Полигонометрия торларын жобалау. Полигонометрия торларын жобалау процесінде жүрістерді жүргізудің, центрлерді бекітудің, бақылау өңдірісінің және нәтижелерді өңдеудің мақсатқа лайықты вариант белгіленеді. Біріншіден картада жұмыс ауданындағы триангуляция мен полигонометрия пункттері көрсетіледі. Жобаланатын жүрістер алдымен жоғарғы кластар үшін, ал содан соң төменгі кластар мен разрядтар үшін келесі шарттарды ескеріп белгіленеді:
- жүрістердің сызықтарын көшелердің, жолдардың, өзендердің бойында, орман жолдарында және жалпы алғанда бұрыштық және сызықтық өлшеулер үшін ыңғайлы учаскелерінде орналастырады. Пункттерді түсіру мен құрылыс объектілердің маңайында бөлу жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін орындарында белгілейді;
- жоғарғы кластардың пункттеріне байланыстыру мүмкіндігін қарастырады; егер бастапқы пунктке тікелей жалғасуға мүмкіндік жоқ болған жағдайда, полигонометрия пунктіне одан координаталарды көшеру жобасын нұсқауларды ескеріп құрастырады;
- полигонометрия жүрістері мүмкіндігінше тең қабырғалы және созылған болу керек; қысқа қабырғаларды ұзын қабырғалармен жақын орналастырмайды; жүріс созылған деп саналады, егер оның пункттері тұйықтайтын қабырғаның 1/10 ұзындығынан кем емес, оң және сол жаққа орналасқан болса, ал қабырғалар тұйықтайтын қабырғамен 200-тан кем емес бұрыштарды құрайтын болса;
- көп қабырғалы жүрістер үшін мүмкін болатын сызықтық қиыспаушылық М' есептелінеді; егер салыстырмалы қиыспаушылық шекті шамасынан артық болса, онда жобаны өзгерту қажет. Полигонометрия жүрісінің салыстырмалы қиыспаушылығының шамасы барлық жағдайларда пункттердің координаталарын анықтау дәлдігінің жеткілікті критерии деп санауға болмайды, сондықтан жеке жағдайларда сынық жүрістерді жобалау кезінде жеке пункттердің мүмкін болатын анықтау қателігін есептеу қажет.
#
Полигонометрия торларын триангуляциядан артықшылығы.
#
Полигонометрия жүрістерінің сызықтық қиыспаушылығы.
#
Достарыңызбен бөлісу: |