Физика тарихы


Ғылыми құрал жасаудағы кейбір жетістіктер



Pdf көрінісі
бет55/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Ғылыми құрал жасаудағы кейбір жетістіктер. Бұл құрылғының 
көмегімен әр атом мен молекуланың, электрлік, магниттік және механикалық 
қасиеттерді таралуын және тіпті температуралық өзгерістердің бейнелерін 
алуға мүмкіндік туады. Бұл құрылғыны қолдану кезінде үлгіні жетілдіріп, 
жоғары энергиялы сәуле шашудан қирату қажеттілігі жойылады. Расторлы 
тунельды микроскопты РТМ құрастырғандары үшін Герд Биннинг және 
Генрих Рорер 1986 жылы Нобель сыйлығымен марапатталды. 
1985 жылы Г. Биннинг, К. Куэйт (Стенфорд университетінен) және К. 
Джербермен (ІВМ зерттеу орталығынан) бірігіп атомдық-күшті микроскоп 
(АКМ) жасап шығарды. АКМ-да туннельдық тоқтың орнына күштік контурлар 
қолданылады. РТМ және АКМ-ның керемет мүмкіндіктеріне қарамастан олар 
микроэлектронды заттардың оларды жасау кезіндегі қасиеттерін зерттеуге сай 
келмейді. Йоргтаун-хейстегі технологиялық зерттеу орталығының ғалымдары 
жоғарыда айтылған күштер лазердің көмегімен тіркелетін, лазерлі күшті 
микроскоп (ЛКМ) ойлап тапты. 


109
Томография - ақпаратты алу және қолдану жолындағы жылдам 
қарқынмен дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Бейнелі айтсақ, томография 
зерттеліп жатқан объектінің ішіне кіруне мүмкіндік тудырады. Қазір 
томографиялық әдістер радиолокацияда және оптикада, медицина және 
физиологияда, химия және плазма диагностикасында, астрономияда 
қолданылады. Мамандардың пікірінше, томография қазіргі таңда тек дамуының 
алғашқы сатыларында және оның анық мүмкіндіктерін тек болашақта ғана 
көруге болады. 
Томографияның мақсаты - бөгеттің ары жағын көру. Бұл әртүрлі 
жолдармен жүзеге асады. Мысалы, рентгендік томография кезінде әртүрлі 
бұрышта түсірілген бейнелер алынады, оларды компьютердің көмегімен 
томографиялық алгоритмдерді қолдана отырып зерттейді, осылайша, 
объектінің ішкі структурасы бір көлемді үшөлшемді бейне түрінде көрінеді. 
Математиканың осыған ұқсас мәселелерді шешу әдістемелері дайындалатын 
бөлімі интегралды геометрия атымен әйгілі. Соңғы уақытта адам денесінің 
көлденең қима бейнесін алуға мүмкіндік беретін әдіс - ядролы магнитті 
резонанс негізіндегі томография кең етек алды. Ол иондалған сәуле шашуды 
қолдануды керек етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет