Финансовый анализ


Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада



бет7/26
Дата04.11.2023
өлшемі2,63 Mb.
#122082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
ҚР еңбек құқығы

Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада:
1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларының басты мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасының мəнін жəне оның экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен байланысын түсінуге көмек береді;
2) еңбек заңнамасының одан əрі дамуына, жетілуіне бағыт береді;
3) еңбек құқығының нормаларын қолдануға көмек береді, себебі, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы басшылыққа алуға болады;
4) жекелеген нормаларды еңбек құқығының жүйесіне біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік береді;
5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін анықтайды, олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен міндеттерін жəне олардың кепілдіктерін көрсетеді.
Əрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш түрге бөлуге болады:
· барлық құқық салаларына, соның ішінде, еңбек құқығына да тəн жалпы құқықтық қағидалар (заңдылық, теңдік, демократизм қағидалары жəне т.б.);
· құқық саласының нормаларының ерекшеліктерін, олардың бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар;
· тек белгілі бір құқық саласына тəн сала ішіндегі қағидалар (мысалы, халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру қағидалары жəне т.б.).
Жалпы (салааралық) қағидалар қатарынан мыналарды атауға болады:
заңдылық қағидасы;
азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен үстемдігі қағидасы;
мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқық;
қоғамдық көзқарасты ескеру жəне жариялық;
ұлтаралық одақтастық қағидасы.
Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің жəне азаматтардың ҚР Конституциясын жəне заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу міндетінен көрініс табады. ҚР Конституциясында заң мен сот алдында жұрттың бəрінің тең екендігі, тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтыны көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет