Физика тарихы


Ломоносов Михаил Васильевич



Pdf көрінісі
бет29/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Ломоносов Михаил Васильевич (19.11.1711-15.04.1765) (35-сурет) – 
орыс ғалым-энциклопедисті. Архангельск губерниясының Денисовка ауылында 
шаруа отбасында дүниеге келген. 1731-1735 жж. - Мәскеудегі славян-грек-
латын академиясында, 1735-1736 жж. - Петербург Ғылым Академиясына (ҒА) 
қарасты университетте, 1736-11741 жж. – шет елде Марбургте және Фрейбергте
білім алған. 1742 жылдан бастап - адьюнкт, ал 1745 жылдан бастап – 
Петербург ҒА академигі атанады.


66
35 сурет.-Л.М. Ломоносов
Физика, химия, астрономия, тау iсі, металлургия 
және т.б. облыстарында жұмыс істеген. 1774 жылы А. 
Лавуазье нақты дәлелдеп шыққан заттың сақталу 
заңын экспериментті түрде дәлелдеген. Табиғатты бір 
бүтін деп елестетсек, онда бәрі бір-бірімен 
байланысты, ештеңе себепсіз жоғалып кетпейді 
(Ломоносовтың материя және қозғалыс сақталу заңы). 
Химияда физикалық әдістерді еңгізудің негізін 
салған, 
әр 
түрлі 
аспаптардың 
(100 
жуық) 
құрылыстарын өңдеп шыққан.
Ломоносовтың ғылымға, білім мен мәдениеттің 
дамуына зор үлес қосқан, ол Ресейдегі жаратылыстану 
негізін салған. 1755 жылы оның бастауымен және 
жобасымен қазіргі уақытта Ломоносовтың есімімен аталатын Мәскеу 
университеті ашылған. 
Ломносов молекула-кинетикалық теория негіздерін қалағанымен, ол 
молекулаларды шарлар түрінде деп түсінген, өйткені оның түсінігі бойынша 
олардың арасында серпімді соқтығысулар болмайды.
XIX ғасырда жылу туралы оқу дами бастады және термодинамика мен 
молекула-кинетикалық теорияның негізгі жағдайлары тұжырымдалды. XVIII 
ғасырдың басы XIX ғасырдың аяғында денлердің жылулық ұлғаюына көптеген 
зерттеулер жүргізілген. Оның теңөлшемділігіне аса зор мән беріліп, қатты және 
сұйық денелер үшін бірқатар аномалиялар анықталған: кристаллдардың 
ұлғаюының анизотропиясы, судың максимум тығыздығы 4
0
С температурада 
болатындығы, 10

С -ден 70
0
С-ге дейінгі қыздыруда иодты күмістің сығылуы 
және т.б. Ауаның жылулық ұлғаюы үшін Вольта 1793 жылы ұлғаюлардың 
бірөлшемділігін бекітті, ал 1802 жылы француз физигі және химигі Жозеф Луи 
Гей-Люссак (1778-1850) өз эксперименттері және өзінің отандасы Жак 
Шарльдің (1746-1823) зерттеулері негізінде барлық газдар бірдей және 
бірөлшемді ұлғаяды деген заңды тұжырымдады және ұлғаю коэффициентін 
есептеген. 1802 жылы Дальтон өзінің парциаль қысымдар туралы заңын 
тұжырымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет