Физика- математика факультеті



бет7/8
Дата13.06.2023
өлшемі61,83 Kb.
#100843
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жоба (3)

Бей-берекет объектілерде – үлкен эксцентриситетті орбитасы бар және Күн әсерінен бірнеше жүздеген астрономиялық бөлшектерге бөлінеді.
Кайпер белдеулік объектісі – құрамында мұз кішкене органикалық заттармен, нақтырақ кометалық заттар бар деген болжам бар.
Кайпер белдеулік объектісінің массасы белдеулік астериодтардан үлкен, ал бұлт салмағынан кіші болып табылады. Демек, қазіргі таңда Күн жүйесінде жүздеген объектілер ашылуы Плутонмен бірдей көлемге ие. Ендеше неге Плутон неге ғаламшар, қалғандары жоқ.
Плутон ғаламшар ма, ғаламшар емес пе?
Плутон – шынайы ғаламшар емес. Себебі, 1930 жылы орбита ашық түрде Нептун орбитасымен қиылысқан серігі. Ал өзі өте әлсіз және кейіннен ғайып болып кетеді. Бұл тоғызыншы ғаламшардың тартылуымен байланысты. Егер Плутон 70 жыл кейін анықталса, оны ешкім ғаламшар атамас еді. Аз салмақ (айдан 5 есе кем) және орбита басқаларға ұқсастығы оны, көп денешіктің бірі етеді. Осы дәйектерге қарап, 1997 жылы Брайан Марс Кіші ғаламшарлар орталығының директоры Плутонды үлкен ғаламшарлар қатарынан кішілерінің қатарына жатқызуды ұсынды. Оны 1999 жылы Халықаралық Астрономия Одағы заңды түрде дәлелдеп, Плутон ірі ғаламшар атынан айырылды.
2003 жылы Эрида объектісі бұл ойға қарама-қайшылық туғызды. Осы жағдайға орай Халықаралық Астрономия бірлестігі жиылды. Олардың пікірінше Нептунның айналасында Плутон сияықты әлі де көп объектілер бар, оларды ретке келтіру керек деген пікір туындады.
Эрида объектісін ашқан Майк Браун бірнеше шешім ұсынды:
8 ғаламшарды қалдыру, ал Плутонды басқа жаңа денелер ашуларына барьер ретінде пайдалану. Яғни, массалары мен көлемдері бойынша ірі ғаламшарларға сәйкес келмейтін ғаламшарларды күн жүйесіне енгізбеу.
Барлық сол қалпында қалдыру, 9 ғаламшарды. Бірақ, Браунның өз пікірінше бұл ұсыныс – «Күн жүйесі және ондағы жаңа ашуларды мүмкін болмауына әкелетін принцип».
Эрида объектісін Плутонға қосып қарастыру, осылайша 9 ғаламшарды сақтау.
Табылған объектілерді толық етіп қарастырып,бірнеше объектілер жиынтығын Ғаламшар есебінде қарастыру. Бұл барлық ірі ғаламшар спутниктерінің пішіндері сәйкес келмейді. Үлкендерінің диаметрі 400 км, дөңгелек пішінді болса, кішілерінің диаметрі 200 км сопақ пішінді келген.Демек, шекаралары да өзара сәйкес келмейді.
Бүгінгі таңда біз Койпердің белдеулік объектісі 44 екенін, кейбірі ірі көлемде екенін білеміз. Сонда 8+1+44=53 ғаламшар шығады жаңа анықтау бойынша, ал зерттеу бойынша бұл ұсақ объектілер саны 100-ден асады.
Ғаламшарлар және басқа денелер спутниктерден бөлек, 3 категорияға бөлінеді:
«Ғаламшар» - бұл Күн жүйесінде айналатын, аспан денесі.
Ұсақ ғаламшарлар – спутник емес, өзіндік массасы бар, Күн жүйесінде айналатын аспан денесі.
Қалған денелер объектілер. Күн жүйесінде айналады, оларды кішкене денелер деп атайды. Құрамына астероидтар мен кометалар және кіші денелер кіреді. Яғни, Күн жүйесі 8 ғаламшардан тұрады: Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және нептун. 2006 жылдың қыркүйегінде Плутонға ресми түрде 134340 деген номерлі астериод дәрежісін берді.
