2-тапсырма:Есептер шығару №1. Температурасы 70С болатын 4,4 т суды 1000С-ге дейін қыздырған. Осы судың 10%-ын буға айналдыру үшін жылу қазандығында массасы қандай мұнайды жағу керек?
№2. Қуаты 8 кВт, ПӘК-і 11% мотоцикл 1 сағатта неше литр бензин шығындайды?
№ 3. 100 кВт қуат өндіретін бу турбинасының жұмысы үшін бу қазанына 960 т таскөмірін жағады. Осы бу турбинасы қондырғысының ПӘК-ін анықтаңдар.
№4. Жұмыс істеп тұрған қыздырғыш машинасының оттығында 0,8 л керосин қалды. Оны толық жағып, температурасы 100С массасы белгісіз суды қайнау нүктесіне жеткізген. Судың көлемін анықтаңдар. Қыздырғыштың ПӘК-і 40%.
№5. Егер қуаты 55 кВт машина бір сағатта 0,31 кг бензин жұмсайтын болса, онда оның ПӘК-і қандай болды?
№6. 18,9 МДж жұ мыс жа сау үшін 1,5 кг ди зель оты нын қа жет ет кен трак тор қоз ғалт қы шы ның ПӘКін анық таң дар.
№7. Жылулық қозғалтқыштың ПӘКі 40%. Газ қыз дырғыштан 5 кДж жылу алды. Қозғалтқыш қанша жұмыс атқарды? Қанша жылу мөлшері жоғалды?
№8. Қозғалтқышының ПӘКі 25% болатын авто көлік 3 сағат жүріп, 35 л бензин жұмсады. Осы қоз ғалыс кезіндегі автокөлік қозғалтқышының орташа қуаты қандай?
№9. Егер турбинаға 480 °С температурада жіберілген бу 28 °Сге дейін салқындаса, идеал бу мәшинесінің ПӘКі қанша? Жауабын пайыз бен көрсетіңдер
Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер.
1-тапсырма: «Серпілген сауал» доп лақтыру арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1.қысымы тұрақты көлемі мен температурасы өзгеретін термодинамикалық процесті қалай атаймыз? (Изобаралық процесс).
2.Изобаралық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы қалай өрнектеледі заңы? (Q= U+A) 3. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі ?(Джоуль)
4.Сұйықтың буға айналуы?(Булану)
5.Жылу берілудің неше түрі бар? (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)
6.Заттың күйлерін атаңдар? (Газды сұйық қатты)
7.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері? (жылу беру, жұмыс)
8.Жылу берілу кезінде дененің алған немес е жоғалтқан энергиясы? (Жылу мөлшері)
9.Будың сұйыққа айналу процесі? (Конденсация)
10. Мұздың балқу температурасы (0 градус)