Физика есептерін шығарудың ғылыми -теориялық негіздері


ЕСЕПТІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ШЫҒАРУ ТӘСІЛДЕРІ



бет5/9
Дата06.01.2022
өлшемі193,33 Kb.
#14090
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Диполмный работа

1.2 ЕСЕПТІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ШЫҒАРУ ТӘСІЛДЕРІ
Физика есептері мазмұны және дидактикалық мақсаттарына сай алуан түрлі. Оларды түрлі мазмұндағы көптеген есептер үшін неғұрлым типтік қасиеттерін бейнелейтін әртүрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады. Әдістемелік әдебиетте осы мәселеге байланысты түрлі көзқарастар кездеседі, бұл оның жеткіліксіз дәрежеде зерттелгенін көрсетеді.

Бұл мәселені қарастырғанда есептерді классификациялау, басқа да ғылыми ұғымдар сияқты, түрлі белгілеріне қарай - классификацияның мақсатына байланысты жүзеге асырылатынын ескеру керек. Атап айтқанда, есептер былай классификациялануы мүмкін:



  • ондағы қамтылған информацияның берілу тәсілі бойынша;

  • шығарудың негізгі тәсілі - есепте қойылған сұрақтың жауабын алу бойынша;

  • мазмұны және басқа белгілері бойынша.

Классификациялау мақсаты түрліше болуы мүмкін. Егер, мысалы, есептер политехникалық білімді жүзеге асыруға, кәсіптік бағдарлауға қандай мөлшерде себі тиетінін білгіміз келсе, онда барлық есептерді мазмұны бойынша классификациялаймыз да, оқулықтар мен есептер жинағындағы барлық есептің қандай проценті өндірістік-техникалық мазмұнды, ал қандай мөлшерде абстрактылы есептер екендігін санаймыз. Кейбір жағдайларда бірқатар есептерді шығаруды жалпы тұрғыдан айқындау мақсатында немесе шешудің алгоритмін құруда есептерді шығару тәсілдері бойынша классификациялау ыңғайлы [3].

Есептерді онда қамтылған информация бойынша классификациялай отырып, біз есептер шартының айтылу тәсіліне басты назар аударамыз. Келтірілген классификациялардың кез келгені толық және соңына дейін жүйелі болмайды, өйткені кейде бірдей есептер классификациялау тәсіліне қарай түрліше топтарға жатқызылуы мүмкін. Сөйте тұра, әдістемелік мақсаттарда есептерді классификациялауды қолдану пайдалы. Есептерді классификациялаудың бірнешесіне толығырақ тоқталайық.

Физикалық есептерді айтылу тәсіліне қарай негізгі төрт түрге бөлуге болады: текстілі, эксперименттік, графиктік және сурет-есеп. Олардың әрқайсысы өз кезегінде сандық (немесе есептеу) және сапалық (немесе сұрақ-есептер) болып бөлінеді. Сонымен бірге есептің негізгі түрлерін қиындық дәрежесіне қарай оңай және қиын, жаттықтыру есептері мен шығармашылық есептер және басқа типтерге бөлуге болады.

Физиканы оқу процесінде текстілі есептер жиірек пайдаланылады. Бұл есептер - шарты сөзбен берілген, дәлме-дәл, әрі олардың шартында физикалық константалардан басқа барлық қажетті мәліметтері бар есептер. Шығару тәсілдеріне қарай оларды сұрақ-есептер және есептеу есептері деп бөледі.



Сұрақ-есептер- бұл шығару кезінде қандай да бір физикалық құбылысты түсіндіруді (есептеуді орындамай) немесе белгілі бір жағдайларда құбылыстың қалай болып өтетініне болжам жасауды қажет ететін есептер. Әдеттегіше, мұндай есептердің мазмұнында сан мәліметтер болмайды. Мысалы:

  1. Су толтырылған бөтелке суға батады. Сынап толтырылған бөтелкені ішінде сынабы бар ыдысқа батырғанда, бөтелке қайтеді? (ҮІ сынып.)

  2. Электр шамының қылы аппақ болып қызғанда, бойымен дәл сондай ток жүріп тұрған сымдар неліктен салқын қалпында қалады? (ҮІІ сынып.)

Сұрақ-есептерді шығару кезінде есептеулердің болмауы оқушылардың назарын физикалық мәніне аударуға мүмкіндік береді. Қойылған сұрақтарға жауаптарды негіздеу қажеттігі оқушыларды пайымдауға, физикалық заңдардың мәнін тереңірек ұғынуға үйретеді.

Сұрақ-есептерді шығару, есептің графиктік материалы болатын жағдайларынан басқасында, әдеттегідей, ауызша орындалады. Жауаптар суреттермен де берілуі мүмкін. Мысалы, мына есепке жауап тек суретпен берілуі мүмкін:



1-есеп. Бала торғайдың суретін қыста да жазда да салған. Суреттердің қайсысы қыста салынған ?

1 - сурет. Сурет-есептерге мысалдар.


Сұрақ-есептер мен сурет-есептер тығыз жалғасады. Бұларда сұраққа ауызша жауап беру немесе есептерде қойылған сұраққа жауап болатын (1-сурет) суретті салу талап етіледі. Мұндай есептерді шығару оқушылардың зейінін, бақылағыштығын және графикалық сауаттылығын дамытуға көмектеседі.
Сандық есептер - бұл есептерде қойылған сұрақтардың жауабын есептеулерсіз алуға болмайды. Мұндай есептерді шығарғанда сапалық анализ де қажет, бірақ оны процестегі қандай да бір сандық сипаттамаларды санау арқылы сапалық анализбен де толтырады. Сандақ есептер қиындығына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай есептер деп күрделі емес анализ бен жай есептеулерді қажет ететін, әдетте бір- екі амалмен шығарылатын есептер түсініледі. Мұндай есептерді шығару (азғантай мөлшерде) енді ғана оқып үйренілген заңдылықты нақтылау үшін қажет. Олардың неғұрлым оңайларын ауызша шығаруға болады.

Сандық есептерді шығару үшін түрлі: арифметикалық, алгебралық, геометриялық, гарафиктік тәсілдер қолданылуы мүмкін.

Есеп шығарудың арифметикалық тәсілінде арифметикалық амалдар қолданылады және есептеуде де шамамен арифметикадан есеп шығарғандағыдай. Мектептер қазіргі қолданылып жүрген бағдарламаға көшкенде есептерді арифметикалық тәсілмен шығару негізінен ҮІІ сыныпта болады.

Есептерді шығарудың алгебралық тәсілі формулалар мен теңдеулерді қолданумен шектеледі. Геометриялық тәсілде геометриялық теоремалар, ал графиктік тәсілде графиктер пайдаланылады.

Тексітілі есептердің қатарына абстрактілі есептерді жатқызуға болады, бұл күнделікті өмірде бақыланған құбылыстар мен процестер сөз болатын есептер, өндірістік –техникалық мазмұнды есептер және ақырында, тарихи мазмұнды есептер. Кейде текстілі есептердің ерекше тобына «қызықты есептер» делінетіндер жатқызылады.

Техникалық мазмұнды есептерді мұғалім, газеттер мен журналдар, радио мен телевизия хабарларын пайдалана отырып, өзі құрастыра алады. Есептерді құрастыруда өндірістік экскурсиялар материалын пайдалануға болады. Заңдардың немесе қандай да бір өнертабыстың ашылу тарихынан алынған фактілерді пайдаланады. Олардың үлкен танымдық және тәрбиелік мағынасы бар.

Қызықты есептерде мәселенің әдеттен тыс қойылуы өзгеше және нәтижелердің кейінгі талқылауы әдетте оқушыларды қатты қызықтырады. Көптеген қызықты есептерді Я.И.Перельманның [4] «Қызықты физика» кітабынан және «Знание – сила», «Юный техник», «Квант», «Техника молодежи» т.б. журналдардан табуға болады.

Есептердегі эксперимент түрліше пайдаланылады. Кейбір жағдайларда демонстрациялық үстелде жүргізілген тәжірибелерден немесе оқушылардың өздері орындаған тәжірибелерінен есептер шығаруға қажетті мәліметтерді тауып алады. Бұл жағдайда есепті тәжірибесіз шығаруға болмайды. Екінші бір жағдайларда есептің шартында көрсетілген мәліметтерге сүйеніп, есепті тәжірибесіз де шығаруға болады. Мұндай жағдайларда тәжірибені есепте айтылған құбылыстармен процестерді иллюстрациялау үшін немесе шешудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылса, ондай есепті эксперименттік деп атау дұрыс болмайды.

В.И.Лукашиктің және В.А.Золотовтың [5] есептер жинақтарындағы көптеген есептерді эксперименттік есептер ретінде қоюға болады.

Эксперименттік есептерді шығару процесінде оқушылардың бақылағыштағы дамытылады, приборлармен жұмыс істеудегі дағдылары жетілдіріледі. Мұнда оқушылар физикалық құбылыстар мен заңдардың мәнін тереңірек танып біледі.

Графиктік есептерді шығару процесінде графиктерді пайдаланады.

t0C

30

20 А


10 0 В

-10 10 30 50 D 70 E 90 t(мин)

2-сурет

Мысалы: «График (2-сурет) қандай үрдісті кескіндейді? Графиктің АВ, ВС, СD және DE бөліктері қандай құбылысты сипаттайды? Бақылау қандай температурада басталған және қандай температурада аяқталған?»

Есептерді шығарудағы графиктердің роліне қарай, қолда бар графикке жасалған анализ негізінде, жауабы алынатын есептер (мысалы, жоғарыда келтірілген жағдайда) және шамалар арасындағы фунуциялық тәуелділікті график түрінде көрсетуді қажет ететін есептер болып ажыратылады.

Графиктік есептерді шығару шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті түсінуге, графиктермен жұмыс істеу дағдыларын дарытуға көмектеседі. Олардың танымдық маңызы осында.

Шартында оларды шығаратын мәліметтер жетіспейтін физикалық есептер толымсыз мәліметтермен берілген есептер деп аталады. Мұндай есептерге жетіспейтін мәліметтер анықтағыштардан, таблицалардан және басқа әдебиеттерден алынады. Мұндай есептермен оқушылар өмірде жиі кездеседі, сондықтан мектепте бұл сияқты есептерді аса бағалы.

Оқушылардың есепшығаруға қызығушылығын арттыру үшін есептерді шебер таңдай білу қажет. Олардың мазмұны түсінікті де қызықты, қысқы да дәл тұжырымдалған болуы тиіс. Есептегі математикалық операциялар оның физикалық мағынасын көлеңкелемеуі тиіс. Жасандылықтан және есептер шартындағы ескірген сан мәліметтерден аулақ болуы қажет.

Тақырып бойынша есеп шығаруды оңайынан бастау керек, олардың ішінде оқушылардың зейіні берілген тақырыптағы оқып үйренілетін заңдылықтардың немесе жаңа ұғымын ңбелгілерін анықтап оның басқа ұғымдармен байланысын тағайындау төңірегіне тоқталады. Одан кейін біртіндеп қиынырақ есептерге көшкен жөн.

Физикалық есептер ҮІІ және ҮІІІ сыныптарға арналған физика оқулықтарында көп берілген. Мұғалім олардан оқушылардың сынап жұмысына арналған және үй жұмысына арналған есептерді таңдап алуына болады. Осымен ҮІІ-ҮІІІ сыныптарға арналған есептер жинақтарын да пайдаланған жөн [6].

Есептерді шығару сабақтарын қиындық деңгейін саты бойынша жоғарылатып, сонылық есептерді қарапайымдыларымен кезектестіріп, есепке «ену» әдістемесін қолдана отырып және тағы басқадай өткізуге тиімді.

Шарттарды жазғаннан кейін және оны ұғынғаннан соң оқушыларға есептегі сипатталған жағдайды көз алдына елестетуді ұсыну керек, осының арқасында олардың абстрактылы ой қорытуларының дамуына сеп тиеді. Сұхбат жүргізу және талдау барысында есептің мүмкін болатын шешімдерін анықтаймыз. Кей жағдайларда қолда бар нәрселердің көмегімен есептегі жағдайды «жасауға» болады немесе тәжірибе жүргізген орынды. Есеп шешімін табу - ұжымдық шығармашылық, бұл үрдіс кезінде оқушылар жаңалық ашады, теориялық білімдерін қайталап, естеріне сақтайды, математикалық іскерліктерін дамытады, қосымша ақпарат алады, алынған нәтиженің нақтылы жағдаймен сәйкестіген бағалауға баулиды.

Есепті шығарғаннан кейін ұқсас немесе кері есептердің мысалдарын келтіруге болады. Олардың шешіміне әкелетін жалпы жолды - алгоритмді жасаған пайдалы. Балаларды негізінен әзілді шарттары бар сонылық, бағалауға арналған, эксперименттік есептер қызықтырады. Мұндай есептер оларды зорланушылықтан арылуға, релаксацялық паузаларды ұйымдастыруға, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізеді.

Есептерді шығару барысында біз оқытылған тақырыпты тек бекітіп және қайталап қана қоймай, сонымен қатар оның алдында өтілген материалға да ораламыз. Бұған қоса біз үлкен математикалық қабатты (пласт) көтереміз: геометриялық нормаларды, тригонометриялық формулаларды, алгебралық келтірулерді және тағы басқаларды қолданамыз, сондай-ақ қолданбалы есептерді шығаруда жалпы математикалық әдістерді қолданамыз. Мұндай сабақтарды кең түрде басқа пәндермен - химиямен, биологиямен, географиямен, тарихпен, әдебиетпен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады [7].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет