Әдебиеттер тізімі: 28, 32-35 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Қостанай жерінін физико-географиялық жағдайы қандай?
2 Қостанай ауданның топырақ-климаттық сипаттамасын беріңіз?
10 тақырып Флоралық байлығы
Мақсаты:
- Л.Г.Раменский бойынша фитоценоздарга түсінік беру
Жоспар:
1 Фитоценоздың флоралық байлығын анықтау
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау
Фитоценоздын барлык компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын жагдайда өсімдіктердің бірде-бір түрі доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралык құрамы жағынан өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі (кесте).
Л.Г.Раменский (1924) флоралық мүшелері толық және мүшелері толық емес фитоценоздар деген түсінік кіргізді. Егер фитоценоз құрамына онда өмір сүруге қабілеті бар өсімдік түрлерінің кейбіреулері кірмей қалған болса оны
Раменский мүшелері толық емес фитоценозға жатқызды. Фитоценоздардың флоралық мүшелері толық немесе мүшелері толық емес екендігін эксперимент жасап оларға қосымша тұқымдар сеуіп қана анықтауға болады.
Л.Г.Раменский фитоценоздарды мүшелері мүлде толық, жергілікті мүшелері толық, практикалық мүшелері толық және оның мүшелері толық емес деп бөлді. Мүшелері мүлде толық фитоценоздар жоқта болуы мүмкін. Фитоценоздарға адамның басқа аймактардан алып келген өсімдік түрлерін енгізу немесе оларды жергілікті фитоценоздарға әдейі саналы түрде кіргізу жұмыстары табиғатта флоралық мүшелері толық емес фитоценоздардың кең кездесетіндігін көрсетеді. Фитоценоздардың флоралық мүшелерінің толық еместігінің үлкен практикалық маңызы бар.
Кейбір өсімдіктер жабыны типтеріндегі түрлердің саны
(Корчагин, 1964).
Өсімдіктер
типі
|
Географиялық
район
|
Ассоциация немесе формация
|
Түрлердің саны
|
Әдеби
деректің
көзі
|
барлығы
|
ағаштар
|
бұталар
|
бұташықтар
|
Шөптер
|
мүктер
|
қыналар
|
Тундра
|
|
|
|
|
Орман
|
|
|
|
|
Дала
|
|
|
|
|
Шөл
|
|
|
|
|
Тропикалық орман
|
|
|
|
|
Ондай фитоценоздардың құрамына кіріп олардың өнімділігін арттыруға өабілеті бар өсімдік түрлерінің тұқымдарын өосымша себуге болады. Мысалы, шабындықтардағы бұршақ тұқымдастардың дәндерін қосымша себу жұмыстары. Әрбір фитоценозда өте мол, көп кездесетін және өте аз кездесетін өсімдік түрлері болады. Көп кездесетін өсімдік түрлерін көлемі кішкентай ауданнан да табуға болады, ал сирек кездесетін өсімдік түрлерін табу үшін көлемі үлкен ауданды қарау керек. Фитоценоздың флоралық байлыгын аныктау үшін алынған ауданның көлемі үлкен болған сайын ондағы өсімдік түрлерінің саны көбейе береді (әрине белгілі бір шекке дейін).
Көптеген зерттеушілердің жұмыстары бұл заңдылықтың толығынан осімдіктер қауымдарына сәйкес келетінін көрсетті. Зерттеушілер тәжрибеге негізделген (эмпиризмдік) мағлұматтарға сүйене отырып, әртүрлі ассоциациялар мен өсімдіктер типтері үшін сыналатын аудан көлемімен,онда осіп жетілетін өсімдіктер түрлерінің санының ара-қатынасын көрсететін қисық сызық жобасы жасалды .
Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% жуыгы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейміз (Раменский, 1925).
Қауымның немесе ассоциацияның флоралық байлығын табу ауданын ассоциацияны анықтау ауданымен шатастырмау керек. Ассоциацияны (анықтау ауданы дегеніміз ассоциацияның барлық негізгі белгілері (флоралық құрамы, құрылысы тағы с.с) айқындалатын ең аз аудан (Раменский, 1925).
Достарыңызбен бөлісу: |