Физико-географикалық сипаттама


Триангуляция торларының класстары. Класстарының өзара айырмашылықтары



бет4/9
Дата14.02.2022
өлшемі29,61 Kb.
#25459
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Инженерная геодезия 2блок

Триангуляция торларының класстары. Класстарының өзара айырмашылықтары. Үшбұрыштар төбесінің координаталарын анықтау үшін әрбір үшбұрыштың үш бұрышы өлшенеді және бастапқы үшбұрыштың бір қабырғасы өлшеніп, қалған қабырғаларының ұзындықтары белгілі тригонометриялық формула бойынша есептеледі. Осы әдісті триангуляция әдісі деп атайды

1 класты триангуляция тең қабырғалы үшбұрыштың қатарынан тұрады. Олар 200 км-ден тұратын меридиандар мен параллельдердің бойымен орналасады. Осылай салынған үшбұрыштардың қатарлары бір-бірімен қиылысып, периметрі 800-1000 км тұйық полигон құрайды.

1 класты полигондардың түйіндерінің қиылысқан жерлерінде базистік қабырғаларды не базистік торлардың шығу қабырғаларын өлшейді. Базистік қабырғаларының ұшынан Лаплас пунктін анықтайды, яғни пункттің ендік пен бойлығын және азимут бағытын анықтау үшін астрономиялық бағдарлау жасайды.

2 класты триангуляцияны үшбұрыштың тұтас торлар құрып, 1 класты триангуляция полигонын толтыру үшін салады. Олар толықтыру және барлық топографиялық түсірістің геодезиялық негіздеу торларын дамыту үшін пайдаланатын тірек торларына жатады.

3 және 4 класты триангуляция ірі масштабты топографиялық түсірістің негізі болып, мемлекеттік геодезиялық торларды әрі қарай толықтыруда пайдаланылады. Олар үлкен кластың торларының ішінде бөлек пункт немесе қоспасы болып салынады.

Үшбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтары триангуляция торлары үшін келесі болу керек: 2-ші класс үшін 7-ден 20 км-ге дейін, 3-ші класс торлары үшін 5-тен 8 км-ге дейін, 4 класс үшін 2-ден 5 км-ге дейін
#



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет