60
29 сурет. - Күн спектрі
Дәлірек, Фраунгофер
оны дайындап және
оған өмірге жолдама берген, бұл Ньютонннан
кейінгі спектроскопияның дамуына маңызды
үлес қосқан ғалым еді.
Дифракциялық тордың
толық теориясын Фраунгофердің өлімінен 3
жылдан соң К. Швердің монографиясында
баяндалған.
Оптика тарихын зерттегенде жарық
жылдамдығының өзгеруі сұрағына тоқтамау
мүмкін емес. Галилей
жарықтың жылдамдығын
түзу әдіспен өлшеу керек деп санаған. Біз О.
Ремердің есептеулері туралы білеміз. Ол ХІХ
ғасырдың ортасында бұл тапсырманы бір
мезгілде Ипполит Физо (1819-1896 жж.) және
Мон Фуко (1819-1868 жж.) есептеп шығарған.
Олардың тәжірибелері белгілі бір уақыттағы
жарық толқынының
жиілігі кезінде жарық
көзінің үзілуі мен уақыт өлшемін дәлелдеуде
болды (30 сурет). Физо мен Фуконың құрылысы
бір-бірінен
өзгеше
болғанымен
құрылым
принципі ұқсас болып келеді. Олардың біріншісі
1849 жылы тәжірибе жүргізіп, ауадағы жарық
жылдамдығы 313000 км/с екенін анықтады.
Фуко ауадағы жарық жылдамдығын судағы жарық жылдамдығымен
салыстыруға болатын құрылғы жасады. 1850 ж.
бақылаудың нәтижесінде
судағы жарық ауадан қарағанда ақырын таралатыны анықталды. Бұл ХІХ
ғасырдағы толқындық теорияға шешуші пайда әкелді. Бұдан кейін
корпускулалық теория мұражайға тапсырылды. Классикалық оптика
толқындық теорияның керемет триумфымен аяқталды.
ХХ ғасырда ең басты жетістік болып, оптикалық құрылғылардың шығуы
және электромагнит толқындардың оптикалық әдістері
кең ауқымда таралуы
болды.
ХХ ғасырда оптиктар бұрын соңды көрмеген телескоп ойлап тапты.
Басты бағыт үлкен диаметрлі айнаның шығарылуы болды. Осындай ең үлкен
телескоп Кавказ тауларының маңындағы БТА телескопы, айна диаметрі 6 метр.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы сызықты емес оптиканың пайда
болуы мына ғалымдардың алдында өтелмес парыз: Рэм Викторович Хохлов
(1926-1977 жж.) және Сергей Александрович Ахманов.
Ең танымал ғалым-оптиктардың өмірбаяндары
Томас Юнг (31-сурет) - 1773 ж. 13 маусымда туылған. Оның таңғажайып
болмыстары өте-өте ертеден білінді. Ол 2 жасынан бастап оқып үйренді, 9
жасындап латын және грек тілдерін оқыды, ал 14 жасында 10 тілді білді. Т.
Юнг университетте медицина саласын зерттеген. Бірақ 2
жыл бұрын
физиологиялық оптикадан көз үйрету деген жұмысы шыққан.
61
30 сурет. - Физо (а) және Фуко (б) тәжірибелері
31 сурет. - Томас Юнг
Томас Юнг жан-жақты ғалым болған, физик-
физиолог, дәрігер және кеме жасаушы, филолог және
ботаник, астроном және геофизик.
Юнгтың жан-жақты дарыны шексіз,
тек әйгілі
Британдық энциклопедияға оның әр саладағы
білімі жазылған, және де Юнг сол кездегі белгілі
барлық
музыкалық аспаптарда ойнаған, аңдарды
жақсы білгендіктен сол кезде циркте ойнайтын
актер-шабандоз және даршы болған. Бұл тамаша
адам 1829 жылы қайтыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: