Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет27/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

 
 
34 сурет. - Иозеф 
Фраунгофер
Иозеф Фраунгофер (34-сурет). XIX ғ. ғалым – 
оптиктардың есебінде И. Фраунгофердің атын еске 
түсірмеу мүмкін емес. Ол барварлық кедей әйнекшінің 
ұлы болған және еңбек өмірін бала шақтан бастаған. 14 
жасына дейін Фраунгофер мүлдем сауатсыз болған. 12 
жасында тақыр жетім болады, және де ол осы кезде 
апатқа ұшырайды. Үй қираған кезде бүкіл тұрғындары 
қайтыс 
болады, 
ал 
кішкентай 
Иозеф 
ауыр
жарақатталады. Апаттың куәгері болған банкир 
Утцшнейдер ұлға көмек береді және ол соңында білікті 
шебер оптик болып шығады. 1806 ж. ол Утцшнейдер 
басқаратын оптика-механикалық институтқа келеді.
Шеберлік пен дарыны Фраунгоферді жылдам 
қызметтік көтерілу мен бизнестік жетістіктерге әкелді. 
1811 ж. ол барварлық оптикалық өнеркәсіптің бастығы болады. Ал олар 
құрған «Утцшнейдер мен Фраунгофер» фирмасы әлемде ең танымал жақсы 
оптикалық құралдар шығаратын болды. Осылай, ол сауатсыз жетімнен 
профессор, академик және әлемдік атақтағы фирма билеушісі болады. 
Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар: 
1. Геометриялық оптиканы құрушылар және олардың жетістіктері. 
2. Телескоптың тарихы: Галилейден осы заманға дейінгі аралық. 
3. Микроскоптың тарихы. 
4. Жарық табиғаты туралы ұғымдардың даму тарихы (толқындар мен 
бөлшектер). 
5. Дифракция туралы ұғымның даму тарихы. 
6. Интерференция туралы ұғымның даму тарихы. 
7. Поляризация туралы ұғымның даму тарихы. 
8. Гюйгенс-Френель принципінің тарихы мен практикалық қолданылымы. 
9. Фотометрияның даму тарихы. 
10. Томас Юнгтің өмірбаяны және ғылыми жетістіктері. 
11. Огюстен Жан Френельдің өмірбаяны және ғылыми жетістіктері. 
12. Бейсызық оптика ұғымының пайда болу тарихы. 
13. Қазіргі заманғы оптиканың мәселелері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет