4. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ Емтихан ауызша формада болады. Блум таксономиясының үш деңгейінде (білу, түсіну, қолдану) сұрақтар дайындалып, сол сұрақтар бойынша билеттер жасақталады. Әр билет үш сұрақтан тұрады және әр сұрақ жауабы дербес бағаланады. Мысалы:
1 сұрақ: білу деңгейінде – 20 балл.
2 сұрақ: түсіну деңгейінде – 30 балл.
3 сұрақ: қолдану деңгейінде (есептер) – 50 балл.
Емтихан нәтижесі UNIVER жүйесіне қойылады. Осы аралық бақылау нәтижесіне ағымдық бақылау нәтижесі қосылып, пән бойынша қорытынды баға шығарылады
5. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (емтихан) https://univer.arsu.kz/teacher/umkdpack/edit/4113/2022/2/
6. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ (оқытушының талабы мен университеттің академиялық адалдық кодексі принциптері сақталуы тиіс).
Пән бойынша білімді толық көлемде игеру;
пән бойынша құзыреттіліктерді меңгеру;
пән тақырыптары 4 модульге топтастырылған.
1 модуль бойынша максималды 50 балл (практикалық сабақтағы жұмыс – 24 балл (3 баллдан), БӨЖ – 16 балл (4 баллдан), бақылау – 10 б.),
2 модуль бойынша максималды 50 балл (практикалық сабақтағы жұмыс – 15 балл (3 баллдан), лабораториялық жұмысты қорғау – 9 балл (3 баллдан), БӨЖ – 16 балл (4 баллдан), бақылау – 10 б.),
3 модуль бойынша максималды 60 балл (практикалық сабақтағы жұмыс – 12 балл (3 баллдан), лабораториялық жұмысты қорғау – 12 балл (3 баллдан), БӨЖ – 16 балл (4 баллдан), бақылау – 20 б.),
4 модуль бойынша максималды 40 балл (практикалық сабақтағы жұмыс – 9 балл (3 баллдан), лабораториялық жұмысты қорғау – 9 балл (3 баллдан), БӨЖ – 12 балл (4 баллдан), бақылау – 10 б.),
1,2 модульдердің қорытындысы бойынша 1 межелік бақылау балы жинақталады (максималды 100 балл шегінде),
3,4 модульдердің қорытындысы бойынша 2 межелік бақылау балы жинақталады (максималды 100 балл шегінде).
силлабуста көрсетілген тапсырмаларды «өз бетінше» өзгертпеу және көрсетілген талаптарды сақтау;
сабақ кестесіне сәйкес оффлайн режимдерінде оқытуға қатысу;
пән бойынша контент түрлерін тиімді қолдану, мысалы тақырыптар бойынша жазылған бейнедәрістерді YouTube каналынан тұрақты тыңдау, тапсырмалар және т.б.;
пәнді өткізу үшін қажетті ақпараттық (техникалық) құралдармен жұмыс жасау дағдысын меңгеру және техникалық талаптарды сақтау, ақпаратты шынайы және сенімді көздерден алу;
оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде автордың атын көрсете отырып түрлі деректерді пайдалану, пайдаланылған деректер тізімін, сілтемені жұмыс соңында көрсету;
практикалық сабақтағы жұмыс (сабақ кестесіне сәйкес) пен БӨЖ тапсырмаларын (БОӨЖ кестесіне сәйкес) көрсетілген мерзімде орындап,тапсыру (мерзімінен дәлелсіз себептермен кешіктірілген тапсырмалар қабылданбайды) және пән оқытушысымен кері байланыста болу;
бақылау тапсырмаларын (ағымдық, аралық бақылау) бекітілген мерзімде орындау (дәлелді себептерден басқа жағдайда);