Физиология 2рк t me/studentmua Тыныс алу процесінің негізгі кезеңдері


Тыныс алудың минуттық көлемін тыныштық күйде және жұмыс барысында анықтау



бет10/18
Дата02.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#89019
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
ФИЗИО 2сем 2Рк

Тыныс алудың минуттық көлемін тыныштық күйде және жұмыс барысында анықтау.
ТАМКол 1 минут ішінде дем алған немесе дем шығаран ауа көлемі. Тыныштық күйде ересек адамның минуттық тыныс алу көлемі 6-8 л, ал жұмыс кезінде 120-140 л дейін жетеді. Минуттық тыныс алу көлемі өкпе вентиляциясын бағалауға мүмкіндік беретін өлшм.
Өкпе вентиляциясын өлшеуге арналған жүйені жинақтайды. Зерттелуші аузына дезинфекцияланған ауызға киетін құралды киіп, зерттеу барысында клапанды қондырғы арқылы дем алыды. Зерттелушінің мұрнын арнайы қысқышпен қысады. Зерттеу барысында зерттелуші ауызға жабатын құрал арқылы дем алып үйренгенше 1,2 минутқа үш жолды кранды шығарылатын ауа атмосфераға кететіндей етіп қояды. Одан кейін үш жолды кранды деммен шығарылған ауа Дуглас қапшығына және осы уақыт арасындағы тыныстық қозғалыс санын санайды. Содан кейін үш жолды кранды жауып, Дуглас қапшығын газды есептегішке жалғап, қапшықтағы ауаны сол арқылы өткізіп, ішіндегі ауа көлемінанықтайды. 40 литрлік Дуглас қапшығын 80 литрлік қапшыққа ауыстырып зерттелушінің арқасына бекітіп қояды. Зерттелушіге велоэргометр көмегімен 3минут бойы жұмыс жасатқызады, оның барысында дем қапшыққа шығарылады. Жұмыс кезінде дем алу жиілігін санайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін, дем шығарғандағы ауа көлемін газды есептегіш арқылы анықтайды.

7. Минуттық тыныс алу саны, тыныс алу тереңдігі мен ырғағы


Тыныс алу жиілігі. Дем алу және дем шығару жиынтығы бір тыныс алу қозғалысы деп есептеледі. Тыныс алудың 1 минуттағы саны тыныс алу қозғалыс жиілігі (ТҚЖ) немесе жай тыныс алу жиілігі деп аталады. Дені сау үлкен адамның тынысы ырғақты, дем алу және дем шығару бірдей жиілігімен ерекшелінеді (минутына 16—20 тыныс).
Тынысты есептеу тыныштық жағдайында жүргізілуі керек, есептеу алдында науқас физикалық жұмыс жасамауы керек, тамақ ішпеуі немесе алаңдамауы қажет, өйткені бұл жағдайлар тыныс алу жиілігін жоғарылатады. Физикалық күш түскенде,тамақтан соң тыныс жиілейді, ұйқы кезінде— азаяды. Бірақ тыныстың жиілеуі немесе азаюы ақаулы жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Тыныс алу қозғалысы санының жоғарылауы (20-дан көп) - тахипноэ, тыныс санының 16-дан төмендеуі– брадипноэ, тыныстың толық болмауы – апноэ деп аталады. Апноэ ерікті болуы мүмкін, егер науқас өзі тынысын ұстап тұрса, және ақау кезінде болады, мысалы, клиникалық өлім кезінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет