Физика кафедрасы


Практикалық сабақтың тақырыбы №8



бет19/43
Дата31.08.2022
өлшемі145,11 Kb.
#38326
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Байланысты:
zertteu adisteri - seminar

Практикалық сабақтың тақырыбы №8
Зерттеулердің сандық және сапалық әдістері


Практикалық сабақтың мақсаты мен міндеттері: Зерттеулердің сандық және сапалық әдістеріне түсініктеме беру.


Практикалық сабақтың мазмұны: Сандық зерттеулер алғашқы деректерді жинау және талдауды сипаттайды. Бұндай зерттеулер нақты, статистикалық сандық деректер қажет болғанда жүргізіледі. Сандық зерттеулер әдісінің негізінде нақты математикалық және статистикалық моделдер жатыр, нәтижесінде зерттелетін көрсеткіштердің нақты сандық мәндеріне ие боламыз.
Сандық зерттеулер (тұтынушыларды зерттеу), «Қанша?» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді, зерттелетін параметрлердің таралуына баға бере отырып сонымен қатар олардың көлемін: нарықтағы үлесін, танымалдылығын және т.б. бағалауға мүмкіндік берді.
Сандық маркетингтік зерттеулер арқылы шешілетін міндеттер: орыс тілінде қате
• Табиғи және ақша түріндегі нарықтың потенциалды және шынайы көлемін және сыйымдылығын бағалау.
• Негізгі бәсекелестер арасында нарықтық үлестерді үйлестіруге баға беру
• Тұтынушылардың негізгі сараланымдарын анықтау
• Тұтынушының тауарды сатып алуға дайындығын, тауардың нарықтағы өз орнын алудағы үрдістерін және болашағын анықтау
• Тұтынушының кейпін анықтау: әлеуметтік-демографиялық, психологиялық сипаттамалар негізінде
• Тұтынушының тауарға деген қатынасын білдіретін параметрлер негізінде өлшеу жүргізу
• Жаңа тауарды немесе қызметті тұтынып көргендер арасында қайта сатып алу жүйесін жоспарлау
• Тауарға ең үздік қаптаманы анықтау
• Тауарға немесе қызметке оңтайлы бағаны анықтау
• Бос тауашаларды анықтау
• Бар тауардың нарық талаптарына лайықтығына баға беру
• Жарнама науқандарының және т.б коммуникациялық каналдардың тиімділігіне баға беру
• Тауар немесе қызмет сатылымының деңгейіне баға беру
• Өнімнің жекелеп сату желісіндегі таныстырылымына баға беру
Сандық зерттеу әдісінің басымдылықтары:
• Зерттеу объектісінің кең ауқымын қамту (респонденттерді, орындарды және т.б).
• Алайда қолжетімділігі күрделі сегменттерге (тұрғындардың жоғарғы/төменгі әлеуметтік қабаттарындағы) сапалық әдістердің қолданылуы дәстүрлі болып табылады (case study)
• Сұрауға қатысушылардың құпиялығының сақталу мүмкіндігі. Сандық зерттеуге арналған анкета анонимді сипатқа ие болуы мүмкін. Сандық зерттеулер жүргізгенде сұрау жүргізуші респонденттің атын, мекенжайын және телефонын анықтайды, бұл сұрау жүргізушінің жұмысына сапалы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
• Көрнекті құралдарды пайдалану мүмкіндігі (карточалар, фотолар, жарнама плакаттар және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет