Физика, математика және ақпараттық технологиялар


Диагностикалық бағалаудың екінші буыны –



бет35/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78
Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.
Формативтік бағалау. Соңғы он жылдықта білім беру мазмұнында сапалы өзгерістер болды: оқытудың басты мақсаты болып табылатын білімнен, іскерліктен, дағдыдан оқушылардың жалпы оқу құзіреттілігін қалыптастыруға ауысты. Бұл өз кезегінде бағалау жүйесіне де өзгеріс әкелді. Білім берудің осындай парадигмасында дәстүрлі «белгілік» бағалау жүйесінің мынандай күрделі мәселелері анықталды:

  • жалпыға бірдей қабылданған «белгілік» бағалау жүйесі оқушының оқуының табыстылығын мұғалім мен мектеп тұрғысынан сыртқы бағалау функциясын атқарды;

  • оқушыға өзіндік бағалаудың қалыптасуына толыққанды мүмкіндік берілмеді;

  • оқытудың әр бала үшін жекелілігін қиындатады. Әрбір баланың оқудағы білімін алдыңғы нәтижелерімен салыстыра отырып, оның нақты жетістіктерін оң бағалау және белгілеп отыру мұғалімге қиындық туғызады;

  • бағалаудың аз мағлұматтылығы. Бағалау критериінің жасырындылығы мен формальдылығынан қойылған баға оқушының нақты білім деңгейін анықтай алмады және ең маңыздысы, ары қарай даму бағытын анықтау, яғни нақты нені жақсарту, қалай жұмыс істеу, оның бала үшін қай деңгейде қажет екендігін анықтау мүмкін болмады;

  • «жанды жаралау» сипаты жиі кездеседі. Толығымен мұғалімнің қолына жұмылдырылған «белгілік» бағалау жүйесі бір жағынан оқушыны, екінші жағынан оның ата-анасына жиі қолданылатын психологиялық құрал болды. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланыс оқушының білім алу нәтижесін жақсарту мақсатында емес, әлеуметтік және басқару мақсатында қолданылды;

  • мұғалімдер арасында оқушыныңң білімдегі жетістіктерінің сапасын емес, оның орындаған жұмысының түрлері мен көлемін бағалау практикада кең тараған.

  • оқушыларды бір бірімен салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл оқушының екпінділігі мен ынтасын төмендетіп, жетістігі төмен оқушыға моральдық тұрғыдан кері әсер етеді және толыққанды жетістігі жоғары оқушы болуға ұмтылуға мүмкіндік бермейді. Оқушының жетістіктерін бағалауда оқытудың «кері тартпа» жақтарын жоятын, оқу үрдісінде жекелей оқытуға ықпал ететін оқушының өздігінен оқуы мен оқуға деген ынтасын арттыруға әсерін тигізетін бағалаудың жаңа әдісіне қажеттілік тууда. Осындай әдістердің бірі қалыптастырушы (формативтік) бағалау, сонымен қатар оны оқытуды жақсарту үшін бағалау деп те атауға болады.

1967 жылы Майкл Скривен бағалаудың екi түрiн - формативтік (қалыптастырушы) және суммативтік (жинақтаушы) ұсынды. Формативтік бағалау оқушылардың әлемдi тану процессiндегі жетістіктердің өлшемi ретінде қолданылады. Бағалау П.Блэкке пен Д.Уильямның айтуы бойынша сабақ берудi жетілдіру және үйрену, өз-өзiн бағалау үшiн мұғалім мен оқушылардың өз ара байланысы ретiнде қолданылатын мәлiметтердi қамтамасыз ететiн барлық мүмкіндікті бiлдiредi. Блэк пен Уильям өздерінің жасаған анализдерінің негізінде мынадай қорытынды жасады: « Инновация және тәжірибеде формативтік бағалауға себепші болатын мадақтаулар елеулі табысқа, маңызды нәтижелерге жету кезінде көмектеседі. Бұл зерттеулер жас ерекшелік топтарына байланысты 5 жастағы балалардан бастап университет студенттеріне дейін жүргізіледі». Австралия, Канада, Дания, Англия, Финляндия елдерінде бiлiм жүйесiнiң табысты реформасын дамытудың барысында формативтік бағалау мұғалімдердің тәжірибесіне енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет