Құрылыстағы баға индексі – құрылыс жұмыстарына бағалар деңгейінің сол уақыттағы өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Құрылысқа жұмсалған инвестициялардың технологиялық құрылым элементтері бойынша (құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтар, күрделі жұмыстар мен шығындар) жалпы көлеміндегі үлесі бойынша салмақталған баға индекстерін біріктіру жолымен есептеледі. Ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу– ғимараттың (құрылыстың) кейбір бөліктерін немесе тұтас конструкцияларды, бөлшектерді немесе инженерлік-техникалық жабдықты тозуына және бұзылуына байланысты қайта қалпына келтіру және ұзақ қызмет ететін, үнемді, олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатындарға ауыстыру бойынша жұмыстар. Құрылыс жұмыстарының көлемі –ғимараттар мен имараттарды салу, 3 қайта құру, кеңейту, күрделі және ағымдағы жөндеу және жабдықты монтаждау бойынша орындалған жұмыстардың құны. Мердігер – мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлға.Құрылыстың мердігерлік әдісі– құрылыс мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылатын әдіс. Тапсырыс беруші және мердігер арасындағы арақатынас екеуара тұжырымдасқан келісім шарт арқылы реттеледі.