Кернеу дегеніміз не? Формуласын жазыңыз және түрлерін талдаңыз.
1) механикалық – материал деформацияланған кезде пайда болатын ішкі күштер;
2) электрлік электр тізбегінің не электр өрісінің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырмасы. Электрлік Кернеудің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – вольт.
Кернеу күшейткіші — төменгі жиілікті тербеліс көзінен алынатын кернеуді қажетті шамаға дейін арттыратын күшейткіш.Күшейткіш шығысындағы кернеудің орныққан мәнінің кірісіне берілген кернеуге катынасы күшейткіштің күшейту коэффициенті делінеді.
Кернеу тұрақтандырғышы. Қоректендіру көзі немесе жүктеме кернеуінің өзгерісі кезінде әрдайым шығыстағы кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы. Тұрақтандырғыштың электронды және феррорезонансты деп аталатын түрлері кең таралған.