Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет13/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) (8-сурет) 
Англияның көрікті мемлекет қызметкері, Яков I 
король кезіндегі лорд-канцлер. Бұл мансаптар оған 
философ ретінде ғылыми прогресс туралы ойлап 
және ол ойларын «Жаңа органон» деген 1620 ж. 
жарық көрген кітабына енгізуге ешбір кедергісін 
тигізген 
жоқ. 
Бэкон 
ғылымының 
мақсаты 
табиғаттағы адам билігін басым ете түсу еді. Ол 
танымдық 
процессті 
тежеп 
тұрған 
әсіресе, 
университеттік схоластиканы (діни философиялық 
ілім) үзілді-кесілді теріске шығарды. Ф. Бэкон 
физиканың 
және 
басқа 
да 
жаратылыстық 
ғылымдардың математикалануын құптады. 
Екінші ұлы ойшылымыз Рене Декарт (1596-1650 жж.) (9-сурет) – 
математик, физик, ғылымның дамуының әдістемелік сұрақтарын құрастырушы 
оқымысты. Негізгі еңбектері – «Диоптрика», «Меторлар» және «Геометрия» 
деген қосымшалары бар «Әдісті талқылау» кітабы. Онда Декарттың 
философия, математика, физика облыстарындағы көзқарастары мазмұндалған. 
Философ ретінде Декарт – рационалист, шамамен аздап схоласт болды. Оның 
басты ұстанымы, қазіргі замандағы көп зерттеушілердің де ұстанымы болған – 
«күмәнданатын нәрседен арыл», яғни скетицизм еді. Мұндай философия 
Декартқа көптеген шәкірттерді өзіне тартқызды. 
9 сурет. - Рене Декарт 
Декарт философияға қарағанда физикадан 
онша жолы бола қоймады. Декарт ұсынған 
кеңістікті 
алатын 
материяның 
құйынына 
негізделген ауырлық үлгісі керемет болды. Бірақ та, 
ауырлықтың бұл үлгісі ньютондық теориямен 
күреске түсті. Шарлардың соқтығысуын оқи келе, 
Декарт соқтығысудың 9 ережесін тұжырымдап 
шықты, соның тек біреуі ғана тәжірибе мәндерімен 
сәйкес келді. Десек те, ол кемпірқосақтың пайда 
болуын дұрыс түсіндірген. Бұл жұмысты оқымысты 
өз жұмыстарына сай, яғни эксперименттік әдістер 
мен математикалық есептеулер жүргізген. 
Декарттың 
өлімінен 
кейін 
оның 
шығармаларын 
«Тыйым 
салынған 
кітаптар 
индексіне» енгізілгеніне қарамастан оның ойлары,
шығармалары тек кеңінен тарала бастады. 


31
XVI-XVII ғғ. ғылымға жалпылама мінездеме берелік. 
Ең алдымен бірінші ерекшелігі - білімнің жоғарылауы. Сол ғасырларда 
қоғам тек табынушы адамдардан тұрды. Солардың қатарында оқымыстылар да 
болды. Табынушылық пен білімді бірге алып жүру адам ойы мен миының екіге 
бөлінуі деп саналды. 
XVI-XVII ғғ. ғылымның екінші ерекшелігі – антикалық оқымыстыларына 
белгісіз болған зерттеудің эксперименттік әдістерін енгізу болып табылады. 
Үшінші ерекшелігі – ұйымдардың білімі, негізгі талабы ғылыммен 
айналысу, соның ішінде физика да болды. Ұйымдар деп отырғанымыз ғылым 
академиялары. 
1645 жылдан бастап Лондонда жаратылыстық ғылыммен айналысушылар 
үйірмелері жиі-жиі жиналатын болды. Монархия қалпына келтірілгеннен кейін 
1660 жыл 28-қарашада бұл ұйым Лондон Корольдары қоғамы (ЛКҚ) статусын 
алып, рәсімделді. Оның құрамына Роберт Боиль, Роберт Гук, Константин Рен 
және тағы басқа физиктер кірді. 
ЛКҚ-мен тарихтағы бірінші физик-кәсіпкер пайда болды. Ол Роберт Гук 
еді. ЛКҚ-да ол эксперименттер кураторы қызметін атқарды. Оның міндеті – 
ЛКҚ 
отырыстарында 
(апта 
сайын) 
эксперименттік 
физикалық 
демонстрацияларды дайындау және көрсету. 
Осыдан кейін 1666 жылы XVI Людовик Париж ғылыми академиясын 
бекітті. Оның құрамында Христиан Гюйгенс, Кассини және т.б. болды. Бұл 
академия Франциядағы болған жағдайларға байланысты бірнеше рет қайта 
құрылған, қазір ол белсенді жұмыс атқаруда.
1657 жылы Галилейдің оқушыларымен Итальян ғылым академиясы 
құрылды. Он жылдан соң италия ғылымы әлемдік қауымдастықтан қалып 
қойды. 
1724 жылы 28 ақпанда I Петр бұйрығымен Россия ғылым академиясы 
бекітілді және бір жылдан соң оның әкесінің өлімінен кейін ғана жұмысқа 
кірісті. Қазір ол планетадағы беделді оқымыстылар ұйымдарының ішіне кіреді. 
Академиялар жақсы жұмыс істеді, ал университеттер әлі де діндік 
қоғамда еді, бірақ сонда да университет жаратылыстық ғылымға бет бұрған 
болатын. Оған себеп болған университет профессорлары болып жүрген 
академия мүшелері еді. Мысалы, ЛКҚ президенті Исаак Ньютон 25 жылдан 
астам Кембридж университетінің профессоры болған.
XVI-XVII ғғ. аралығында ғылыми ақпараттармен оқымыстылар хат 
жазысып тұрған. Университтерде кітаптар шығарылып, дәрістер оқыла 
бастады. Бірақ бұл байланыс әдісі оқымыстыларға ұнамады.
Содан кейін нағыз журналдар да шыға бастады. Солардың біріншісі 
болған 1665 жылдан бастап шығатын ЛКҚ еңбектерін жариялайтын 
“Philosophical Transaction” журналы, одан кейін Париж ғылым академиясының 
еңбектері жарияланатын 1682 жылдан бастап Лейпницгте ғылыми журнал 
“Acta Eruditorum” шыға бастады. 
Қазір де бұл баспасөз құралдары журналдар мен газеттер оқымыстылар 
арасындағы байланысты ұстап тұр. Ал қазіргі уақытта электрондық пошта 


32
арқылы хат жазысады. 
Осы кезеңдерде ғылым тілі латынның басқа тірі тілдеріне ауысуын айта 
кеткен жөн. Сондай кітаптардың бірі Галилейдің «Әлемнің екі жүйесі туралы 
диалог» атты кітабы болды. 
XVI-XVII ғғ. физикалық ғылымды толық алып қарасақ, сол кездегі 
ғылыми-техникалық төңкеріс екенін байқауға болады. Осы уақыттан бастап 
әлемге қазіргі заманғы ғылымның негізі құрылды. Көптеген оқымыстыларды – 
физиктерді әкелді, олардың ішінде жаңа заман ғылымының негізін салушы ұлы 
ғалым, оқымысты – Николай Коперниктің бейнесі ерекше көрінетінін тағы да 
бір мәрте айта кетсек артық болмас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет