Қазіргі кезде еңбек тəртібін қамтамасыз етудің төрт негізгі əдістері ерекше мəнге ие: Қалыпты жұмыс үшін қажетті ұйымдастырушылық жəне экономикалық жағдайлар жасау.
Еңбекке қатысты саналы қатынас.
Жұмыстағы жетістіктері жəне адал еңбегі үшін көтермелеу, тəрбиелеу, сендіру əдісі.
Көтермелеу жəне мəжбүрлеу.
Ішкі еңбек тəртібінің ережелері келесі бөлімдерден тұрады: 1. жалпы ережелер (ережелердің күші жөнінде);
2. қызметкерлерді қызметке алу жəне жұмыстан босату тəртібі;
3. қызметкерлердің негізгі міндеттері;
4. жұмыс берушінің негізгі міндеттері;
5. жұмыс уақыты жəне оны пайдалану;
6. жұмыстағы жетістіктері үшін көтермелеу; 7. еңбек тəртібін бұзғаны үшін жауапкершілік.
Еңбекті қорғау
Кең мағынада еңбекті қорғауадам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кооператив мүшелерінің, тəжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне таралады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кəсіподақтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік жəне басқару органдарының қызметінің бірлесуін көздейді жəне келесі қағидаларға негізделеді:
- кəсіпорынның өндірістік қызметінің нəтижелеріне қарағанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының үстемдігі;
- меншік иесінің немесе оның уəкілетті өкілінің толық жауапкершілігі;
- еңбекті қорғау міндеттерін осы мəселелерге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың жəне еңбекті қорғау саласындағы қызметтің экономикалық жəне əлеуметтік саясаттың өзге де бағыттарымен үйлестірудің нəтижесінде кешенді түрде шешу;
- еңбекті қорғау саласында меншік нысанын жəне шаруашылық қызметіне қарамастан барлық кəсіпорындар үшін бірыңғай талаптарды белгілеу;
- кəсіпорындардағы еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік техника талаптарының орындалуына мемлекеттік қадағалау жəне бақылауды жүзеге асыру;
- еңбекті қорғауға қатысты алдыңғы қатарлы ұлттық жəне шетелдік тəжірибені, ғылым, техника жетістіктерін кеңінен пайдалану;
- қызметкерлерді қорғайтын қауіпсіз техниканы, технологияны жəне құралдарды, еңбекті қорғауға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауды жəне енгізуді ынталандыру;
- еңбекті қорғауды қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы;
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кəсіподақтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік жəне басқару органдарының қызметінің бірлесуін көздейді жəне келесі қағидаларға негізделеді:
- кəсіпорындарда еңбектің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға жағдай жасайтын салықтық саясатты жүргізу;
- кəсіпорындардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты, ал қызметкерлердің еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік техникасының нормалары мен ережелерін сақтауға қатысты экономикалық мүдделілігі;
- кəсіпоырндардың қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялау;
- өндірістік мақсаттағы өнімдердің қауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне қатысты сертификациялауды жүргізу;
- еңбек жағдайына сараптама жүргізетін мемлекеттік органдарының тікелей жұмыс орындарында, сонымен қатар жаңа жəне өңделіп жатқан кəсіпорындардың құрылысының
жобаларында өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалау;
- қызметкерлерді арнайы киіммен жəне аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу-сауықтыру орындарындағы демалыспен жəне т.б. қамтамасыз ету;
- өндірістегі əрбір қайғылы оқиғаны жəне əрбір кəсіптік ауруды қарау мен есепке алудың, қызметкерлердің өндірістік жарақаттың, кəсіптік аурудың деңгейі жəне еңбекті қорғауды жақсартуға қатысты шаралар жөнінде хабарландырылуын қамтамасыз етудің міндеттігі;
- өндірісте қайғылы оқиғалардан жəбір шеккен немесе кəсіптік аурумен науқастанған қызметкерлердің мүдделерін əлеуметтік қорғау;
- жоғары жəне орта арнайы оқу мекемелерінде еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік техникасы бойынша мамандарды дайындау;
- қызметкерлердің, қоғамдық бірлестіктердің, кəсіпорындардың жəне жекелеген тұлғалардың өкілдік ұйымдарының еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметіне жан-жақты қолдау көрсету;
- еңбекті қорғау мəселелерін шешудегі халықаралық одақтастық.