Физико-географикалық сипаттама. Кез келген жобалау алдымен берілген жұмыс учаскесіндегі топографо-геодезиялық мәліметтермен танысудан және талдаудан басталады.
Топографиялық карта жер беті туралы үлкен көлемдегі мәліметтерді береді, сондықтан картаны дұрыс оқи білу инженерлік есептерді шешуде, әсіресе құрылыс объектілерін жобалау кезінде өте керекті. Карта бойынша жер учаскесімен танысу нәтижесінде оның физико-географиялық сипаттамасы құрастырылады. Оның ішіне келесі мәліметтер кіреді:
- климат;
- жер бедері;
- гидрография;
- өсімдік жамылғысы;
- жол жүйесі;
- елді-мекендер;
- геодезиялық торлар пункттерінің бар болуы.
Объектінің географиялық және әкімшілік жағдайы көрсетіледі. Содан соң
климат: қыс пен жаз мезгілдерінің орташа температуралары, жауын-шашын мөлшері, жауын-шашынның максималды түсу кезеңі, далалық кезеңнің ұзақтығы, жұмыс өндірісі үшін ең тиімді уақыты;
жер бедері: жер бедерінің сипаттамасы, жыралар, шұңқырлар т.с.с. бар болуы, көлбеу бұрыштардың орташа және ең үлкен шамалары, түсіріс үшін горизонтальдар мен жер бедерінің қима биіктігін таңдау;
гидрография: өзендер жүйесінің даму сипаттамасы, өзендердің, көлдердің, суқоймалардың сипаттамалары, учаскенің батпақтануы, батпақты учаскелердің өтімділігі, өткелдер және оларды жұмыс кезінде қолдану мүмкідігі;
өсімдік жамылғысы: өсімдіктердің түрлері және олардың сипаттамасы, орманмен, егістікпен алынған ауданы, жұмыс істеу кезінде мүмкін болатын қиындықтар;
топырақтар мен грунттар: топырақтар мен грунттардың сипаттамасы, грунттің қату тереңдігі, жер жұмыстарын жүргізу қиындығының санаты;
жол жүйесі: жол торының сипаттамасы, көлік құралдардың түрін таңдау, жолдардың жабылу кезеңі, далалық жұмыстар кезінде жүру үшін жолдарды қолдану мүмкіндігі;
елді мекендер: қоныстану және уческедегі негізгі елді-мекендер, жұмыс ауданының экономикалық дамуына қысқаша сипаттама беріледі.
#
Достарыңызбен бөлісу: |