Физика, математика және ақпараттық технологиялар



бет37/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
Байланысты:
УМКД ТКО (1)

Дәріс тезистері:
Индикаторлар (латынша: indico – нұсқаймын, анықтаймын) – дегенді білдіреді.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. Халықаралық тәжірбиеде қалыптастырушы бағалау барынша маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі ретінде анықталады (Блэк және Уильям,1998; Эшкрофт және Форман-Пэк, 1994;). Сондай-ақ, түрлі әдебиеттерді талдау барысында қалыптастырушы бағалаудың құрылымдық элементтерінің сипаты, қолдану жағдайы мен қарастырылатын мақсаттарына қатысты бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін деп те түсіндіріледі (1-кесте).

1-кесте.Қалыптастырушы бағалаудың құрылымы



ЭЫДҰ/ Білім беру және инновация аясындағы зерттеулерге қатысты
Орталықтың халықаралық конференциясы (2008)

  • Сыныпта мәдени орта құру

  • Оқу мақсаттарын тұжырымдау

  • Білім алушылардың түрлі қаеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану

  • Білім алушылардың материалды түсінгенін бағалайтын түрлі тәсілдерді қолдану

  • Анықталған қажеттіліктерге қарай оқу үдерісін бейімдеу және білім алушыларға кері байланыс беру

  • Білім алушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыру

Блэк және Уильям (2009)

  • Оқу нәтижесінің айғақтары ретінде пайдаланатын тапсырмалар мен сұрақтарды қолдану, сыныпта тиімді талқылау жұмысын жүргізу

  • Білім алушыны дамытуға бағтталған кері байланысты ұсыну

  • Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру

  • Білім алушыларды өз білімдерін өздері құрастырушы ретінде қалыптасуына мүмкіндік беру

  • Білім алушыларды өзара оқыту ресурстары мен дерек көздері ретінде қолдану

Кларк (2013)

  • Оқу мәдениетін дамыту

  • Білім алушыларды жоспарлау кезеңіне қатыстыру

  • Белгіллі оқу мақсаттарына қарай білім алушылармен бірге бағалау критерийлерін түрлендіру

  • Сабақта талқылау және пікірсайыстарды қолдану

  • Білім алушылардан, сыныптастарынан және мұғалімнен тиімді кері байланыс алуға мүмкіндік беру.

Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру.
Яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірбиесі.
Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірбиелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өзбетінше қалыптасырушы бағалауды өз тәжірбиесі арқылы анықтай алады,оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

  • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

  • кері байланыс беру;

  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет