2-тапсырма: Есептер сыры №1.Газға 5 кДж жылу мөлшері берілгенде, ол 2 кДж жұмыс атқарды. Газдың ішкі энергиясы қалай өзгерді?
№2. Газға 7 кДж жылу мөлшері берілгенде, ол 10 кДж жұмыс атқара алатындай процесс мүмкін бе? Мұндай жағдайда газдың ішкі энергиясында, температурасында нендей өзгерістер болар еді?
№3. Газ өзіне берілген жылу мөлшеріндей жұмыс істей алатын процесс мүмкін бе? Мұндай процесте газдың ішкі энергиясы туралы не айтуға болады?
№ 4. Газ 5 МДж жұмыс істеп, ішкі энергиясын 2 МДж-ге кемітті. Осы процесте газға қанша жылу мөлшері берілген?
№5. Газға 500 Дж жылу мөлшері берілгенде оның ішкі энергиясы 100 Дж-ге кеміді. Газ қандай жұмыс істеді?
№6. 2 МПа тұрақты қысымда 2 лден 12 лге дейін көлемі ұлғайған газ қандай жұмыс жа сайды?
№7. Ұлғаюы кезінде 4400 Дж жұмыс жасаған сутекке қанша жылу мөлшері берілген? Сутектің ішкі энергиясы өзгерген жоқ.
№8. 0,3 м3 тен 600 лге дейін көлемі ұлғайған газ 400 Дж жұмыс жасаған. Егер ол жұмыс жа сау кезінде өзгермеген болса, газдың қысы мы қаншаға тең болған?
№9. Адиабаттық үдеріс кезінде газ 10 Дж жұ мыс жасаған. Оның ішкі энергиясы қандай шамаға өзгерген?
№10. Газ 300 Дж жылу мөлшерін алады, оның ішкі энергиясы 200 Дж -ға артады.Газдың атқарған жұмысы неге тең?
№11. Термодинамикалық жүйеге 200 Дж энергия берілген. Егер осы кезде 400 Дж жұмыс атқарылса, онда жүйенің ішкі энергиясы қалай өзгереді?
№12. Газдың 1- күйден 2- күйге өткен кезде атқарған жұмысы неге тең?
1-тапсырма: Кубизм сұрақтары 1. Изотермалық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай?
2. Изохоралық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай?
3. Изобаралық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай?
4. Адиабаталық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай?
5. Термодинамиканың I заңы дегеніміз не
2-тапсырма:Есептер сыры №1. Изохоралық суытуда газдың ішкі энергиясы 250 Дж-ге кемісе, онда ол қандай жұмыс жасайды?
№2. Адиабаталық процесс кезінде 350 Дж жұмыс атқарылса, онда газдың ішкі энергиясы қалай және қаншаға өзгереді?