Құрылыс объектілерімен байланысты өзге де күрделі шығындар –құрылыс сметасына кіретін және оған кірмейтін, бірақ құрылыспен байланысы бар өзге де шығындар (салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясын, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бөлімшелерінің аппараттарын ұстауға жұмсалған шығындар, техникалық қадағалау, құрылыспен байланысты жер учаскелерін кесіп беру және аудару шығындары, құрылыс-монтаж ұйымдарының инфрақұрылымымен байланысты шығындар, ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асыратын жұмыс малын сатып алуға шығындар, салынып жатқан кәсіпорындар үшін қажет кадрлар дайындауға шығындар). Жобалау-іздестіру жұмыстары– инженерлік іздестіруді жүргізу, құрылыстың технико-экономикалық негіздерді әзірлеу, жобаларды дайындау, жұмыс құжаттамалары, объектілер, ғимараттар, имараттар құрылысын жүзеге асыру үшін сметалық құжаттама құрастыру бойынша жұмыстар. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ұлғайту– қосымша немесе жаңа өндірістік қуаттарды құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың аумағында немесе оларға жалғас алаңдарда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың (ғимараттардың) жанында қосымша өндірістер салу, сондай-ақ негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатымен жаңа цехтар мен объектілерді салу және жұмыс істеп тұрған кейбіреулерін кеңейту.