Фитоценоз, биоценез, биогеоценоз жєне экосистема туралы т‰сініктер



бет25/51
Дата17.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#117552
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
abf bio uch pos region floristika sultangazina (1)

Әдебиеттер тізімі: 1, 33-35
Пысықтау сұрақтары:
1 Фитоценоздың флоралық құрамы дегеніміз не?
2 Фитоценозды зерттеу оның флоралық құрамын анықтау әдістері қандай?
9 тақырып Қостанай жерінің тарихы, физико-географиялық жағдайы Мақсаты:
- Қостанай жерінің физико-географиялык жағдайымен танысу
Жоспар:
1 Қостанай ауданның топырак-климаттык сипаттамасы


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқау
Зерттеу жүргізілген шаруашылық қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Жылдың көп бөлігінде шығыстан келетін азиаттық антициклонның солтүстік-батыс бүйірінің әсеріне қарсы тұрады. Батыстан келетін ылғалды қоңыржай ауа массалары біздің аумаққа өте сирек келеді, себебі жолында Орал таулары сияқты кедергі кездестіреді.
Облыстың солтүстігінде табиғи кедергілер болмағандықтан арктикалық суық, ылғалдылығы шамалы ауаларының оңай өтуіне жағдай жасалған.
Климаты континенталды деуге болады, құрғақшыл, онын қысы мен жазы температурасының кенет өзгеруімен сипатталады.
Зерттеу жүргізілген аумакта климат шарттары негізінен төмендегі кестеде келтірілген көпжылдык мәліметтерге сәйкес деуге болады (кесте).
Жазы ыстық және құрғақ, кысы аязды және қатал. Қараусыз күндер мезгілі I 12-160 тәулік.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 330-420 мм. Жауын-шашынның жылдағы басымдылығы жақсы байқалады.
Көктем және жазда аңызақтар байқалып тұрады. Ақырғы 30 жылда қуаншылық он жылда 2-4 рет байқалады.
Жылы кезең (орташа тәулікті температура 0° -ден жоғары) сәуірдің ортасынан қазанға дейін созылады және орташа 7 ай шамасында деуге болады. Ауа температурасы оң шамаға көшкенде жылда қалыптасатын және 4-5 ай тұратын қар жамылғысы бұзылады. Қардың калыңдығы ащық жерлерде 16-18см, ал корғау бар жерлерде 50-60см-ге дейін болады. Бірінші қар жамылғысы қазан айынын аягында байқалады, ал еруі сәуірдің бірінші жартысынан басталады. Топырақ 1м тереңдікке дейін тоңданады. Көктемі суық жылдары қар мамырдың ортасына дейін жатады, ал көктемі жылы жылдары наурыздың аяғында кетеді. Ауа райының бір ерекшелігі көктемде қар жылдам еріп кетуі де мүмкін.
Жылудың тез артуы сәуір және мамыр айлары бойында: орташа тәулік ауа температурасы +10° С онтүстікте мамырдың басында, ал солтүстікте айдың ортасында, ал +15° С тиісінше мамырдың ортасында және маусымның басында.
Көктемде температураның артуы кезінде суықтың қайта келуі жиі байқалады және ол түнде аяздармен жалғасады.
Маусымның аяғын, шілде мен тамыздың басын жылдың жылы бөлігі деуге болады. Шілде айында орташа тәулік температурасы +20° С жақындайды, максимум +40° С шамасында. Ауа температурасы +20° С жоғары болатын ыстық күндер жаз кезінде 30 күнге дейін болады.

Кесте - Ауа температурасы және жауын-шашын мөлшері



Айлар

Температура0, С

Жауын-шашын, мм

Қаңтар

-18,8

17,0

Ақпан

- 18,6

14,1

Наурыз

-11,1

13,0

Сәуір

3,4

26,2

Мамыр

12,2

31,0

Маусым

17,8

45,1

Шілде




55,0

Тамыз

17,6

35,0 П

Қыркүйек

11,2

30,0

Қазан

зд

40,2

Қараша

-5,3

20,0

Желтоқсан

-12,6

15,1

Орташа/° С/ және жылына/мм/

1,6

341,7

Зерттеу жүргізілген аумақта көп тараған оңтүстік аз гумусты қара топырағы. Бұл топырақтардың топырақ құраушы жыныстары болып қоныр-сары делювиалды құмбалшықтар саналады.


Табиғи өсімдіктер жамылғысы негізінен аралас шөпті-қызыл түсті ақселеулі, шөптілігі 80-85% далалардан тұрады. Астықты тұқымдастар ішінде басымдысы қызыл түсті ақселеу, бетеге және Лессинг ақселеуі, қылтанақсыз арпабас кездеседі.
Оңтүстік нагыз қара топырағы ортақ алыңды және шамалы қалыңды (қабатты) болып екі түрге бөлінеді.
Бұл топырақтардың морфологиялық көрсеткіштері мынандай: орта қалынды түрлерінде гумус қабатының қалындығы - 50-70 см, ал шамалы калыңды турінде - 30-40 см. Гумус қабатының түсі біркелкі емес, В қабатында тілсымақтасы көрінеді әсіресе ауыр құмбалшылықты түршелерінде. А қабаты үстіңгі бөлігінде бірсыпыра шымды, құрылымы тозаңды кесекті келеді, қалыңдығы І5-20см шамасында. Кәдімгі кара топырактарға карағанда карбонат және гипс қабаты жоғары мөлшерде тереңде қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет