Финансовый анализ


) еңбек қатынастары – еңбек құқығы пəнінің басты элементі



бет6/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
1) еңбек қатынастары – еңбек құқығы пəнінің басты элементі;
2) еңбек қатынастарымен тығыз байланысты жəне солардан туындайтын өзге де қатынастар.
Еңбек құқығы қатынастары – бұл еңбек құқығының нормаларымен реттелген еңбек қатынастары, бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қызметкердің еңбегін пайдалану жағдайлары жөніндегі заңды байланыс: қызметкер адал еңбек етуге міндетті, ал жұмыс беруші – тұрақты түрде жалақыны төлеп отыруға жəне еңбек заңдары мен еңбек шартын сақтауға міндетті.
Еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады:
Жалпы бөлімге еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтеріне жататын, қызметкерлердің жұмыс істейтін ұйымдарының аудандық жəне салалық тиістілігіне қарамастан, олардың (қызметкерлердің) еңбегін пайдалану жəне ұйымдастырудың жалпы мəселелерін реттейтін нормалар жатады.
Еңбек құқығы саласының ерекше бөлімі институттарға, яғни, еңбек құқығы қатынастарының туындау жəне жүзеге асырылу деңгейіне қарай кезектілікпен орналасатын бірыңғай нормалардың топтарына сəйкес құрылады.
Еңбек құқығының қағидалары – бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы.
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары – бұл қолданыстағы еңбек заңнамасының мəнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды жəне дамуды бағыттайды.
Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы нормаларының мəнін жəне мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады.
Еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидалары еңбекті ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінен көрініс береді. Олар объективтік экономикалық заңдардың күшіне тығыз байланысты.
Еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидаларына келесі белгілер тəн:
· олар экономикалық жəне саяси жағдайлармен байланысты, себебі, қағидалардың өзі мемлекеттік саясаттың негізінде анықталады;
· олардың мазмұнына ортақтық тəн, себебі, қағидалар əрқашанда құқықтың бір ғана емес, бірқатар нормалар тобының мəнін көрсетеді;
· мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет құқық нормаларында бекітеді жəне санкциялайды, қағидалар ортақтық пен міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық идеялар болып табылады;
· олардың жиынтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық нормасының белгілі бір құқық жүйесінің шегіндегі өзге нормалармен арақатынасы жағдайындағы мəнін ашады;
· мақсаттылыққа ие, себебі, құқық нормаларының динамикадағы, қозғалыстағы, белгілі бір мəселелерді шешудегі мəнін көрсетеді;
· тұрақтылыққа ие, себебі, құқық қағидалары ұзақ уақыт бойы əрекет етеді жəне өзінің табиғаты бойынша құқық нормаларына қарағанда өзгеріссіз сипатқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет