Физика есептерін шығарудың ғылыми -теориялық негіздері



бет2/9
Дата06.01.2022
өлшемі193,33 Kb.
#14090
1   2   3   4   5   6   7   8   9

КІРІСПЕ


Мектептегі оқу жұмыстарының қажетті элементтерінің бірі - пән бойынша есептер шығару. Физикадан есептерді шығару қазіргі кездегі орта білім беру бағдарламасына сәйкес VII сыныптардан бастап жүргізіледі. Физикадан есептерді шығару белгілі бір жағдайларда өтетін құбылыстарды сипаттап, оларға физикалық заңдарды қолдануды қажет ететін тапсырмалар үшін мағлұмат береді. Сондықтан, физика есептері оқушылардың пән бойынша алатын білімдерін нақтылауда барлық заңдардың әр түрлі көріністерін жетік білуді дарытуда өте маңызды. Білімдерді осылай нақтылаусыз олардың тәжірибелік бағасы болмай, кітап жүзінде қалып қоюы мүмкін.

Физика есептерін шығару оқушылардың пәнге қызығушылығын оятады, өзіндік жұмыс дағдыларына бейімдеуге көмектеседі, онымен қоса өзіндік ой қорытудағы негізгі құрал болады. Онымен қоса, есептер шығару физикалық заңдарды берік және тереңірек меңгеруге, ойлау логикасын дамытуға, бастамашыл болуға, қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа көмегі тиеді. Физика есептерін шығару кезінде оқушылар оқып үйренілетін заңдылықтарды түсінуге, жаңа ұғымдар мен формулалар енгізуге, жаңа тақырыптың мазмұнын талдауға бейімделеді. Есептерді шығарғанда оқушылар теория мен тәжірибенің байланысын тереңірек сезінеді. Физикадан алған білімдерін қолдана білу қажеттілігімен кездеседі. Сондықтан, диплом жұмысының тақырыбын «Орта мектепте ядролық физикадан есептер шығару әдістері» деп таңдап алуымыз кездейсоқ емес. Жұмысты орындау барысында тарау бойынша есептер шығаруды жан-жақты талдай отырып, оқушылардың білім шеңберін кеңейтуді көздедік. Осы айтылғандардың негізінде диплом жұмысының өзектілігі мен көкейкестілігі туындап, зерттеу жұмысының тақырыбын «Орта мектепте ядролық физикада есептер шығару әдістері» деп алдық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет