Үйкеліс дегеніміз не? Үйкеліс күштерінің қандай түрлерін талдаңыз.
Энергияның, импульстің жэне им пульс моментінің сақталу заңдарын қарастырғанда, ол заңдар механика- да қозғалыс теңдеулерінің салдарлары екені баса айтылады. Сақталу заңдары зерттелетін тұйық жүйелер үшін, яғни сыртқы күштер жэне олардың моменттері жоқ болғанда орындалады.
Инерциялық емес санақ жүйе- лерінде әдеттегі күштерден басқа инерция күштері эсер етеді. Бұл күштер қарастырылып отырған де- неге қарағанда эрқашан да сырт бо- лады. Олай болса, инерция күштерін жүйеге эсер ететін күштер қатарына қосу қажет.
Тұрақты бұрыштық жылдам- дықпен айналатын инерциялық емес координаталар жүйесінде центрден тепкіш инерциялық күш центрлік күштер қатарына жатады, ал олар эрқашан потенциалды болады. Екін- ші жагынан, Кориолис күші бөлшек- тің жылдамдыгына перпендикуляр болғандықтан, жұмыс істемейді. Сонымен, тұрақты жылдамдықпен айналатын инерциялық емес санақ жүйесінде тек кәдімгі потенциалдық энергиямен қатар, инерция күштері- мен байланысты потенциалдық энер- гияны ескергенде ғана энергияның сақталу заңы орындалады. Егер инерция күштерінің жұмысы еске- рілсе, энергияның сақталу заңын ілгерілемелі қозғалган инерциялық емес санақ жүйесінде де бұрынғыдай
түжырымдауға болады. Дэл осылай импульстің жэне оның моментінің өзгеруін қарастырғанда, теңдеулерге инерция күштерін жэне олардың моменттерін енгізу керек. Бұл шамалар сақталу үшін инерция күштері инерциялық санақ жүйе- лерінде кэдімгі күштердің сақталу заңдары түрғысынан қарағанда қана- ғаттандыратын шарттарға толық сәйкес болулары қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |