Физика кафедрасы


Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері



бет42/43
Дата31.08.2022
өлшемі145,11 Kb.
#38326
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық Интеллектуалдық меншік объектілерін кұру фактісі және тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды і беруі нөтижесінен туындайды.
Суретші сурет салды, автор кітап жазды. Бұл жердегі сурет пен интеллектуалдық меншік құқығы негізінде заңды дәлел болып табылады.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.
• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.
Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
• Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
Авторлық құқық
Авторлық құқық шығармашылық қызметтің нәтижесі ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларына оның мақсатына, мазмұнына және абыройына, сонымен бірге оны жеткізудің әдістеріне қарамастан тарайды.
Авторлық кұқық жарық көрген (жарияланған, шығырылған) және әлі жарық көрмеген (жазбаша немесе ауызшн таспаға басылған шығармалар, бейнежазбалар, мүсін өнері ғимарат, үлгі және т.б.) туындыларға беріледі.
Авторлық құқық өзіндік идеяларға, тұжырымдамаға қағидаларға, әдістерге, жүйелерге, үрдістерге, жаңалықтарға, айғақтарға тарамайды.
Авторлық кұқықтың объектілеріне мыналар жатады:
• әдеби шығармалар;
• драма және музыкалыдрамалық шығармалар;
• мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
• қолданбалы өнер шығармалары;
• фотографиялық шығармалар;
• сахналық туындылар;
• карталар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді шығармалар;
• энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер базасы;
• хореография және пантомимді шығармалар;
• кино, теле, бейне (видео) жәнө диафильмдер;
• ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
• архитектура, қалақұрылыс және бақша-саябақ өнерінің шығармалары;
• жасанды шығармалар (аудармалар, рефераттар, түйіндер, музыкалық оранжировкалар, және т.б.)
Ресми құжаттар, мемлекеттік символдар, халық шығармашылығының туындылары, оқиғалар мен айғақтарды хабарлау авторлық құкықтық объектілеріне жатпайды.
Нағыз пиццаның дәмі — миландық пиццаның дәмі дейді Солтүстік Италияның Милан қаласының тұрғындары. Миландық 4 растораторлар пиццаның дөңгеленген пішінін деріптеп, оның бірненше қоспасын жаңартып жаппай өндіріске қосып, өздеріне йшорлық құқық жариялап үлгіреді. Дегенмен де, оңтүстіктегілер пиццаны олардың ата-бабалары ойлап тапқанын алға тартуда. Істің мәнжайы былай өрбіген болатын. Бұдан бірнеше жүз жыл бұрын неопалитандық кедей шаруалар күн көріс қамын ойпан үш қоспадан тұратын дөңгелек шелпек жасайды. Үнды т іпн суына қосып илеп, одан соң оны отқа қояды. Оған зәйтүн майы мен азғана қызанақ пастасын қосады. Ал, сыр, саңырауқұлақ немесе тұздалған балық қосу кейіннен пайда болған. , Неопольде, Римде немесе Генуде пиццаның дәмін татпау италиядықтар үшін бір күнді бекер өткізгенмен бірдей.
Автор өзінің шығармасын пайдаланғаны үшін оның авторлыған талап етуге құқылы. Сонымен бірге ол өзінің шығармасындамда бөтен немесе жалған есімді пайдалануға, оған өзгерістер мен қосымшалар енгізуге құқылы. Автор қайтыс болған соң, оның авторлық құқығын қорғау өсиетте тұлғаға, автордың мұрагерлеріне немесе мемлекетке жүктеледі.
Автор үшінші тұлғаларға өзінің шығармаларын шығаруға; тұпнұскаларды немесе көшірмелерді таратуға; сатуға, айырбастауға, жалға беруге; шығарманы көпшілікке көрсетуге; шығарманы аударуға және т.б. әрекеттерді жасауға рұқсат беруі немесе оған тыйым салуы мүмкін.
Авторлық құқық автордың көзі тірі кезінде және ол қайтыс болғаннан кейін елу жыл әрекет етеді. Авторлық құқықтың мерзімі біткен соң кітап қоғамның байлығына айналады.
Авторлық құқықты қорғау coт арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен, интеллектуалдық меншік дегеніміз — шығармашылық қызметтің нәтижесі. Интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде интеллектуалдық қызметтің нетижесі және азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыратын тауарлар, жүмыстар және қызметтер жатады.
Интеллектуалдық меншікке қатысты заңдарда оны «айрықша құқық» деп түсінеді. Айрықша қуқық интеллектуалдық меншікті лицензиялық келісімшарт негізінде үшінші тұлғалардың уақытша пайдалануына мүмкіндік береді.
Авторлық құқық интеллектуалдық меншікке жатады және сотпен қорғалады. Интеллектуалдық меншік қуқығы бұзылғанда, оны қорғау сот арқылы жүзеге асырылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет