«Сібірдің сызба кітабына» Қазақстан аумағын кіргізді
1832 жылы
Левшин
Қазақстан жеріне тұңғыш рет физикалық-географиялық сипаттама берді
1856-1857 жылдары
П.П. Семенов Тянь-Шаньский
Орталық және Солтүстік Тянь-Шань, Хан-Тәңірі массивін зерттеді
1857-1858 жылдары
Н.А. Северцов
Арал теңізі, Сырдария, Тянь-Шань, Қызылқұм, Қаратау, Үстірт, Мұғалжар
1875-1876 жылдары
И.В. Мушкетов
Тянь-Шаньның солтүстігі, Жоңғар Алатауы, Ыстықкөл
1900-1903 жылдары
Л.С.Берг
Арал теңізін зерттеді
ХІХ ғ.
Ш. Уәлиханов
Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Ыстықкөл
1926-1929 жылдары
Қ. И. Сәтбаев
Жезқазған, Сарыарқа, Кенді Алтай
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР БЕДЕРІ
Қазақстанның ең биік нүктесі: Тянь-Шань тауындағы – Хан-Тәңірі шыңы – 6995 м
Тянь-Шань сөзі қытай тілінен аударғанда қандай мағына береді: «Тәңір шыңы»
Қазақстанның ең төмен нүктесі: Маңғыстау түбегіндегі – Қарақия ойысы – -132м
Қазақстан жерінің басым бөлігін алып жатыр: жазықты жер бедері
Қазақстан жерінің нешесін биік таулар алып жатыр: 10%
Қазақстанның қай жерлерінде биік таулар орналасқан: оңтүстік-шығысы мен шығысында
Қазақстан таулары көтерілді: палеозойдың герцин тау түзілісі кезінде (Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Мұғалжар)
Қазақстан аумағында жер қыртысының қозғалуы баяу болып, бірде-бір тау жүйесі көтерілмеді: мезозой эрасы кезінде
Қазақстанда альпілік тау түзілісі процесі жүріп, таулар екінші рет көтерілуге ұшырады: кайнозой эрасы кезінде (Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай)
Қазақстанның ең көне жері: Шығыс Еуропа платформасы
Шығыс Еуропа платформасы пайда болды: бұрынғы теңіз түбінің көтерілуінен
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ҮСТІРТТЕР Қазақстан жеріндегі ірі үстірттер: Үстірт үстірті, Торғай үстірті, Бетпақдала, Жем үстірті
Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан: Үстірт
Үстірт үстіртінің ең биік нүктесі: Мұзбел жоны – 340 м
Үстірт биіктігі шектелген: 150 м болатын тік жарлармен
Торғай үстірті орналасқан: Сарыарқа өлкесі мен Мұғалжар тауының аралығында
Торғай үстірті жалғастырады: Батыс Сібір мен Тұран ойпатын
Бетпақдала үстірті орналасқан: Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығында
Бетпақдала үстіртінің ең биік нүктесі: Желтау жотасы – 974 м
Жем үстірті орналасқан: Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында
Қазақстанға оңтүстік-шығыс бөлігі ғана кіретін Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы қырат: Жалпы Сырт қыраты
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛАСА ТАУЛАРЫ Қазақстанның аласа таулары: Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы, Маңғыстау таулары, Мұғалжар тауы
Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы дегеніміз: Қазақстанның орталық бөлігін алып жатқан аласа таулы өлке
Сарыарқаның ең биік нүктесі: Қызыларай тауындағы Ақсораң – 1565 м
Маңғыстау таулары орналасқан: Маңғыстау түбегінде
Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі: Бесшоқы – 556 м
Маңғыстау таулары тұрады: Ақтау және Қаратау жоталарынан
Мұғалжар тауы пайда болды: герцин тау түзілісі кезінде
Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы: Мұғалжар
Мұғалжар тауының ең биік нүктесі: Үлкен Боқтыбай тауы – 657 м
Қазақстан жеріндегі жаңа кайнозойлық құрылымдар: Балқаш, Алакөл, Зайсан тау аралық ірі қазаншұңқырлар
Қазақстан жеріндегі жас платформалар: Батыс Сібір, Тұран
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ЖАЗЫҚТАР Қазақстан жеріндегі жазықтар: Каспий маңы ойпаты, Тұран жазығы, Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі
Каспий маңы ойпаты орналасқан: теңіз деңгейінен -27 м
Каспий маңы ойпатында таралған: тұз күмбездері
Тұз күмбездерінен өндіріледі: ас тұзы, гипс т.б.
Аймақтағы құм төбелерді қалай атайды: Бэр төбешіктері
Қазақстанның оңтүстік-батысын алып жатыр: Тұран жазығы
Тұран жазығының Қазақстанға кіретін бөлігі: солтүстігі
Тұран ойпаты Торғай үстірті арқылы жалғасқан: Батыс Сібір жазығына
Тұран жазығын 2 бөлікке бөліп ағады: Сырдария
Батыс Сібір жазығы (Солтүстік Қазақ жазығы) орналасқан: еліміздің солтүстігінде
Батыс Сібір жазығының Қазақстанға кіретін бөлігі: оңтүстік
Батыс Сібір жазығы төмендейді: оңтүстіктен солтүстікке қарай