Еңбек дауларыретінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы тікелей келіссөздермен реттелмеген, қолданыстағы заңдарда қолдану, жаңа еңбек жағдайларын белгілеу жəне еңбек жағдайларын өзгерту жөніндегі мəселелерге қатысты келіспеушіліктер танылады.
Ұжымдық еңбек даулары– бұл жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің бірлестігінің) жəне қызметкерлер ұжымының (қызметкерлердің өкілдерінің) арасында ұйымдарда жалақы төлеу мəселесіне, ұжымдық шарттар мен келісімдерді бекітуге жəне орындауға, сонымен қатар, қолданыстағы заңдардың, ұжымдық шарттардың жəне келісімдердің ережелерін қолдану мəселелеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер
Ұжымдық еңбек даулары келесі құқықтық қатынастардан туындайды: а) еңбек ұжымының басшылықпен, соның ішінде, ең жоғарғы басқару органмен арасындағы құқықтық қатынастардан;
ə) кəсіптік одақтың басшылықпен арасындағы құқықтық қатынастардан.
Ереуілдер. Егер ұжымдық еңбек дауын қараушы келісім органдары тараптарды келісімге келтіре алмаса немесе жұмыс беруші бітімшершілік процедураларынан бас тартса не кесімді орындамаса, қызметкерлер жиналыстар, митингілер, демонстрациялар өткізуге, тосқауылдарға тұруға, соның ішінде, ереуілдерге шығуға құқылы.
Ереуіл– бұл ұжымдық еңбек дауын шешу мақсатында қызметкерлердің еңбек міндеттерін толығымен немесе жартылай орындауын уақытша ұжымдық ерікті түрде тоқтатуы.
Ереуіл – бұл өз талаптарының орындалуына жету үшін қызметкерлердің жұмысты тоқтату жолымен жұмыс берушіге қысым жасауы. Ереуіл ұжымдық еңбек дауын шешуде ең соңғы шара болып табылады.
Ереуілді заңсыз деп танудың негіздері болып мына жағдайлар табылады: - ұжымдық еңбек дауының (шиеліністің) пəнінің болмауы;
- қызметкерлердің талаптарды орындамауы;
- ұжымдық еңбек дауының туындау сəтін бұза отырып, ереуілді жариялау.
Заңдарда ереуілге шығу құқығын шектейтін жағдайлар көзделген: · егер қызметкерлердің өз жұмысын тоқтатуы адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндірсе, табиғат апатының, апаттардың, эпидемия мен эпизодиялардың алдын алуға немесе олардың салдарын жоюға кедергі жасаса;
· қызметтің тоқтатылуы ауыр жəне қауіпті салдарға алып келетін темір жол көлігі, азаматтық авиация, байланыс, үздіксіз жұмыс істейтін өндірістердегі ереуілдерге;
· қорғаныс қабілеттігін, құқықтық тəртіпті жəне республика қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқаратын ұйымдарда;
· заңдарда көзделген өзге де жағдайларда.