Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі, жұқпалы аурулардың кең таралуы, санитарлық тазалықтың сақталмауы және халық санының табиғат апаттар мен аштық салдарынан кемуінен болады: өлім көрсеткіштерінің жоғары болуы (Африка мен Азияның артта қалған елдері)
Өтпелі типі: туу – жоғары, өлу – төмен, табиғи өсу – жоғары
Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі типі тән аймақтарға жатады: Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары
Халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруына байланысты өлім көрсеткіштері азайған, ал туу көрсеткіштері жоғары деңгейде қалып отыр: Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары елдерінде
Қазіргі типі: туу – өте төмен, өлу – төмен, табиғи өсу – өте төмен
Ұдайы өсудің қазіргі типі тән аймақтар: Еуропа елдері, Канада, АҚШ, Аустралия
Мемлекет тарапынан жүргізілетін, халық санын реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы: демографиялық саясат
Мемлекеттік деңгейде ең алғаш отбасын жоспарлау саясатын жүргізуді бастаған ел: Үндістан
Мемлекет тарапынан халықтың санын шектеуге бағытталған саясат жүргізіледі: Қытай, Үндістан, Бангладеш
Халық санын өсіруге бағытталған шаралар жүргізіледі: Франция, ГФР, Италия
Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым, халық санын, табиғи өсуі, жасы мен жыныстық құрамын т.с.с зерттейді: демография ( грекше demos – халық және grapho – жазамын)
Халықтардың шығуын, мәдени тұрмыс ерекшеліктерін және олардың тарихи өзара қарым-қатынастарынзерттейтін ғылым: этнография ( грекше etnos – тайпа, халық)
Ұдайы өсудің кемуі нәтижесінде, санының азаюы: депопуляция (французша depopulation – кему)