Чехия астанасы Прагада дүниежүзі астроном ғалымдары "ғаламшар" терминінің мағынасын қайта талқылады. Халықаралық астрономия одағы осы мәселе бойынша пікір алмасты. Мәселен, Плутон ғаламшар ма, жоқ па деген пікірталас ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Ғалымдар Прага конференциясында бір шешімге келсе, Күн жүйесінде ғаламшарлар саны тоғыз емес, он екі деп белгіленуі мүмкін.Прага конференциясында дүниежүзі астроном ғалымдары келесі аптада бір шешімге келсе, Күн жүйесіне жаңа ғаламшарлардың атаулары қосылуы мүмкін. Жалпы, "ғаламшар" деген сөз - гректің сөзі, мағнасы қазақтың "жолаушы" сөзіне жақын. Жұлдыздар аспанда қозғалусыз тұрады десек, ғаламшарлар жұлдыздарды айналып жүреді. Әзірше Күн жүйесінде тоғыз ғаламшар бар деп есептеледі. Тоғызыншы ғаламшар – Плутон, және де Плутон ғаламшар деп осыдан 70 жыл бұрын ғана танылған. Плутон "тоғызыншы ғаламшар" деп те аталады.
Алайда Күн жүйесінде соңғы жылдары тағы бірнеше объектілер ашылды, оларды қай категорияға жатқызу мәселесін ашып алатын уақыт келді. Жаңа объектілердің көлемі Плутондікімен салыстыруға келетіндей, кейде Плутонның көлемінен асып кетеді. Сонда оларды да ғаламшар деп тану керек пе?
Халықаралық астрономия одағы ғаламшарларды белгілеу комитетінің төрағасы Оуен Гинджерих ғаламшар деп танылу үшін объект жұлдызды айналып жүру керек, объектің өзі жұлдыз болмаса да сферикалық формаға келу үшін оның көлемі жеткілікті үлкен болу керек дейді:
- Мұнда маңызды ғылыми тұжырымдама жасалмақ. Басты орынға нысананың физикалық табиғаты шығып отыр. Ғаламшарды домалақ формаға айналдыру үшін объекті соншалықты үлкен бе, гравитациялық күші жеткілікті ме деген өлшем қарастырылып жатыр.
Плутонның өзін кейбір ғалымдар ғаламшар деп мойындамайды, ал енді көлемдері Плутоннан кем емес объектілер ашылып жатса оларды ғаламшар деп тану орынды бола ма, жоқ па? Міне осы мәселеде ғалымдар "плутондар" деген категорияны еңгізуді ұсынады. Яғни дәл қазір Күн жүйесінде сегіз ғаламшар бар деп есептелсе, қалған үлкен объектілерге, яғни "тоғызыншы ғаламшар" Плутонға ұқсас объектілерге "плутондар" деген категория берілсе жөн,-дейді Оуен Гинджерих:
- Қазір сегіз классикалық ғаламшар бар деп айтып отырмыз. Бұлар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун. Және плутон деген категория бар, бұл жаңадан бой алып жатқан категория.
Міне, астрономдар конференциясында "ғаламшар" категориясына "плутон" категориясын қосу ұсынылып отыр. Жалпы, Күн жүйесінде қазір нақты сегіз ғаламшар бар және оларға Плутон "тоғызыншы ғаламшар" боп қосылады. Осы тоғыз ғаламшар қатарына үш жаңа ғаламшар қосылуы ықтимал, бұлар соңғы жылдары ашылған Ксена, Шарон және Церес объектілері. Сонда жақын уақытта Күн жүйесі ғаламшарларының қатары он екіге жетпек. Ал бұлардың сыртында тағы "плутондар" пайда болмақ. Алайда, дейді Халықаралық астрономия одағы ғаламшарларды белгілеу комитетінің төрағасы Оуен Гинджерих, мектептегі балалардың басына Күн жүйесінде 12 ғаламшар бар деп қатып қалған түсінікті құюға болмайды. Себебі плутон деп танылғандардың саны келесі жылы өсе түспек. Ең дұрысы балаларды оқытқанда "Күн жүйесінде сегіз ғаламшар бар, олардың сыртында плутондар бар" деп оқытқан дұрыс, - дейді ғалым Оуен Гинджерих.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет