«Физика» пәнінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы студенттері үшін №2 аралық бақылаудың сұрақтар тізімі



бет3/39
Дата02.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#47015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
«Физика» п нінен «Фармацевтикалы ндіріс технологиясы» маманды

7. Стокс әдісі
Стокс (стокес) заңы – тұтқыр сұйықтық ішінде баяу қозғалатын қатты кішкене шарға әсер ететін кедергі күшін анықтайтын заң: Ғ = 6мпрв, мүндағы Ғ —кедергі күші, п-м— сұйықтықтың тұтқырлық коэффициенті, р— шар радиусы, в— шардың қозғалу жылдамдығы. Бұл формуланы ағылшын физигі Дж. Стоке 1851 жылы қорытып шығарған. Стокс заңы негізінде байланыссыз грунттардың механикалық құрамы анықталады.
Стокс ережесі – фотолюминесценция сәуленің толқын ұзындығы оны қоздырған жарықтың толқын ұзындығынан артық болатынын тұжырымдайтын ереже . Бұл ереже бойынша люминесценция фотондарының энергиясы қоздырушы фотондар энергиясынан кем болады.
8. Оствальд вискозиметрінің көмегімен сұйықтықтың тұтқырлығын анықтау
Сұйықтардың тұтқырлығын тәжірибе жүзінде анықтауға арналған әдістер жиынтығын- вискозиметрия деп, ал оған қажетті құралды- визкозиметр деп атайды. Остьвалдтың капиллярлық вискозиметрі арқылы- сұйықтың тұтқырлығын анықтауға болады. Капиллярдағы сұйықтық гидростатикалық қысым әсерінен қозғалады. 🔺️p= p(ро-тығыздық) ×g×h мұндағы: P(po-тығыздық)- сұйықтық тығыздығы;h- вискозиметрдің екі шетіндегі сұйықтықтар деңгейінің айырымы.
9. Медициналық вискозиметрдің құрылысы және жұмыс істеу принципі
Медициналық вискозиметр бірдей екі градуирленген капиллярдан тұрады. А1 капиллярына белгілі көлемде тазартылған су тартылып алынады да, Б краны жабылады. Бұл А2 капиллярына, судың деңгейін өзгертпей зерттелінетін сұйықтық тартылып алынуына көмектеседі. Егер, мысалы, Б кранын алатын болсақ, бірдей уақыт ішіндегі сұйықтықтардың L орын ауыстыруы олардың тұтқырлықтарына кері пропорционал болады: n/n0= L/L0 н/е n=n0×L0/L
n- зерттеліп отырған сұйықтықтың тұтқырлығы; n0- судың тұтқырлығы.
Егер судың тұтқырлығын бірге тең деп, алды сұйықтықтың жүріп өткен жолы вискозиметрдің бір бөлігін құрайды деп алатын болсақ, жоғарыда көрсетілген теңдеуге сәйкес сұйықтықтың тұтқырлығы сан жағынан судың жүріп өткен жолына тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет