3 Белгі бір уақыт ішінде жасалған айналым немесе бұрылу бұрышының уақыт бойынша алынған бірінші ретті туындысы ... деп аталады
4 Дененің алған үдеуі әсер етуші күшке тура пропорционал, дене массасына кері пропорционал және әсер етуші күштің бағыты бойынша өзгереді. Бұл қай заң?
Ньютонның 2-ші заңы
5 Ілгерлемелі қозғалыстың динамикалық теңдеуі қандай
F = dp/dt
6 Егер материалдық нүктеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етсе, нүктеге әр күш басқаларынан тәуелсіз өзіндік үдеу береді. Бұл қандай принцип?
7 Өлшемі дененің жүретін жолымен салыстырғанда ескеруге болмайтын, яғни массасы қарастырылып отырған жағдайда ескерілмейді
8 Дененің бастапқы және ақырғы орнын қосатын бағытталған кесінді қалай аталады.
орын ауыстыру
9 Материя қозғалысының ең қарапайым формасын, яғни денелердің немесе олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын зерттейтін ғылым.
Кинематика
или Механика
10Атқарылған жұмыс қозғалыс траекториясының пішінінен тәуелсіз, тек дененің бастапқы және соңғы орындарына байланысты анықталса, әсер етуші күш ... деп аталады.
11Жер бетінен белгілі бір биіктіктен түсіп келе жатқан дененің потенциалдық энергиясының формуласы
12 Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясының қандай шамаларға тәуелді
13 Толық механикалық энергияның сақталу заңы?
W=Wk + Wp
14Оқшауланған жүйедегі бөлшектердің толық импульсі кез келген механикалық қозғалыс үшін тұрақты шама болады, бұл қандай заң
15Мына формула x''+2δx'+ω0^2·x = 0 қандай тербеліске арналған теңдеу ...
16 Көлбеу жазықтық бойымен қозғалған дене қандай қозғалыстар жасайды?
18Cұйық қабаттары қозғалғанда пайда болатын ішкі үйкеліс күші қалай аталады.
19Кез келген оське қатысты инерция моменті берілген оське паралель және дененің массалар центрі арқылы өтетін оське қатысты инерция моменті мен дененің массасының осьтер арасындағы ара қашықтығының квадратына көбейтіндісінің қосындысына тең. Бұл тұжырымды жасаған кім?
20 Нүкте қозғалысының тепе-теңдік қалпынан ауытқу шамасының синусоида немесе косинусоида бойымен периодты түрде қайталанатын қозғалыс түрі:
гармониялық тербеліс
21 Егер жібінің ұзындығын 9 есе ұзартса,онда математикалық маятниктің тербеліс периоды қалай өзгереді?
29 Тыныштықта тұрған автомобиль 0,6 м/с^2 үдеумен қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді?
30Нүкте қозғалысының теңдеуі: х=4-6t+t^3. Оның 0,5 с уақыттағы үдеуі қандай болады?
31Егер темір жол вагонының буфер пружинасын 1см қысу үшін үшін 30 кН күш қажет болса, оны 4 см қысу үшін қандай күш қажет?
32Материалдық нүктенің қозғалысы х=5+8t+4t^2 теңдеумен сипатталады. Егер дене массасы 1 кг болса, онда қозғалыс басталғаннан 1 с өткеннен кейінгі нүктенің импульсі.
33 Егер дененің кинетикалық энергиясын 4 есе арттырса оның импульсі :
4 есе артады
34 Менделеев - Клапейрон теңдеуi қандай газ күйiн сипаттайды?
36 Адиабаталық процесс кезiндегi газ күйiнiң теңдеуi:
PV^γ=const
37 Цилиндрдегі массасы 2 кг сутегі газының температурасы 20^0С. Егер де оны изобаралық процесте 120^0С–қа қыздырсақ, қандай термодинамикалық жұмыс жасалады. Сутегінің мольдік массасы 0,002кг/моль.
≈3,1МДж.
38 Егер массасы 6кг, көлемі 5м^3, қысымы 200кПа газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын табыңдар.
700 км/с
39 Егер зарядталған шексіз пластина бетіндегі зарядтың беттік тығыздығы 354 нКл/м^2 – ға тең болса, ол пластина өрісінің кернеулігі қандай болатынын табыңдар? ε0 = 8,85·10^-12 Ф/м.
20кВ/м
40 Cу ішіндегі шамалары бірдей екі нүктелік зарядтардың бір-бірінен қашықтығы 90мм, олар бірін-бірі 4·10^-5Н күшпен тартады. Зарядтың шамасын есептеп табыңдар? ε = 81.
5,4·10^-8Кл
41 Бір күш сызығының бойында бірінен-бірі 3см қашықтықта жатқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырмасы 120В-қа тең. Егер өрісітің біртекті екені белгілі болса, электростатикалық өріс кернеулігін табыңдар?
4кВ/м
42 Радиусы 10см шар берілген. Сол шардың бетінен l=5м қашықтықтағы электр өрісінің потенциалы =10В-қа тең. Шардың потенциалын табу керек.
510 В
43 Сыйымдылығы 30 мкФ және 40 мкФ болатын екі конденсатор берілген. Осыларды параллель жалғағанда конденсаторлар батареясының сыйымдылығы қандай болады? Тізбектей жалғағанда ше?
70мкФ,17мкФ
44 Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520cм^2. Кондесатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір-бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек?
0,01м
45 Тербелмелі контур сыйымдылығы 2пф конденсатор мен индуктивтігі 2 мГн катушкадан тұрады. Контурдың тербеліс периоды қандай?
12,56 мкс
46 Қысымы 20 кПа бір атомды газдың молекулаларының орташа кинетикалық энергиясын табыңдар. Осы газдың көрсетілген қысымдағы молекулаларының концентрациясы 3·10^25м3.
10^-21Дж
47 Желіге қосылған электр двигателі 6сағ жұмыс істеді. Осы кезде 3240кДж энергия шығындалды. Двигательдің қуаты қандай?
150Вт
48 Электр шамының қылсымының кедергісі 484 Ом, ол кернеуі 220В желіге қосылған, электр шамындағы токтың қуатын табыңыз.
100Вт
49 Кедергісі 20 Ом жəне тізбектегі ток 6 А электр қыздырғышта 2мин уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді?
86,4кДж
50 Электрлік құралда 5А ток күші 45 мин уақыт ішінде 162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың кедергісін табыңдар.
2,4 Ом
51 Шамды ЭҚК-і 4,5В-қа тең элементтер батареясына қосқанда вольтметр шамда кернеудің 4В, алперметр ток күшінің 0,25А екендігін көрсеткен. Батареяның ішкі кедергісі қандай?
2 Ом
52 Аккумулятордың ЭҚК-і 2В, тізбектегі ток 2А кезінде оның қысқыштарындағы кернеу 1,84В. Аккумулятордың ішкі кедергісін жəне сыртқы тізбектің кедергісін табыңдар.
0,08Ом; 0,92Ом.
53 Зарядталған конденсатор ток көзінен ажыратылған. Егер астарларының ара қашықтағын 2 есе үлкейтсе, конденсатор энергиясы қалай өзгереді?
2 есе кемиді.
54 Сыйымдылығы 0,02 мкФ тең жазық конденсаторды ток көзімен жалғастырғанда 10^-8 Кл заряд алды. Өріс кернеулігі 100 В/м кездегі конденсатор пластиналарың арақашықтығын анықтаңыз.
5 мм.
55 Бірлік оң зарядты өрістің бірінші нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғанда электрстатикалық өріс күштерінің орындайтын жұмысы қай формуламен анықталады: