Ф КазНПУ 0703
-03-18 (1).
Пәннің оқу
-
әдістемелік кешені. Екінші
басылым
.
Оқушылардың өздерінің оқу еңбегіне есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке
тәрбиелейді.
Физикадан үлгерімді тексеруге –
білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру
кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға –
тексерудің
жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады.
Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен
дағдыларды эксперименттік және
графиктік есептерді шығарудың, бақылау және
лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді.
Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі –
ауызша тексеру. Оның
көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді
ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды
оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады.
Білімді ауызша тексеру тәсілі екі формада: жеке және жаппай өтеді.
1)жеке дара сұрауда оқушылардың бірі тақтада физикалық құбылысты, заңды
немесе құрылғының, приборлардың
жұмыс істеу принципін, есептің шешуін
жүйелеп түсіндіреді, тәжірибелер жасайды.
2)білімді жаппай тексеруді сабақтың кез
-
келген кезеңінде өткізуге болады:
материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену процесінде және т.б.
Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын
өткізу
жолымен жүзеге асады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10
-15
минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір
-
екі рет өткізеді.
Практикалық іскерліктер мен дағдыларды
тексеруді приборлар мен
аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен
өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке
-
дара, сондай
-
ақ жаппай
өткізіледі.
Жеке
-
дара практикалық тексеруде оқушы қандай
-
да бір тәжірибені қайталап
көрсетіп береді, приборлардың,
машинаның құрылысын, жұмыс істеу принципін
түсіндіріп береді немесе физикалық шамаларды өлшеу тапсырмасын орындайды.
Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де,
жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың
жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына
лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: