Финансовый анализ


Халықты жұмыспен қамту қатынастары мыналармен реттеледі



бет16/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
ҚР еңбек құқығы

Халықты жұмыспен қамту қатынастары мыналармен реттеледі:
- жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен;
- халықты жұмыспен қамтудың жəне жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері мен функцияларын нақтылаған халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар туралы ережелермен;
Халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру саласындағы заңдарда жарияланғандай, мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді:
- еңбекке жəне кəсіп түрін таңдаудағы еркіндік құқығын;
- қызметінен негізсіз босатылған жағдайда құқықтық қорғануды;
- тиісті жұмысты таңдауда жəне жұмысқа орналасуда халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның тегін көмегін алуды;
- жаңа кəсіпке немесе мамандыққа тегін үйренуді жəне біліктілігін тегін көтеруді;
- кəсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға берілген тапсырыстарға сəйкес тиісті мамандарды тауып беруді.
Жұмысқа орналасу – азаматтың жұмысты іздеу жəне иелену үрдісі. Бұл үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүмкін:
- азаматтың өзі жұмыс іздеп, оған орналасуы;
- халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру жөніндегі уəкілетті органның немесе халықты жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттіктің көмегімен азаматтың жұмысты табуы;
- азамат өзі бұрын жұмыс істеген жəне кінəсіз қызметтен босатылған өндірісте өзінің жұмыс берушісі арқылы жұмысқа орналасуы;
- жұмысқа орналасудың өзге де тəсілдері.
Жұмыссыздар – жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген жəне оған кірісуге дайын, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар
Жұмыссыздар ретінде мына азаматтар танылмайды:
- 16 жасқа дейінгі жасөпірімдер;
- зейнеткерлік жасына жеткен жəне еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлер.
Уəкілетті орган мына жағдайларда жұмыссызды есептен шығарады:
- лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартқанда, ал бірінші рет жұмыс іздеушілер – екі рет ұсынылған кəсіби дайындықтан өтуден немесе ақылы жұмыстан, соның ішінде, уақытша жұмыстан бас тартса. Алайда, бір жұмыс орнын екі рет ұсынуға болмайды;
- қайта тіркеу мерзімін себепсіз жағдайлармен өткізіп алған, сонымен қатар, шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде дəлелсіз себептермен уəкілетті органға келмесе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет