Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет117/150
Дата06.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#14718
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150
Жауабы: D) 36 кг.

A) 30 кг; B) 32 кг; C) 35 кг; D) 36 кг; E) 40 кг.

11 - мысал. 36 кг мыс пен мырыш қорытпаның 45%-і мыс. Қорытпада 60%-і мыс болу үшін, қорытпаға қанша кг мыс қосу керек?

Шешуі: Қорытпаға х кг мыс қосу керек болсын.

Бастапқысында болғаны

Бастапқысында болғаны

Соңында болғаны (кг)

% құрамы

мыс



(16,2+х)

60%

мырыш



19,8




Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады: бұдан кг.

Демек, қорытпада 60% мыс болу үшін оған 13,5 кг мыс қосу керек.



Жауабы: E) 13,5 кг.

A) 13,1 кг; B) 13,2 кг; C) 13,3 кг; D) 13,4 кг; E) 13,5 кг.

12 - мысал. 39 г тұзы бар ерітіндіге 1000 г су құйғаннан кейін тұз концентрациясы 10%-ке кеміді. Тұздың ерітіндідегі бастапқы концентрациясын табыңыз.

Шешуі: Тұздың ерітіндідегі бастапқы концентрациясы х% болсын.




Массасы (г)

Тұз

% құрамы

I ерітінді

х

39 г



II ерітінді

х+1000

39 г



Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады: бұдан немесе - бұл түбір есептің шартын қанағаттандырмайды.

Демек, тұздың ерітіндідегі бастапқы концентрациясы болған.



Жауабы: С) 13%.

A) 11%; B) 12%; C) 13%; D) 14%; E) 15%.

13 - мысал. Теңіз суының 8%-і тұз. 5%-тік тұзды теңіз суын алу үшін 30 кг теңіз суына қанша тұщы су құю керек?

Шешуі: х кг тұщы су құю керек болсын.




Массасы (кг)

Тұз

% құрамы

Теңіз суы

30 кг



8%

Тұщы су

х кг




0%

Теңіз суы






5%

Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады: бұдан кг.

Демек, 5%-тік тұзды теңіз суын алу үшін 18 кг тұщы су құю керек.



Жауабы: C) 18 кг.

A) 15 кг; B) 16 кг; C) 18 кг; D) 20 кг; E) 22 кг.

14 - мысал. Ылғалдылығы 85%-тік 0,5 т целлюлоза массасының ылғалдылығы 75% масса затын алу үшін, қанша суды қайнатып кетіру керек?

Шешуі: х кг суды қайнатып кетіру керек болсын.




Массасы

% құрамы

Су

Құрғақ зат

Целлюлоза қайнатылғанға дейін

500 кг

85%

425 кг

75 кг

Қайнатылғаннан кейін

х кг

75%

0,75х

0,25х

Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады: кг.

Демек, ылғалдылығы 75% масса затын алу үшін 300 кг суды қайнатып кетіру керек.



Жауабы: D) 300 кг.

A) 200 кг; B) 240 кг; C) 280 кг; D) 300 кг; E) 320 кг.

15 - мысал. 10%-тік 2 литр сірке суы ерітіндісіне 8 л таза су құйылды. Қоспадағы сірке суының проценттік мөлшері қандай?

Шешуі: Қоспадағы сірке суының проценттік мөлшері х% болсын.






Көлемі

% құрамы

Құрғақ зат

I ерітінді

2 л

10%

(л)

II ерітінді

2+8=10 (л)

х%

(л)

Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады: бұдан



Демек, қоспадағы сірке суының проценттік мөлшері 2%- ке тең.

Жауабы: B) 2%.

A) 1%; B) 2%; C) 3%; D) 4%; E) 5%.
Қоспа мен қорытпаға немесе концентрация мен проценттік құрамды анықтауға берілген мәтіндік есептер.
А топ.
1. Қоймада сақталған бидайдың ылғалдылығы 20% болған. Кептіргеннен кейін оның ылғалдылығы 15% болды. Алғашқыда қоймада 51 т бидай болған. Кептіргеннен кейінгі бидайдың массасын табыңыз.

A) 38 т; B) 50 т; C) 48,7 т; D) 48 т; E) 50,7 т.

2. 36 кг мыс пен мырыш қорытпасының 45%-і мыс. Қорытпада 60%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?

A) 12,5 кг; B) 13,5 кг; C) 14,5 кг; D) 15,5 кг; E) 16,5 кг.

3. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз:

A) 13,5; B) 12; C) 13; D) 5; E) 14.

4. 2,5 кг қойдың еті үшін 475 тг төленді, сонда сол бағамен 665 теңгеге қанша кг қойдың етін сатып алуға болады?

A) 3,5 кг; B) 3 кг; C) 5 кг; D) 4 кг; E) 3,25 кг.

5. Жұмысшы сағатына 108 тетіктен жасағанда, барлық тетікті 5 сағатта жасайды. Ол сағатына 60 тетіктен жасаса, барлық тетікті неше сағатта жасайтынын табыңыз.

A) 12 сағ; B) 3 сағ; C) 6 сағ; D) 9 сағ; E) сағ.

6. Цистернаға 38 л бензин құйғаннан соң, цистернаның 5%-нің толмағаны байқалды.Цистерна толық толтырылуы үшін қанша бензин құйылуы керек?

A) 2,5 л; B) 2 л; C) 1,5 л; D) 1 л; E) 3 л.

7. 360 санын 2:4 қатынасндай екі бөлікке бөліңіз.

A) 160; 200; B) 90; 270; C) 120; 240; D) 140; 220; E) 150; 210.

8. 24 санының 25%-ін табыңыз.

A) 7; B) 12; C) 6; D) 4; E) 8.

9. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз:

A) 1; B) ; C) ; D) ; E) .

10. 1,75 т алтынды кұмнан 0,7 г алтын жуылады. 2170т алтынды құмнан қанша алтын алынады?

А) 868 г; В) 642 г; С) 648 г; D) 564,5 г; E) 542,5 г.

11. 8 кг-ның 500 г-ға қатынасын есептеңіз.

А) 15; В) 18; С) 16; D) 14; E) 17.

12. Товар 1386 мың теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды. Товардың өзіндік құнын анықтаңыз.

А) 1260 мың теңге; В) 1264 мың теңге; С) 1262 мың теңге;

D) 1261 мың теңге; E) 1263 мың теңге.

13. Трактористтерден құрылған бригада бір күнде 24 га егістікті жыртты.Бұл жұмыс барлық егістің 15%-ін құрайды. Егістіктің ауданын табыңыз.

А) 1,6 га; В) 39 га; С) 62,5 га; D) 160 га; E) 3,6 га.

14. 40 саны өзінің квадратының қанша процентін құрайды?

А) 4%; В) 5%; С) 2,5%; D) 0,25%; E) 25%.

15. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз.

А) 48; В) 50; С) 51; D) 52; E) 49.

16. Екі елді мекеннің арасы 8 км. 1:100000 масштабпен сызғанда екі елді мекеннің арасы картада қанша болатынын табыңыз.

А) 4 см; В) 5 см; С) 2 см; D) 8 см; E) 16 см.

17. Теңдеуді шешіңіз:

А) x=5,625; В) х=0,05625; С) х=56,25; D) х=-56,25; E) х=-5,625.

18. Саяжайдағы ағаштардың 30-ы жеміс ағаштары. Бұл барлық ағаштардың 75%-і. Саяжайда барлығы қанша ағаш бар?

А) 40; В) 60; С) 150; D) 250; E) 120.

19. Көбею пайызының өзгеруін анықтаңыз: 15,4-тен 38,5-ке дейін.

A) 35%; B) 12%; C) 25%; D) 60%; E) 30%.

20. Масштабы 1:60000000 кардада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы 16мм. Қалалардың ара қашықтығын табыңыз.

A) 375км; B) 3750км; C) 735км; D) 9600км; E) 960км.
В топ.
1. 90 санының 15%-ін табыңыз.

A) 15; B) 25; C) 13,5; D) 14,5; E) 17.

2. 25 санының 12%-ін табыңыз.

A) 4; B) 5; C) 3; D) 2; E) 1.

3. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз: .

A) 1; B) 2; C) 3; D) 4; E) 5.

4. Жаңа жемістің 78%-і, ал кептірілгенінің 12%-і су болады. 40 кг жаңа жемістен қанша кг кептірілген жеміс шығады?

A) 8 кг; B) 9 кг; C) 10 кг; D) 12 кг; E) 15 кг.

5. 45 санының 30%-ін табыңыз.

A) 15; B) 13,5; C) 1,5; D) 30,5; E) 30.

6. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз: .

A) x=9,9; B) C) D) E)

7. Тік төртбұрыштың әр қабырғасы 50%-ке ұзартылған. Тік төртбұрыштың ауданы қанша процентке көбейеді?

A) 100%; B) 75%; C) 125%; D) 50%; E) 150%.

8. Жұмысшы15 сағатта істеген жұмысы үшін 195 тг алады. Егер жұмыс қарқыны осындай болса, ол 8 сағатта қанша ақша алады?

A) 95 тг; B) 110 тг; C) 102 тг; D) 105тг; E) 100 тг.

9. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз: .

A) B) C) 1; D) E)

10. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз: .

А) 19,6; В) 7; С) 3; D) 30; E) 70.

11. Теңіз суының құрамында 5% тұз бар (массасы бойынша). 80 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 4 % болу үшін қанша тұщы су қосу керек?

А) 15 кг; В) 20 кг; С) 25 кг; D) 30 кг; E) 35 кг.

12. 200 г 10%-тік қант шәрбатын 300 г-дық 20%-тік қант шәрбатымен араластырған. Сондағы шыққан концентрацияның проценттік құрамын анықтаңдар.

A) 14%; B) 15%; C) 16%; D) 15,5%; E) 16,5%.

13. Ылғалдылығы 98% болатын 140 кг саңырауқұлақ терілді. Құрғатқаннан кейін оның ылғалдылығы 93% болды. Құрғатылған саңырауқұлақтың массасы қандай болды?

A) 30 кг; B) 35 кг; C) 40 кг; D) 45 кг; E) 50 кг.

14. Саңырауқұлақ салмағының 90%-і су, ал құрғақ саңырауқұлақ салмағының 12%-і су. 22 кг жаңа терілген саңырауқұлақтан қанша құрғақ саңырауқұлақ алынады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет