Физиология 2рк t me/studentmua Тыныс алу процесінің негізгі кезеңдері



бет1/18
Дата02.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#89019
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ФИЗИО 2сем 2Рк


ФИЗИОЛОГИЯ 2РК t.me/studentmua t.me/studentmua

1. Тыныс алу процесінің негізгі кезеңдері.


2. Тыныс алу түрлері (құрсақтық, кеуделік, аралас).
3. Тыныс алу циклы. Тыныс алу жолдарының физиологиясы.
4. Өкпенің желдетілуі / минуттық, альвеолярлық /, оның мүшенің әр түрлі бөліктерінде біркелкі еместілігі.
5. Тыныс алу мүшелерін зерттеу әдістері
6. Спирометрия, спирография
7. Минуттық тыныс алу саны, тыныс алу тереңдігі мен ырғағы
8. Дем алғандағы, дем шығарғандағы және альвеолалық ауаның құрамы. Анықтау әдістері
9. Қорғаныштық тыныс рефлекстері
10. Өкпедегі газ алмасу. Өкпе мембранасының қасиеттері. Өкпенің диффузиялық сыйымдылығы.
11. Қан арқылы О2 және СО2 газдарының транспорты. Гемоглобиннің түзілуі мен диссоциациясына әсер ететін факторлар. Қан мен тіндер арасындағы газ алмасу.
12. Қанның газ құрамының тұрақтылығын сақтайтын функционалды жүйе.
13. Гиперкапния мен гипоксия кезінде өкпенің вентиляциясының өзгеруі.



  1. Тыныс алу процесінің негізгі кезеңдері.


Тыныс алу жүйесі – мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ортадан оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын сыртқа бөліп шығаруды қамтамасыз ететін жүйе.
Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен тұрады:

  • демалу (инспирация)

  • демшығару (экспирация)

Инспирация мен экспирация тірі организмде цикл ретінде жүреді, өмір бойы бірінен соң бірі белгілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады. Кейін осы реакциялар нәтижесінде тузілген СО2 ағзадан шығарылады.
Тыныс алу 5 кезеңнен тұрады:

  1. Өкпенің желдетілу кезеңі, бұл кезеңде атмосфера мен өкпе арасында газ алмасу жүреді.

  2. Альвеоладағы газдар мен қан құрамындағы газдар алмасуы.

  3. Қан арқылы О2 өкпеден тіндерге өтеді, СО2 тіндерден өкпеге өтеді.

  4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу.

  5. Клетке құрамындағыорганикалық заттардың тотығуы, немесе ішкі тыныс алу деп те атайды.

Тыныс алудығ бірінші және екінші кезеңдерін біріктіріп, сыртқы тыныс алу деп те атайды.
Өкпенің желдетілуі альвеола мен атмосферадпағы ауа арасындағы қысымдағы айырмашылықтың арқасында жүзеге асады. Яғни дем алған кезде кеуде қуысы кеңейіп альвеола ішіндегі қысым төмендейді. Төмендеген кезде градиент бойынша атмосферадағы ауа өкпеге қарай өтеді. Осы кезде газ алмасу жүреді. Оттегі өкпеге енеді, көмірқышқыл газы шығарылады. Себебі, дем шығару кезінде альвеолярлық ауа керісінше өседі, сол арқылы дем сыртқа шығады.
Өкпенің вентиляциясы активті түрде жүргенде, дем алу және дем шығару кезінде бірнеше бұлшықеттер қатысады:
- Дем алғанда, көкет, сыртқы қабырға аралық бұлшық еттер қатысады.
- Дем шығарғанда, көкет пен инспираторлық бұлшық еттер босаңсиды.
- Форсирленген дем алу кезінде, қосымша бұлшық еттер іске қосылады: баспалдақтық, төс-бұғана-емізікшелі, трапеция тәрізді, үлкен және кіші кеуде бұлшық еттері, омыртқаны жазатын бұлшықеттер.
- Форсирленген дем шығару кезінде: ішкі қабырғааралық бұлшықеттер, іштің қиғаш және тік бұлшықеттері, омыртқаны бүгетін бұлшық еттер қатысады.
Бұл бұлшықеттер атмосфералық ауа мен альвеолярлы ауаның арасындағы градиентті тудыру үшін қажет.
Өкпеге кірген ауаның құрамы мен шыққан ауаның құрамын салыстыратын болсақ, альвеолярлық газдар мен қан құрамындағы газдардың өту бағытын байқасақ болады. Негізі атмосфералық ауадағы газдар біркелкі мөлшерде болса, өкпеден шығарда олар ұдайы өзгеріп отырады. Оттегі азайып, СО2 көбейеді.
ПАЙЫЗ
Өкпедегі газ алмасудың көрсеткіші альвеолярлық ауадағы газдардың көлемі мен мөлшері. Екі ауадағы газдарды салыстыратын болсақ, оттегінің атмосферадан қанға, СО2нің қаннан атмосфераға өтетінін байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет