.
Кілт сөздер:Дербес, имираттар, кәсіп орындардың кайта құрылуы, инвестиция.


Ұсынылған әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі – Ұсыныстар) жасырын және бейресми қызметті ескерумен, құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібінен тұрады, тиісті халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесіне (ҰШЖ-93) негізделеді және бақыланбайтын экономиканы өлшеу бойынша (БЭ) Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) ұсыныстарына сәйкес дайындалған. Ұсыныстар республикалық және аймақтық деңгейде қолдануға арналған.
Құрылыс ел экономикасының дербес саласы болып табылады, ол жаңа құрылысты, жөндеу жұмыстарын, қосымша және түзету бойынша жұмыстарды, жұмыс жүріп жатқан жерде құрама конструкциялардан ғимараттар салу, сондай-ақ уақытша имараттар құрылысын қоса алғанда, ғимараттар және имараттар құрылысы бойынша жалпықұрылыстық және арнайы жұмыстарды білдіреді.
Құрылыстың ерекшелігі бұл сала ұзақ кезеңді өндіріс болып табылатындығында. Осы көрсетілген ерекшелікке байланысты шығарылымға және аралық шығындарды келісу үшін және қосылған құнның нақты шамасын алу үшін шығарылым аяқталуына емес өндіру шамасына қарай есептеледі
Құрылыста өнімінің жалпы шығарылым мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүргізілген, ғимараттар мен имараттардың құрылысы және қалпына келтіруі бойынша жұмыстардың, сондай-ақ жеке құрылыс салушылармен орындалған құрылыс жұмыстарының құны болып табылады. Сала шығарылымы жасырын және бейресми экономика көлемдерін есепке алумен, жаңа құрылыстағы құрылыс-монтаж жұмыстарының, ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеудің көлемдерін қамтиды. Объектінің құнын өсірмейтін жөндеу жұмыстары, яғни ғимараттар мен имараттардың ағымдағы жөндеулері, ұлттық шоттар жүйесінің анықтамаларына сәйкес құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткішінің құрамына қосуға жатпайды.
Жабдық та, мүкәммал да құрылыс өндірісі үдерісінде қайта өңдеуге ұшырамайтындықтан, және сондықтан құрылыс өнімін сипаттай алмайды, құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына сияқты құрылыстың жалпы өніміне құрылыс материалдарының шығындары қосылып, ал жабдықтарға жұмсалған шығындар қосылмайды.
Жүргізілетін есептеулерге арналған ақпараттық база құрылыс және инвестиция салалары бойынша кезеңділігі айлық және жылдық статистикалық байқаулардың нысандары, үй шаруашылықтарын іріктеме статистикалық байқаулар, сондай-ақ шығындар мен шығарылымдар және кедендік статистика кестелерінің деректері болып табылады.
Көрсетілген статистикалық есептілікті заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері тапсырады. Егер құрылымдық бөлімшеге бас кәсіпорын есеп тапсыру бойынша өкілеттік берген болса, онда ол есептілікті
2
өзінің орналасқан жері бойынша тапсырады. Басқа жағдайда (құрылымдық бөлімшенің өкілеттілігі жоқ болса) бас кәсіпорын құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде олардың орналасқан жерін көрсетіп есеп тапсырады.
Осы берілген әдістемелік ұсыныстарда қарастырылған барлық есептеулер республикалық деңгейде жүзеге асырылады.
Құрылыс саласы бойынша жалпы шығарылымды есептеу кезінде қолданылатын статистикалық нысандар және басқа да дереккөздердің толық тізбесі осы әдістемелік нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет