15.УЖЖ-терапия аппаратының құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі. УЖЖ-терапия ең көп таралған, электроемдеу әдісі болып табылады. Ол ауру адамның ағзасына ультрадыбыс жиілігіндей электр өрісімен әсер етуге негізделген. Мұндай электр өрісі УЖЖ тербелістері генераторына өткізгіш сымдармен жалғанған екі конденсаторлық электродтардың көмегімен алынады. Әсер етуге қойылған дене бөлігі электродтардың арасына орналастырылады. Электродтардың біреуі ағзаның сәйкес қуыс бөлігіне, екіншісі — дене бетінде орналастырылады. Жоғары жиілікті тербелістердің емдік әсерінің механизмі, заттарға, яғни ағза тіндегі атомдар мен молекулаларға бастапқы әсер етуіне байланысты болады. Жоғары жиілікті тербелістер әсері – екі негізгі эффект топтарына бөлінеді: жылулық эффект және спецификалық эффект. УЖЖ-терапия – электрмен емдеу әдісінің кең тараған түрі. Ауру адам денесінің тініне (УЖЖ) ультражоғары жиілікті электр өрісімен әсер етеді. УЖЖ-терапия кезінде (25-50МГц) иондық өткізгіш арқылы тінде біршама шығындармен қатар, дипольдік белоктық молекулалардың ориентациялық тербелісі әсерінен диэлектрлік шығындарға ұшырайды. УЖЖ-терапия келесі жағдайларда қолданылады:
16.Терапевтік контурдың қолданылуы, оның схемасы Тербелмелі контур – сыйымдылығы С конденсатордан және индуктивтілігі L катушкадан тұратын, сондай-ақ f_0 1/√LC периодты электр тербелісін туғызатын тұйық контур. Тербеліс конденсатордың электр өрісінің энергиясын катушканың магнит өрісінің энергиясына және керісінше түрлендіру арқылы пайда болады. Тербеліс жиілігі өзара параметрлерімен анықталады. Генераторлардың, күшейткіштердің, сүзгілердің резонанстық жүйесі ретінде пайдаланылады. Реалдық тербелмелі контурда барлық уақытта тербелістің өшуіне апарып соғатын кедергілер болады. Сыртқы электр қозғаушы күшінің (ЭҚК) көзіне немесе ток көзіне жалғау тәсіліне байланысты тізбекті жене параллельді тербелмелі контур деп ажыратылады.