Дененiң шеңбер бойымен бiр қалыпты қозғалысын сипаттау үшiн айналу жиiлiгi және периоды енгiзiлген.
Дененiң шеңбер бойымен толық айналымға кеткен уақытын айналу периоды деп айтады. Өлшем бірлігі .
,
мұндағы: уақыт ішінде жасалынатын N- айналым саны.
Айналу жиiлiгi деп дененiң айналу центрiнiң маңында бiр секунд iшiнде жасайтын айналым санын айтады. Өлшем бірлігі .
.
Сөйтiп, период пен жиiлiктiң бiр-бiрiне керi шама екенiн байқаймыз.
периодқа тең уақытта бұрыштық орын ауыстыру -ге тең болады. Сондықтан бұрыштық жылдамдық немесе ескерсек, .
Шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалған дененiң сызықтық жылдамдығы модулi жағынан тұрақты, ал бағыты бойынша үздiксiз өзгерiп отырады және траекторияның кез-келген нүктесiне жүргiзiлген жанаманың бойымен бағытталады. Бiрқалыпты қозғалыс кезiнде сызықтық жылдамдықтың модулi тұрақты болғандықтан, оның шамасын мына формуламен анықтауға болады:
.
Бiр айналым iшiнде (t=T) дене шеңбердiң доғасының ұзындығына тең ара қашықтықты жүрiп өтедi:
.
Сондықтан немесе екенiн ескерсек, .
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар арасындағы байланыс:
Сонымен, , яғни шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалыс кезiндегi сызықтық жылдамдық бұрыштық жылдамдықпен радиустың көбейтiндiсiне тең болады.
Өз кезегінде бұрыштық жылдамдық векторы да уақыт өтуімен өзгеруі мүмкін. Сонда, дененің бұрыштық үдеу векторы бұрыштық жылдамдық векторынан уақыт бойынша алынған бiрiншi туындысына немесе бұрыштық орын ауыстыру векторынан уақыт бойынша алынған екінші туындысына тең болады