Физика және техникалық пәндер кафедрасы


Білімнің қорытынды бағасы келесі түрде бағаланады



бет4/25
Дата12.02.2023
өлшемі1,74 Mb.
#67276
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Білімнің қорытынды бағасы келесі түрде бағаланады:


  • Әріптік жүйе бойынша баға

    Балдардың сандық баламасы

    Пайыздық мазмұны

    Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

    А

    4,0

    95-100

    өте жақсы

    А-

    3,67

    90-94

    В+

    3,33

    85-89

    жақсы

    В

    3,0

    80-84

    В-

    2,67

    75-79

    С+

    2,33

    70-74

    С

    2,0

    65-69

    Қанағаттанарлық

    С-

    1,67

    60-64

    D+

    1,33

    55-59

    D

    1,0

    50-54



    0,5

    25-49

    Қанағаттанарлықсыз

    F

    0

    0-24

    Берілген курс үшін студенттің нәтижелік бағасы келесі компоненттерден құралады:


    1. Үй жұмыстары, сабақтағы үлгерімі, сонымен қатар сабаққа қаттысуы.
    2. Аралық бақылау: бақылау жұмысы, коллоквиум, тестілік бақылау, өзіндік жұмыс (СӨЖ).
    3. Нәтижелік емтихан. Емтихан тапсыру семестрдің аяқталуы мен кредит алудың міндетті шарты болып есептеледі.
    Рейтинг – шкала

    Бақылау түрлері

    Баллдар

    Аралық бақылау №1

    25

    Аралық бақылау №2

    35

    Қортынды емтихан

    40

    Барлығы

    100



    1.9. Глоссарий



    Жаңа түсініктер

    Мазмұны

    1

    Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы

    біртекті оптикалық ортада жарық түзу сызықпен таралады.

    2

    Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңдылығы

    бөлек шоқтың әсері басқа шоқтардың болуына тәуелсіз өтеді.

    3

    Жарықтың шағылу заңы

    шағылған сәуле түскен сәулемен және екі ортаны бөліп тұрған шекараға тұрғызылған перпендикулярмен бір жазықтықта жатады: шағылу бұрышы і1' бен түсу бұрышы і1 тең: і1'= і1

    4

    Жазық айна

    жарықты айнадай шағылдыратын жазық бет



    5

    Жарықтың сыну заңы

    түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөліп тұрған шекараға тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; түсу бұрышының синусы мен сыну бұрышының синусының қатынасы екі орта үшін тұрақты шама

    6

    Ортаның сыну абсолют көрсеткіші

    электромагнит толқындардың вакуумдағы С жылдамдығының ортадағы ν фазалық жылдамдығының n қатынасы

    7

    Толық ішкі шағылу

    жарықтың оптикалық тығыздығы аз ортадан шағылғанда оның сынуы нольге тең, ал шағылған жарықтың интенсивтігі түскен жарықтың интенсивтігіне тең құбылыс.

    8

    Геометриялық оптика

    жарық сәулелерінің түсінігіне негізделген жарықтың таралу заңдарын қарастыратын оптика тарауы

    9

    Жарық сәулелері

    бойымен жарық энергиясының ағыны таралатын толқындық бетке жүргізілген нормал сызықтар

    10

    Линзалар

    жарық толқындарын сындырып денелердің оптикалық бейнелерін құрайтын екі бетпен қоршалған мөлдір денелер

    11

    Жұқа линза

    линзаны қоршаған беттердің радиустарынан қалыңдығы неғұрлым кіші линза

    12

    Бас оптикалық ось

    беттердің қисықтық центрлерінен өтетін түзу сызық

    13

    Линзаның оптикалық центрі

    сәулелер сынбай өтетін бас оптикалық осьте жататын нүкте

    14

    Ферма принципі

    жарықтың нақты таралу жолы басқа жолдарға қарағанда ең аз уақыт алатын жол болып табылады.

    15

    Фокус

    линза бас оптикалық оське параллель түскен сәулелер сынғаннан кейін жиналатын нүкте

    16

    Фокалдық жазықтықтар

    бас оптикалық оське перпендикуляр түрде фокустан өтетін жазықтықтар

    17

    Линзаның сызықтың ұлғайтуы

    кескін мен дененің сызықтық пішіндерінің қатынасы

    18

    Оптикалық жүйе

    жүйелі түрде дененің кескіндері алынатын жинағыш және шашыратқыш линзалардың немесе линзалармен айналардың комбинациясы

    19

    Фотометрия

    жарықтың және олардың көздерінің интенсивтігін өлшейтін оптиканың тарауы

    20

    Электрондық оптика

    зарядталған бөлшектер шоғының құрылуын, фокустануын және ауытқуын, олар арқылы вакуумда электр және магнит өрісі әсерінен кескін алатын физика мен техника саласы

    21

    Электрондық линзалар

    электр және магнит өрісінде құрылып және фокустанатын зарядталған бөлшектер шоғын алатын құралдар

    22

    Электрондық микроскоп

    микрообъектердің кескіндерін құрауға арналған құралдар

    23

    Электрондық – оптикалық түрлендіргіш

    жарық кескіндерінің жарықтылығын күшейтетін және көзге көрінбейтін объектінің кескінін түрлендіретін құралдар.

    24

    Когерегенттік

    бірнеше тербеліс және толқындық процестердің кеңістікте бір уақытта келісіліп отуі; толқындар интерференциясының қажетті шарты

    25

    Монохроматтық толқындар

    бір белгілі қатаң тұрақты жиілігі бар кеңістіктегі шексіз толқындар

    26

    Толқындық цуг

    Атомдардың бөлек қысқа импульстар түрінде жарықтың үзілісті сәулеленуі.

    27

    Когерегенттіктің ұзындығы

    жүріс барысында екі немесе бірнеше толқындар өзінің когеренттігін жоятын жол.

    28

    Когерегенттіктің радиусы

    Интерференция байқалуы мүмкін толқынның таралу бағытына көлденең максимал жол ұзындығы

    29

    Оптикалық жол ұзындығы

    Жарық толқынның геометриялық S жол ұзындығының ортаның n сыну көрсеткішінің көбейтіндісі.

    30

    Гюйгенс-Френель принципі

    бір S жарық көзінен шыққан жарық толқыны жорамал жарық көздерінен шыққан реттегі когерент толқындардың суперпозициясының нәтижесі деп қарауға болады.

    31

    Френель дифракциясы

    дифракция тудыратын кедергіден дифракциялық бейне шектелген қашықтықта болатын дифракция

    32

    Фраунгофер дифракциясы

    дифракция тудыратын кедергіден шексіз қашықтықта орналасқан жарық көзі мен бақылау нүктесінен туатын параллель сәулелердің дифракциясы

    33

    Бір өлшемді дифракциялық тор

    ендері бірдей жарық өтпейтін аралықтармен бөлінген бір жазықтықта жататын бірдей ендері бар параллель саңлаулардың жиыны.

    34

    Дифракциялық тордың тұрақтысы (периоды)

    d=a+b тең шама; а – саңылау ені,
    b – саңылаулар арасындағы жарық өтпейтін аралық.

    35

    Лай орта

    Оптикалық біртектістігі айқын көрінетін орта

    36

    Молекулалық шашырау

    тығыздықтың, анизотропияның немесе концентрацияның флуктуациясымен таза орталарда байқалатын жарық шашырауы.

    37

    Голография

    Интерференциялық бейненің тіркеуіне негізделген толқын өрісінің жазуымен кескіндеудің ерекше әдісі.

    38

    Жарық диперсиясы

    Заттың сындыру n көрсеткішінің жарықтың (толқын ұзындығы λ) жиілігіне байланысы немесе жарық толқындарының υ фазалық жылдамдығының ν жиілігіне байланысы.

    39

    Жарықтың жұтылуы (абсорбция)

    Жарық толқынының заттың ішінде таралғанда толқын энергиясының басқа энергияның түрлеріне ауысуынан толқынның энергиясының кемуі.

    40

    Поляризацияланған жарық

    Жарық векторының тербелістерінің бағыты реттелген жарық.

    41

    Сәуленің қосарласып сынуы

    Мөлдір кристалдарға түскен жарық шоғының екіге бөлінуі.



    2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар


    2.1. Тақырыптық жоспар
    Барлығы: 3 кредит





    Тақырыптар мазмұны



    Академиялық сағат саны

    Дәріс

    Тәжірибелік (семинар) сабақтары

    Зертханалық сабақтар

    СОӨЖ

    СӨЖ

    1.

    Кіріспе. Оптика пәні. Жарық жөніндегі ілімнің дамуына қысқаша тарихи шолу. Жарықтың электромагниттік табиғаты.

    2







    2

    6

    2.

    Фотометрия. Фотометрияның негізгі ұғымдары. Жарық шамаларының бірліктері. Көріну функциясы. Жарықтың фотометрлік және энергетикалық шамаларының арасындағы байланыс.

    3

    1

    1

    3

    7

    3.

    Жарық интерференциясы.
    Тербелістер мен толқындар когеренттілігі. Жарық интерференциясын бақылау әдістері. Оптикалық жарық жолы. Жарықтың жұқа пленкаларды интерференциялануы. Интерференциялық құралдар. Қос сәулелі және көп сәулелі интерферометрлер.

    4

    1

    1

    2

    7

    4.

    Жарық дифракциясы
    Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналар әдісі. Зоналық пластинка. Бір саңылаудағы дифракция. Дифракциялық торлар. Фазалық торлар. Рентген сәулелерінің дифракциясы. Рентген сәулелерінің дифракциясын бақылаудың әдістері.

    3

    1

    1

    3

    7

    5.

    Оптикалық голография әдісі.
    Голография принципі. Жазық голограмма. Уақыт пен кеңістіктің когеренттілігі. Голограммалар алу және кскінді қалпына келтіру схемалары. Көлемдік голограммалар. Голографияның қолданылуы. Жарық сәулесін спектрге жіктеу және спектрлік құралдардың негізгі сипаттамалары.

    2

    1

    1

    2

    7

    6.

    Геометриялық оптика негіздері.
    Геометриялық оптиканың негізгі қағидалары мен заңдары. Негізгі анықтамалар. Ферма принципі. Жарықтың сфералық бетте сынуы. Центрленген оптикалық жүйелер. Жарықтың линзада сынуы. Жұқа линза. Абберация. Оптикалық құралдардың ажыратқыштық қабілеті.

    2

    1

    1

    2

    7

    7.

    Жарықтың изотропты және анизотропты орталанды таралуы.
    Электромагниттік толқындардың заттармен әсерлесуі. Ортаның электрлік және оптикалық қасиеттері. Электр диполінің жарық шығарды. Екі диэлектрлік ортаны бөлуші шекарада электромагниттік толқынының шағылуы және сынуы.

    2

    1

    1

    2

    7

    8.

    Кристаллоптика негіздері.
    Жарық поляризациясы. Поляризаторлар. Электромагниттік толқынның анизатроптық ортада таралуы. Бір осьті крсталлдардың оптикалық қасиеттері. Поляризацияланған сәуленің интерференциясы Жарықтың эллипстік және дөңгелектік поляризациясы. Табиғи жарықтың ішкі құрылымы. Сәуленің қосарланып сынуы.

    2

    1

    1

    2

    7

    9.

    Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы.
    Жарық дисперсиясы, оны бақылау әдістері. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдықтары. Дисперсия теңдеуі. Қалыпты және аномальды дисперсия. Жарықтың жұтылуы.и Жарықтың шашырауы. Жарықтың молекулалық шашырауы және оның спектрлері. Жарықтың комбинациялық шашырауы.

    2

    2

    1

    2

    7

    10.

    Сәуле шығару түрлері.
    Жылулық сәуле шығару заңдары. Кирхгоф заңы.. Абсолют қара дене.
    Сәуле шығарудың Стефан-Больцман заңы және Виннің ығысу заңы. Рэлей-Джинс формуласы Планк формуласы. Оптикалық пирометрия жарық көздері. Люминисценцияның түрлері. Фотолюминисценция, флуоресценция, фосфоресценция. Оптикалық кванттың генераторлар. Лазер сәулесінің техника және ғылымды пайдалануы.

    2

    2

    1

    2

    7

    11.

    Жарықтың әсері
    Фотоэлектрлік эффект. Сыртқы және ішкі фото эффект. Эйнштейн формуласы. Жарықтың кванттық қасиеттері. Фотоэффект құбылысын пайдалану. Жарық қысымы, оны тәжірибе жүзінде бақылау. Комптон эффектісі. Жарық қысымын фотондар теориясы тұрғысынан түсіндіру.

    2

    1

    1

    2

    6

    12.

    Жарықтың қозғалыстағы ортада таралуы.
    Жарық жылдамдығы, оны өлшеу әдістері. Қозғалыстағы денелермен жасалынған оптикалық тәжірибелер. Физо мен Майкельсон тәжірибелері. Оптикадағы Доплер құбылысы.

    2

    1

    1

    3

    6

    13.

    Сызықтық емес оптика негіздері.
    Оптикадағы сызықтық емес эффектілер. Сызықтық емес дисперсия. Жарықтың өзіндік фокусталуы. Өзіндік дифракция. Көп фотондық жұтылу және иондалу. Сызықтық емес фотоэффект.

    2

    1

    1

    3

    7






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет