Физика пәні бойынша Ұбт-ға дайындау Астрономия ғылымына кіріспе №1 тапсырма



бет34/46
Дата26.11.2023
өлшемі1,57 Mb.
#128387
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46
Байланысты:
Физика даптер

3-тапсырма:Жұппен жұмыс
1. Термодинамиканың бірінші заңы энергияның сақталу және айналу заңының қандай қырларын сипаттайды? Энергияның жылу процестеріндегі өту бағыттары жөнінде не айтады?
2. Табиғаттағы жылу алмасу процесінің қайтымсыздығын қандай құбылыстар айғақтайды? Не себептен процестердің қайтымсыздығын Ғаламдық құбылыс деп санайды?
3. Термодинамиканың екінші заңы деп қандай заңдарды айтады?
4. Клаузиус постулаты қалай тұжырымдалады? Оның физикалық мағынасы нені білдіреді?
5. Тоңазытқыштың жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген? Сұлбасын салып түсіндіріңдер.
6. Термодинамиканың екінші заңы қысқаша қалай тұжырымдалады? Бірінші және екінші текті «мәңгі» қозғалтқыштар деп қандай қозғалтқыштарды айтады және олар не себепті жұмыс істей алмайды?
Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті.
1-тапсырма: Өткенді қайталау .Тест сұрақтары:
1. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:
а) Q=A; б) Q= U+A; в) U= −A; г) Q= + U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
2. Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді?
а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;
г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.
3. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты. Газдың атқарған жұмысы:
а) 22 кДж; б) 6 кДж; в) -6 кДж; г) 8 кДж; д) ондай процесс мүмкін емес.
4. Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды. Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы …
а) 4 кДж-ға кеміді; б) 14 кДж-ға артты; в) 16 кДж-ға кеміді;
г) 10 кДж-ға артты; д) 4 кДж-ға артты.
5.Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:
а) Q=A; б) Q= U+A; в) A= − U ; г) Q= − U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі…
а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады;
б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады;
в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп;
г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
7. Газ поршень астында қыздыру кезінде атмосфералық қысымда ұлғаяды. Көрсетілген процестердің қайсысы жүріп жатыр.
а) Изобаралық б) Изотермиялық в) Изохоралық г) адиабаталық д) ешқандай
Дұрыс жауаптары:
1. г 2. а 3. в 4. д 5. в 6. б 7. а


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет