Финансовый анализ



бет19/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
ҚР еңбек құқығы

Жеке еңбек шарты:
Белгісіз мерзімге жасалатын еңбек шарттары – бұл еңбек шарттарының жиі кездесетін түрі. Бұларда шарттың əрекет етуінің бастапқы мерзімі көрсетіледі, бірақ оның күші қашан аяқталатыны көрсетілмейді.
Белгілі мерзімге жасалатын еңбек шарттары еңбек құқығы қатынастарындағы шарттардың бір түрі. Олар еңбектің сипатына немесе оны орындаудың ерекшеліктеріне қарай еңбек қатынастары белгісіз мерзімге белгілене алмайтын кезде жасалады.
Белгілі мерзімдегі еңбек шарттарының арасында уақытша қызметкерлермен жасалатын жəне маусымдық жұмыстар кезіндегі еңбек шарттары кеңінен таралған. Уақытша қызметкерлер ретінде жұмысқа екі ай мерзімге, уақытша қызметте жоқ қызметкерлердің (бұлардың жұмыс орны немесе лауазымы екі айға дейін сақталады) орнына қабылданған тұлғалар табылады.
Жеке еңбек шарты:
Белгілі бір мерзімге жасалатын жеке еңбек шартының ерекше түрі болып белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасалатын шарт табылады. Мұндай шарттар жұмыстың аяқталу уақытын нақты анықтау мүмкін болмаған кезде (мысалы, құрылыстың аяқталатын күні) жасалады.
Қоса атқарылатын жұмыс туралы еңбек шарты. Қоса атқару ретінде негізгі жұмыспен қатар өзге де тұрақты сипаттағы ақылы жұмысты орындау танылады.
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттары. Қажетті жағдайларда еңбек шарты қандай да бір себептермен үйде жұмыс істеуді қалайтын тұлғалармен жасалуы мүмкін.
Үй қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттары. Үй қызметкерлері азаматтардың үй шаруашылығында жұмыс істеу, оларға əдеби жəне өзге де шығармашылық қызметте техникалық қызмет көрсету, балаларды тəрбиелеуге жəрдемдесу жəне өзге де қызмет түрлерін көрсету үшін еңбек шарттарын жасасады.
Басқа жұмыс ретінде мыналар түсіндіріледі:
· басқа мамандық, лауазым бойынша атқарылатын жұмыс;
· тіпті, бұрынғы мамандығы мен лауазымы бойынша да басқа кəсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы жұмыс;
· басқа жердегі жұмыс (сонымен қатар, басқа жерге ауыстырылған өзінің бұрынғы мекемесіндегі, ұйымындағы жұмыс). Басқа жер ретінде бұрынғы кəсіпорын, мекеме, ұйым орналасқан елді мекеннің аумағынан тыс орналасқан жерлер танылады;
· еңбектің өзге де елеулі жағдайларының өзгеруі (елеулі жағдайлар ретінде осындай жағдай ретінде заңда немесе заңға сəйкес актіде тікелей көзделген не тараптардың өзі елеулі жағдай ретінде анықтаған жағдайлар танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет