65
(молекулалық) сипатына негізделе отырып, олардың макроскопиялық
қасиеттерін зерттейді.
Жылулық туралы ілім XVIII ғасырда пайда болды. Осы уақытқа дейін
температура және жылулық ұғымдары бір-бірінен ерекшелінбеген. XVIII
ғасырларда ғалымдардың жұмыстарымен жылулық құбылыстарының сандық
зерттеуi басталды. Температураны өлшеудің шкалаларын өңдеуде негiзгi үлестi
қосқандар неміс-голланд физигі Габриэль Даниэль Фаренгейт (1686-1736),
француз оқымыстысы Рене Антуан Фершо де Реомюр (1683-1757) және швед
оқымыстысы Андерс Цельсий (1692-1761). Голланд физигi Питер ван
Мушенбрек (1692-1761) қатты заттардың жылулық ұлғаюына алғашқы зерттеу
жүргізді және бірқатар металлдардың балқу температурасын өлшеу үшiн темiр
кесегінің ұлғаюын пайдаланды.
Әр түрлі температуралардағы суларды араластыруды сандық зерттеген
ресей физигі Георгом Вильгельмом Рихманның (1711-1753), шотланд
оқымыстысының Джозефом Блэктің (1728-1799) балқу және булану
процестерін зерттеуі және де басқа да ғылыми зерттеулер жылу және
температура деген екі түсініктің бөлінуіне әкеп соқты. Жылу мөлшерінің
өлшем бірлігі (килокалория), жылусыйымдылық, балқу және булану жылулары
сияқты түсніктер енгізілді. Жылу табиғатын түсіндіру үшін екі түсінік
қолданылды: бірінде бөлшектердің қозғалысымен байланысты болса,
екіншісінде арнайы материя – жылу тегі қарастырылды. Осы бағыттағы,
жылутегі туралы Ломоносовтың еңбектерін атап өткен жөн.
Жалпы
молекула-кинетикалық
теория
және
термодинамика
облыстарының дамуына зор үлес қосқан оқымысты-ғалымдарға қысқаша
тоқталып өтейік.
Достарыңызбен бөлісу: